Реферат СӨж тақырыбы: Беғазы-Дәндібай мәдениеті



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата21.12.2022
өлшемі246,93 Kb.
#163867
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20221027-WA0009

Қорытынды 
Адамзат тарихының кезеңдерінің бірі болған қола дәуірі тек қана қола
өндірісінің пайда болуымен ерекшеленмей осындай Беғазы-Дәндібай сондай-
ақ, Андронов мәдениеттері сияқты басқа да мәдениеттің таралуымен де, 
ерекшеленеді. Ал, Беғазы-Дәндібай мәдениеті Андронов мәдениетінен
негізінен, дәстүрлерге байланысты жерлеу орындарының әртүрлі болуымен
ерекшеленеді, және Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын үйлердің, жерлеу 
орындарының кұрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас өнерінің 


15 
жетілгендігімен ерекшеленеді. Олардың қабырғалары екі қатар болып, тастар бір-
бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі және сыртқы жақтарына 
тастың тегіс бетін қаратып қалаған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы 
кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды 
бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бүл 
біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.
Қорыта келгенде, Бүкіл Еуразия аумағына тараған Беғазы-Дәндібай мәдениеті 
қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Беғазы-Дәндібай кезеңі, ғалым Әлкей 
Марғұланның зерттеулері бойынша, қола дәуірінің Нұра және Атасу кезеңдерінен 
кейінгі үшінші кезең. Оның олай аталу себебі, Қызыларай тауының етегіндегі 
Беғазы қорымы мен Қарағанды қаласы маңындағы Топар елдімекеніндегі су 
қоймасы астындағы Дәндібай ескерткіш қорымдарының бірлесуінен болып отыр. 
Қазіргі күнде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша Беғазы-Дәндібай 
қорымындағы 
реставрациялық 
жұмыстарды 
Алматы 
археологиялық 
институтының археолог мамандары атқарып жатыр.Әлкей Марғұлан атындағы 
археологиялық институттың бөлім меңгерушісі Арман Бейсеновтің айтуынша
реставрация жасаудағы басты мақсат – болашақта Беғазы-Дәндібай 
қорымдарымен қоса Қарқаралыдағы Кент, Апат пен Баянауыл жерлеріндегі 
тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру арқылы халықтың мәдени мұрасын 
тоналып, жойылып кетуден сақтау. Осы жердегі алты ірі қорымның бүгінгі күнге 
дейін төртеуі толық қайта қалпына келтірілді, – дейді Әлкей Марғұлан атындағы 
археология институтының бөлім меңгерушісі Арман Бейсенов.Ғалымдардың тағы 
бір ұсынысы – осы жәдігерлерді сақтай отырып, қайта қалпына келтіру арқылы 
осы жерлерде аспан астындағы мұражай ашу. Жоспар бойынша, бұл жерге 
туристік кешен ашу көзделіп отыр. Беғазы- Дәндібай мәдениеті Қазақстанның
қола дәуіріндегі маңызды мәдениет деп білеміз, бұл мәдениетте біздің ата-
бабаларымыз тарихының бір ұшы десекте болады. Осындай тарихи
ескерткіштерді қорғауда «Мәдени мұра» бағдарламасының орны ерекше.... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет