Реферат СӨж тақырыбы: Беғазы-Дәндібай мәдениеті



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата21.12.2022
өлшемі246,93 Kb.
#163867
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20221027-WA0009




Реферат 
СӨЖ 
Тақырыбы: Беғазы-Дәндібай мәдениеті 



Мазмұны 
Кіріспе................................................................................................
...................... 2 
1.Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштер............................5
2.Беғазы-Дәндібай мәдениеті
..
................................................................................. 10 
3.Беғазы-Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің дамуындағы кезеңдер.
...................................................................................................................................... 14 
4.Беғазыдағы ескерткіштер тобы ............................................................................ 18 
5.Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің ерекшеліктері ............................ 25
Қорытынды
................................................................................................. 27 
Пайдаланылған әдебиеттер
........................................................................... 29 



Кіріспе 
Жұмыстың өзектілігі.
Қазақстан аумағынан палеолит, мезолит, неолит, қола
сондай-ақ темір дәуірлерінің көптеген ескерткіштері табылып, зерттелген. 
Қола дәуіріне тән мәдениеттер, ескерткіштер Қазақстан аумағынан әсіресе, 
Орталық Қазақстанннан көп табылып, зерттелген десекте болады. Екшей
келгенде қола дәуріндегі ірі мәдениет Андронов мәдениеті мен Беғазы-
Дәндібай мәдениеті болып есептеледі. Бұл екі мәдениетте бір-бірінен
ерекшеленіп тұрады. Негізінен Андронов мәдениеті өзінің табылған жеріне
байланыты Андронов мәдениеті деп аталып кеткен. Кейінгі қола дәуірінде
Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті
болып табылады. Беғазы- Дәндібай мәдениеті мен Андронов мәдениетінің
ерекшелігі негізінен жерлеу орындарының әртүрлі болуы, сол кезде мекен
еткен тайпалардың дәстүрінің әртүрлі болуында.
Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған
зират орнына бір адам жерленетін зират пайда болды. Сондай-ақ, Беғазы-
Дәндібай мәдениетінің басқа мәдениеттерден айырмашылығы жерлеу
орындарының көпшілігі обалар болғандығында. Андроновтықтар
үлкен жертөлелерде тұрды,үйлерінің қасында шаруашылық жайлар болды.
Ал, Беғазы-Дәндібай мәдениетін қалдырған тайпаларының үйлері мен жерлеу
орындарының құрылыстары өте ірі, тас қашау өнері жетілген болды. Бірақ, 
Беғазы-Дәндібай мәдениеті Андронов мәдениетінен кейінгі мәдениет
болғандықтан бұл мәдениетте тікелей Андронов мәдениетінің кейбір
дәстүрлері сақталып қалды. Андронов мәдениетінің дәстүріне қоса жаңа
элементтерде енгізілді десекте болады. Айта кетсек, мазарлардың айрықша
типі және өзіндік ерекшелігі бар жерлеу салты- мәйітті шалқасынан жатқызу
сияқты ерекшеліктері болды. 
Негізінен, б.з.б. 2 мыңжылдықта бүкіл Еуразияның далалық
аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс
жасалады, осыған орай ғалымдар бұл кезеңді қола дәуірі деп атайды. Қоланың 
пайда болуына байланысты еңбек құралдарыда жетіле түсті. Барлық кезеңнің, 
мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктері болғанындай, қола дәуірі және Беғазы-
Дәнібай мәдениетінің де Андронов мәдениетінен өзгешелігі болды.
Беғазы-Дәнібай мәдениетінің басқа мәдениеттен ерекшелігі, оның
хронологиясын анықтау, қола дәуіріндегі адамдардың қоланы қалай
пайдаланғандығы, сол кездегі адамдардың қалдырған көрнекті ескерткіштері, 
және қоланы пайдалана отырып жеткен жетістіктері, бұл дәуірдегі өмір сүрген
тайпалардың қалдырған мәдениетін оның ішінде бүгінгі біздің қалам тартып
отырған Беғазы-Дәндібай мәдениеінің келіп шығуы, оның кезеңдері, Беғазы-
Дәндібай мәдениеінің өз ішіндегі дамыған дәуірлеріне жататын қоныстарды
анықтау, осылардың барлығы бүгінгі біздің жазып отырған тақырыбымыздың
өзектілігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет