Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата21.12.2022
өлшемі450,47 Kb.
#163851
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

ұстаз
сөзімен тайталас
тәлімгер
сөзі де жұмсала
бастады.
«Тәлімгерлердің
ішінде 28 Совет Одағының Батыры мен
Социалистік Еңбек Ерлері бар. 16-сы бүкілодақтық
«Жастардың
ұстазы»
деген белгіге ие болды» (газеттен).
Тәлімгер
сөзінің
«ұстазбен» жарыса қолданылуы, әрине, кездейсоқ емес. Сөз себепсіз
пайда болмайды.
 Ұстаз
– ұғымы кең, әрі көп мағыналы сөз. Ал ондай
сөзге мағыналық жүк арта беру коммуникациялық жақтан қолайсыз
болуы ықтимал. Мұндайда тіл белгілі бір ұғымдарды
 тәлімгер 
тәрізді
дара мағыналы сөзбен белгілеуді қажетсінеді. Сонымен, жаңа сөздер
тіл тәжірибесінен өтіп, қолданыс тезінен шыққанша белгілі бір
уақытты қажет етеді. Сол уақыттың ішінде жаңа сөздің кейбірі
орнын тауып, орныға түссе, кейбірі өтпелі ғана сипатта болып,
ығыса бастайды. Күнделікті тіл қолданысымызда пайда болған
жаңалықтарды кодификациялау ісінің тәжірибемізде кенжелеп
отыратындығы да осы себептен.
Арнайы зер салған адамға, тіл жұмсауымызда пайда болып жатқан
жаңа сөздер аз емес. Бірақ олардың кейбірінің құрылымдық жүйесі
ана тіліміздің сөз тудыру нормасына сәйкес (тыңгер, теледидар,
хабарлама т. б.) болса, кейбірі олай емес. Мысалы: Соңғы кезде
Балғабай
лездемені
тіпті қысқа қайыратын болып жүр (газеттен)
дегендегі
лездеме
– тілдің құрылымына жат «жаңалық».
Лезде

жатыс септігінің жалғауы арқылы жасалған үстеу. Мұндай типтегі
сөздерге етістіктен есім тудыратын
-ма, -ме (бөлме, үйме, тартпа,
қойма
т. б.) тәрізді қосымша жалғанбайтындығы белгілі. Мысалы,


демде, әп-сәтте, әуелде, әуел баста
тәрізді жатыс жалғаулы үстеулерді
демде-ме, әп-сәтте-ме, әуелдеме, зуел баста-ма
деп,
-ма, -ме
қосымшасын жалғап айтуға болмайтындығы өз-өзінен түсінікті.
Сондықтан
лездеме
деу қазақ тілінде сөз жасаудың объективті
нормасына сәйкес келмейді.
Жасыратыны жоқ, кейбір жаңа сөздер уақыт сынынан өтіп тіл
қолданысымызда орныға түскенімен, сүрленгенше сөздіктерге енбей,
тиісті лингвистикалық әдебиетте көрсетілмей де жатады. Бұлай
болуы кейбірімізге ондай жаңа сөздердің құрылымы тілдік жүйеге
сай болмай, даулы көрінуінен.
Кезінде тек тіл мамандары ғана емес, өзге де жұртшылық назарын
аударып, пікір таласын тудырған
оқырман, көрермен
тәрізді сөздер
тілдік дағдыға енсе де, кодификацияланбағандығын орфографиялық,
орфоэпиялық сөздіктерде, грамматика оқулықтары мен оқу
құралдарында, анықтағышта әдеби тіл фактісі ретінде
тіркелмегендігін байқаймыз.
Оқырман, көрермен
тәрізді қолданысты сөз етпес бұрын мынадай
жинақтауыш пікірге назар аударайық. «Қазіргі ғылым мен техника
заманында дүниедегі, айналадағы, ой-санамыздағы әрбір зат, әрбір
құбылыс, әрбір ұғым өзгелерден ажыратылып, өз атауымен аталуы
орын алды, өйткені бұл күнде әрбір зат (құбылыс, ұғым) түгіл, оның
ұсақ бөлшектерінің (детальдарының) өз орны бар, ол орынның мәні
бар, оларды өзге, мейлі тіпті өте жақын, ұқсас заттармен (құбылыс,
ұғымдармен) шатастыруға мүлдем болмайды. Мұны номинация
тенденциясы деп атап жүрміз, осы тенденция қазіргі орыс тілінде
өте күшті. Қазақ тілі үшін бұл бағыттың жеке күші бар ма, әлде тек
орыс тілінде байқалғандықтан, қалька арқылы көшіре салынуы керек
пе? Біздің ойымызша, қазақ тілі өз бетімен әр нәрсені дербес атау
(номинация) әрекетіне ие бола алады. Өйткені қазақ халқының да
бастан кешіріп отырған дәуірі – НТР заманы, орыс тілін
тұтынушылармен қоғамымыз бір, өміріміздің салты, темпі, талабы
бір. Демек, мектепте оқитын оқушыдан жалпы кітап (газет, т. б.)
оқитын адамды ажыратып, оны өз атауымен білдіру үшін оқырман
сөзін жасауға тіліміздің даму принциптерінің өзі мәжбүр етіп отыр»
Белгілі бір экстралингвистикалық мотивтің нәтижесінде пайда
болған
 оқырман
тәрізді қолданысты, сырт қарағанда бөтенсінудің де
реті бар сияқты.
 Жыларман, өлермен, күлермен, білермен
т. б. тәрізді
сөздердегі
-ман, -мен
тұлғасы іс-қимыл, процестің өзі емес, соған
шектес, жақын әрекетті білдіреді. Көркем сөз зергерлерінің де бұл
тұлғалас сөздерді осындай мағынада қолданғандығын көреміз. «Жөн
айтыса ма олар, адамша? Бірін-бірі боқтап,
төбелесермен
болып
жатыр» (М. Әуезов). Мұндағы
 төбелесермен 
«төбелесудің» өзі емес,
«төбелесетін шаққа жету» деген мағынаны аңғартады. Бұл тұлғалас


сөздердің
(жыларман, сабарман, білермен
т. б.) білдіретін
мағынасына қарағанда,
оқырман
деу қисынсыз қолданыс тәрізді
көрінеді. Бірақ бұл жерде екінші бір құбылысты да ескеру қажет.
Ол – ман тұлғалы сөздің тілімізде субстанцияланып, заттың аты
ретінде жұмсалу фактісінің де бар екендігі, мысалы,
атарман
(стражник), 
шабарман.
«Жаһангер сонда да жай жата алмады, бар еді
атақты көп
атарманы.
Олардың екі жүзін ертіп алып, Ой қылды
залдан барып бата алғалы (Т. Ізтілеуов)
3
.
«Бірең-саран
шабарман
старшынды өз қолымен де ұрып жіберіп,
болыс, би, қарияларды бойын жазғызбай ақыра ықтырып бет
қаратпай жасқандырып тұрды» (М. Әуезов).
-Ман, -мен
тұлғалы сөз кейде септік жалғауы не өзге де
қосымшалар арқылы субстанцияланған күйде де жұмсалады:
Берерменге
бесеу көп,
аларманға
алтау аз (мақал).
-Ман, -мен
тұлғалы сөзді субстанциялап жұмсау жазушының өзіндік тіл
қолданысында да кездеседі. «Әуелі жылда екі рет егін салып, содан
ішермендік,
тұқымдық алған соң, жер емшегін емуден дәндей берді
(М. Әуезов).
-Ман, мен
тұлғалы сөздердің тілімізде осылайша субстанциялану
ерекшелігін ескерсек,
оқырман, көрермен
сөздерін кодификациялау
(орфографиялық сөздік, анықтағыштарда тіркеп, заңдастырып
отыру), норма ретінде мойындау қажеттілігі байқалады.
Жоғарыда сөз болған неологизмдердің дені қоғамдық өміріміздегі
жаңа ұғым, жаңа құбылыстарға, содан туып отырған номинация
тенденциясына байланысты пайда болса, тілдегі кейбір
жаңалықтардың өмірге келуінің себеп-салдары кейде бұдан
өзгешелеу болып та жатады. Кейінгі жылдарда тіліміздің сөздік
құрамы
космос, космонавт, космос кораблі, орбита
т.б.
терминдерімен, номенклатуралық сөздермен толыға түскені мәлім.
Олай болса,
телевизор
сөзі тұрғанда неге
теледидар
деп жаңа сөз
жасаймыз, немесе
космос
сөзінің қолданылып жүргендігіне
қарамастан оған
ғарышты
неге қосақтаймыз? Сөзді басы артық
қолданып жүрген жоқпыз ба? Газет-журнал беттерінде кейде осы
тәрізді пікірлер де шаң беріп қалады.
Ғарыш
сөзінің төркін тіліндегі (араб тіліндегі) мағынасы діни
ұғымға қатысты сөз, сондықтан да бұл сөздің космос мағынасында
жұмсалуы, сырт қарағанда, орынсыз көрінуі де ықтимал. Алайда шет
тілден енген сөздер өзге
тілге
келіп жерсінгенде, бастапқы
мағынасының ескерілмейтіндігі де белгілі. Бөтен тілден енген сөзге
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет