өзгеше мағына телу қай тілде болмасын кездесіп отырады. Мысалы,
әуелде
фауна
«орман мен дала жаратушысы»,
флора
«гүл мен көктем
тәңірі» деген мифтік сипаттағы латын сөзінің тілде өзгеше терминдік
ұғымда жұмсалатындығы аян.
Ғарыш
сөзінің қазақ топырағындағы мағынасы «алыс аспан,
шырқау биік».
Дариядан артық ақылың,
Төбең биік
ғарыштан.
Қартайғанда бір көріп.
Зират етіп
қайтуға
Жамбыл келді алыстан
(Жамбыл).
Ғарыш
сөзінің осындай қолданысына қарағанда, оның діни
мазмұнға байланысты ұғымы бұл атаудың жаңаша, «қосмос»
мағынасында жаңғыруына бөгесін бола қоймайды. Ал
ғарыш
пен
космос
сөзінің, екі сөздің, бір ұғымда жұмсалуы ше?
Тілімізде белгілі бір ұғымның бірнеше сөзбен аталатын орайлары
бар:
жазушы – қаламгер, суреткер, егінші – диқан; мұғалім, оқытушы –
ұстаз
т. б. Бұл – әдеби тілдің стильдік айырым
жігін
даралай түсетін
белгілер. Олай дейтініміз сөздердің қолдану аясы,
жұмсалу орны
осындай мәндес сөздер арқылы саралана түседі.
Жазушы, мұғалім,
оқытушы
сөздері әдеби тілдің барлық тармақтарына (стильдеріне)
тән бейтарап сөздер болса,
қаламгер, суреткер, ұстаз
публицистика,
көркем әдебиет стиліне тән мазмұны көтеріңкі қолданыстар.
Мысалы, ресми стильде
СССР Жазушылар одағының мүшесі
деп
айтуға болатыны белгілі де, осы ұғымды
СССР Қаламгерлер одағының
мүшесі деп
қолдану лайықсыз болар еді. Тіліміздегі
космос
пен
ғарыш,
космонавт
пен
әуегер
сөздері де осы тәрізді.
Космос, космонавт
сөздері әдеби тілдің барлық тармақтарына тән қолданыс болса,
ғарыш, әуегер
сөзінің публицистика, көркем әдебиет тілінде
жұмсалуы орынды. Бұл сөздерді ғылыми әдебиетте, ресми тілде
қолдану – стильдік нормадан ауытқу.
Елімізде ғылым, өндіріс, шаруашылықтың әр алуан салаларының
қарқынды дамуы тіліміздің сөздік құрамына да әсер етті. Тілімізде
терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздер де көбейді. Тіпті
баспасөз бетінде олардың тым жиі жұмсалуы, әсіресе публицистика
(газет-журнал, радио, телевизия саласындағы тіл) стилінде
терминдерге экспрессиялық балама іздеу тенденциясын күшейте
түсті. Сондықтан болар, астықты
алтын дән,
көмір мен мұнайды
қара
алтын,
малды
аяқты қазына,
телевизорды
көгілдір экран, теледидар
т.б. деп атау дағдылы, қажетті қолданысқа айналып отыр. Бұларды
термин сөздердің «қосарында» жүретін ерекше экспрессиялы
сыңары деуге болады. Егер қазақ тілі
тек қана ғылымның немесе
ресми қарым-қатынастың ғана тілі болса, онда экспрессиялы
қолданысқа зәру де болмас едік. Бірақ, жоғарыда аталғандай,
экспрессиялы сөз қатарларын қызметіне сай жұмсамау әдеби тілдің
стильдік нормасына нұқсан келтіреді, кей жағдайда тіпті өрескел әрі
түсініксіз көрінеді (мысалы, ешбір адамның
«5 тонна қара алтын
түсіріп алдым,
бір қап алтын дән алдым»
деп сөйлемейтіндігі белгілі).
Сөз мәдениеті алдымен тіл амал-тәсілдерін дұрыс қолданудан, сөз
жатықтығынан басталады. Ал жатық сөздің негізгі арқауы – әдеби
тілдің нормасы. Бірақ жоғарыда айтылған бірлі-жарым мысалдардың
өзінен-ақ әдеби тіл нормасының табиғаты күрделі
кұбылыс
екендігін, оның әр түрлі ерекшеліктері болатындығын да байқадық.
Әсіресе қатаң норма мен босаң норманы дәл айыра білу, босаң
нормаға байланысты тілдік варианттардың ерекшелігін, жарыспалы
сыңарлардың бір-бірінен артықшылығын сөзіне білу, олардың қыр-
сырын дұрыс
байқай отырып саралай жұмсау, түптеп келгенде, сөз
жатықтығына қойылар талаптар.
Қазіргі қолданысымызда босаң нормаға жататын
мүлде басқа –
мүлдем басқа, мынадай – мынандай, шын мәніндегі – шын мәнісіндегі,
жалғыз – жаңғыз, түгелдеу- түгендеу
т. б. варианттардың алдыңғы
сыңарына баспасөз беттерінде редактор қаламының еркіндік бере
бастағаны сезіледі. Бұлай болуы орынды да,
өйткені
мынандай
дегенге қарағанда
мынадай
нұсқасы ықшам. Тіл-тілге ортақ
заңдылық бойынша ықшам, жинақы қолданыстар (варианттар) тілдің
коммуникациялық қызметіне қолайлы көрінеді. Ал
жалғыз – жаңғыз,
түгелдеу – түгендеу
варианттарындағы
жалғыз, түгелдеу
тәрізділердің
артықшылығы – бұлардың өзге тұлғада кездесуі мен дербес
қолданылуы:
жалғыз, жалқы, түгелдеу, түгел, түп-түгел.
Осылардың
жарыспалы сыңарлары
жаңғыз (жаңқы
түрінде қолданылмайды),
түгендеу (түген, түп-түген
деп айтылмайды) тәрізділерден мұндай
ерекшелік байқалмайды. Варианттардың
бір-бірінен осындай
өзгешеліктері сөзіле бастаған кезде-ақ әдеби тіл нормасына
немқұрайлы қарамайтын оқушы артықшылығы бар сыңарларға жіп
таға бастайды. Ал қатаң норма түріне байланысты ақау жіберу әдеби
тіл нормасына жаттықпаған, тіл мәдениетіне жүрдім-бардым
қарайтын адамдарда жиі ұшырасады.
Ой қырымда елімнің аты қандай,
Әр атауда талай сыр
жатырғандай,
Жай
көл емес, киелі мынау айдың.
Жазираға жарасқан жарқын маңдай
Достарыңызбен бөлісу: