Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



Pdf көрінісі
бет118/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   166
Байланысты:
thesis147359

 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
Жүректің түріп құлағын, 
Ойланып тағы қарашы. 
Кімсің сен, қайда тұрағың? 
Енді қайда барасың? 
Омар Хайям 
Ежелгі дәуірден бастау алатын, орталығы қазақ жерінде орналасқан, қазіргі уақытта 
тарих ғылымында «Ұлы Дала» деген атауға ие болып отырған мәдениетті зерттеу, оны дамыту 
алдағы күнде де жалғаса беруі заңдылық. Себебі түркі халықтарының бұл текті тарихы қазіргі 
барша түркі әлемінің ортақ мирасы және байлығы болып, аймақтық интеграция үдерісіне де 
өз үлесін қосады.
Атақты саяхатшы А.Вамберидің «Сенің халқың неге көшпенді өмір сүреді?» деген 
сұрағына қарапайым қазақ әйелі «Біз сендер сияқты жалқау емеспіз. Сондықтан күн ұзаққа 
бір жерде отыра алмаймыз. Адам қарекет ету керек, ойлап қараңызшы күн, ай, жұлдыздар, су, 
жануарлар, құстар, балықтар – барлығы қозғалыста, тек ғана жер мен өлгендер бір орында 
болады» деп жауап берген екен [1, 7-б]. Қысқа да мәнді жауап. Бұдан көшпенділер өмірінің 
мәні барлық тіршілік сияқты қозғалыста екенін және табиғатпен етене байланысып жатқанын 
көреміз.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылы жарық 
көрген «Тарих толқынында» атты еңбегінде дала мәдениетінің тарихта шеттетілуі туралы 
«Халқымыздың тарихы - соғыстардың, әскери жеңістер мен жеңілістердің ғана тарихы емес. 
Оның қашан да жасампаздық сипаты бар. Мемлекет құрып, оны нығайту, қалалар салу, керуен 
жолдарын тарту, ғылыми трактаттар жазу, төл мәдениетін қалыптастыру – бәрі – бәрі де 
жасампаздыққа жатады.
Евроцентризмнің ықпалымен ғасырлар бойы көшпелі және отырықшы халықтардың 
арасындағы күрес жөнінде түсінік қалыптасып келді.
Оның үстіне көшпелілер ұдайы әлемдік өркениет пен мәдениеттің жетістіктерін 
талқандаушылардың ордасы ретінде көрсетіліп келді» [2, 202-б] – деп ашып жазды.
Дж. Неру өзінің «Әлемдік тарихқа көзқарас» атты еңбегінде: «Еуропа мен Азияға 
кәдімгідей көзді ашып бір қарайықшы. Атлас ашсақ Азия құрлығына жапсарласып жатқан 
кішкентай Еуропаны көресің. Ал тарихты оқитын болсаң – ұзақ уақыт бойы, белгілі бір 
кезеңде Азияның үстем болғанына көзің жетеді. Орыс халықтары толқын-толқынымен 
шабуыл жасап Еуропаны басып алған. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке 
жеткізген де солар. Азияның базбір өңірінен шыққан арийлер, скифтер, хұндар, моңғолдар, 
түріктер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзақ уақыт Азияның 
отары сияқты болып келді. Қазіргі Еуропаның көп халқы өз түп-тегін сол Азиядан келген 
басқыншылардан алады..... Азияның ұлылығын ұмыту да әбестік. Азияның адамзаттың ұлы 
рухани көсемдерін бергенін естен шығармау керек. Оның ұлы ойшылдарын айтпағанның 
өзінде әлемдегі ең басты, екі діннің негізін қалаушы ұлылар Ғайса мен Мұхаммед 
пайғамбарларды берген де Азия ғой» дейді [3, 21-б]. Бұл жерде Дж.Нерудің «Орыс халқы» деп 
өзі өмір сүрген ХХ ғасырдың ортасында КСРО-ны мекендеген түркі тектес халықтарды айтып 
тұрғандығын топшылауға болады.


243 
Алайда осындай тарихты қалыптастырған дала тұрғындары, түркі жұртының даңқты 
өткені туралы деректерді тоталитарлық режим тұсында тарихшылар айналып өтуге тырысты. 
Көне тарихта, адамзат дамуының мемлекеттілік құрар тұсында осынша ауқымды масштабты 
иемденген бірде-бір отырықшы халық болған жоқ. Аталған кезеңде б.з.б. І мыңжылдықта 
Еуропа мен Азияның ортасындағы кең дала арқылы халықаралық сауда жолын 
қалыптастырған сақтар; ежелгі дүниедегі құлдық кезеңді жойып, Рим империясын құлатқан, 
сөйтіп Еуропада жаңа дәуірдің басталуына жол ашқан, кейіннен Еуропа халықтарының басым 
көпшілігінің батырлық жырларының басты кейіпкеріне айналған Аттила бастаған ғұндар; 
таңбаларға жазу арқылы өз тарихының ұзақ сақталуын ойлаған түркілер, архитектуралық өнер 
мен қала мәдениетінің ерекше үлгілерін жасаған орта ғасырлық Қазақстан мемлекеттері осы 
дала мәдениетінің, дала өркениетінің мықтылығына, өміршеңдігіне дәлел бола алады. Өзін 
қоршаған әлем, солтүстігі мен оңтүстігіндегі отырықшы халықтарға қарсы тұру, ұрпақтарын 
аман сақтау жолындағы өмір үшін күрес Қазақ даласын мекендеген халықтардың тарихи 
қауіп-қатерлерге төтеп беріп қана қоймай, өздерін жан-жақты жетілдіріп отыруды талап етті.
Қазіргі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алуынан басталған, тарихта «Ұлы Дала» деген 
атау алған мәдениетті зерттеу Қазақстанда жоғары деңгейде жүріп жатырғандығы белгілі. Біз 
аталған мәдениетті зерттеуге арналған мақаламызда өзекті де талас тудырып отырған немесе 
тарихшы қауым үшін зерттеу обьектісі ретінде маңызды бағыттарды ашып көрсетуді мақсат 
еттік.
Жаңа дәуірде Алтайдан Днепрге дейінгі Евразия сахарасында әрі сулы (өзенді), әрі 
таулы, әрі далалы өркениет болғанын білуге тиіспіз. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы 
халықтың 20%-ы қалаларда, ал дәл сол кезде Батыс Еуропаның ортағасырлық қалаларында 
халықтың 12%-ы шоғырланғандығын айта келе, түркілердің атажұрты Орталық Азияны 
өркениет қала мен дала мәдениетінің қосындысы екендігін көрсетуіміз, дәлелдеуіміз және 
мойындатуымыз керек.
Кеңестік кезеңде, түркілердің тарихы орыстардың тарихынан ескі және бай болуы 
мүмкін емес деген түсінікпен, әлемдік өркениеттегі көшпенділіктің орны мен рөлі біржақты 
түсіндірілгендігі белгілі. Осы кезеңдегі идеологиялық қысымға қарамастан Л.Н.Гумилев 
көшпенді халықтардың тарихы, мемлекеттілігі, этникалық тегі, мәдениеті туралы кешенді 
зерттеулерін ғылыми қауымға ұсынды. «Ұлы дала» терминін ғылымға әкелген санаулы 
ғалымдардың басында Лев Николаевич Гумилев тұр деп айтуға толық негіз бар. Л.Н.Гумилев 
ұшы-қиыры жоқ, жазы ыстық, қысы суық қатаң континентальды климаттық ерекшелігі бар 
даланы жадағай hәм дәлелсіз «ұлы» демейді, керісінше салыстырмалы түрде тұрмыс-тіршілік 
пен шаруашылыққа қолайсыздау табиғи ортамен үйлесімді өмір сүрген, сол даламен 
жарасқан, қайталанбас далалық өркениет пен мемлекеттілігін қалыптастырған көшпелі 
халықтардың елдік парасат-пайымын ғылыми жүйемен дәлелдей алды. 
Сондықтан да көшпенді қоғамды «Ұлы дала» деп атаған, «көшпенділер» бір ғана 
этникалық топ емес, тұтас Еуразия халықтары деген ұстаныммен жұмыс жүргізген 
Л.Н.Гумилевтің еңбектерін құрметпен атап өту қажет [4]. 
Бұл мәселеге қалам тартқан А.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов сияқты археолог 
ғалымдар өз зерттеулерінде «Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды көбірек пайдаланып 
келді. С.Толыбеков, Д.Кішібеков секілді тарихшы-ғалымдар да өз еңбектерінде қазақ даласы 
тұрғындарына «Көшпенділер қоғамы» деген атауды пайдаланды.
Н.Э.Масанов бастаған көптеген зерттеушілер өз зерттеулерінде «номад, номадизм» 
терминдерін басшылыққа ала отырып, қазақ көшпелілерін осы сөзбен байланыстыра отырып 
қарастырады. Ал ғылымда «Номад» термині өз бастауын көне гректің «nomades» - 
«жайылым», «бақташы» сөздерінен алатындығы дәлелденген. Бұлардың қатарына Солтүстік 
Еуразия мен Американың балықшылары, аңшылары, бұғышылары, Американың, Африка, 
Австралияның терімшілері мен аңшылары, сығандар мен Азияның көшпелі мал бағушылары 
жатады. Ал біздің ата-бабаларымыз қоныстанған Еуразия территориясында көшпенділік қана 
емес, отырықшылық та қатар дамығандығы біз жоғарыда бірнеше мәрте айттық.


244 
Ең алғаш тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде тарихшы-ғалымдарымыздың ішінен 
К.Байпаков пен М.Қ.Қозыбаев Еуразия сахарасындағы көшпенділер өркениетінің орнына 
«Дала өркениеті» деген ұғымды қолдануды ең алғашқылардың бірі ретінде ұсынды.
Бұл турасында М.Қ.Қозыбаевтың «Өркениет және Ұлт» атты еңбегінде мынадай ой-
пікір берілген: «Ең алдымен «Дала» деген ұғымның басын ашып алу керек. Оны тек бір шөл 
деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер ағады. Бір шеті Енесай, Лена, 
Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, Жайық, Обь, кәрі Каспий, Арал, Еділ, Дон, Дунай, Днепр 
ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой.... Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған 
факторлар қандай» дей келе өз жауабын төмендегіше ұсынады:
1.
Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрылықтың басын қосты. Ол Еуропа 
мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз жолдың торабы; 
2.
Сайын даламызда Әму мен Сыр арқылы қытай, парсы, үнді, араб өркениеттерімен 
тоғысты; 
3.
Сыр мен Әмудария аралығында пайда болған Зердеш (Зороастризм) тәңірлік 
дүниетаным христиан, будда, ислам сияқты әлемдік діндердің өзекті қағидаларына 
негіз болды. Дала өркениетін рухы биік халқы жасады. Әлемдік діннің қайсысы 
болса да сахарада орын алды;
4.
Қыр баласы табиғи ортамен толық жарасымды болды. Дала перзенті ешбір шектелу 
дегенді білмеді, бостандықта өсті, төзімтал өжет болып өсті. Ол шөл далаға шалшық 
суларға, орманға қамалмады. Оған творчестволық эволюция тән еді; 
5.
Л.Н.Гумилев т.б. зерттеушілер «Көшпенділер» деген ұғымды абсолюттендіреді. 
Шын мәнінде ұлы сахарадағы халықтың негізгі кәсібі мал бағу болғаны рас. 
Сонымен бірге ол егін де екті, қолөнерін де дамытты, қала да салды. Бұл далада
белгілі геолог С.Х.Боллдың мағлұматы бойынша жыл санауымызға дейінгі ҮІ-Ү 
ғасырларда-ақ миллион тоннадан астам кен қазып алынды, металл балқытылды [5, 
20-23-бб]. 
Орыс ғалымы Н.Н.Крадиннің еңбегінде «көшпенділер» мемлекеттеріне «Дала 
империялары» деген шартты атау беру, біздер үшін өте қызықты мәлімет болып табылады. 
Онда «Дала империялары» табиғатынан екі түрлі сипатқа ие болды. Олар сырттан қарағанда 
деспоттық жаулаушы қоғам, өз олжаларын басқа жерден тартып алу үшін құрылған 
мемлекеттер деп айтылса, ішкі жағынан бұл «көшпенділер империяларында» халыққа салық 
салынбайтын, мемлекет мал бағушыларды езгіге түсірмеуге, тайпалық байланыстарға 
негізделген құрылым болып есептелді»-деген баға беріледі. Дала қауымы билеушісінің күші 
ереже бойынша оның легитимді түрдегі басынуына немесе күштеуге емес, оның әскери 
жорықтарды ұйымдастыра білуі мен көрші елдерге жасаған шапқыншылықтарынан, саудадан 
түскен салықтар, олжаларды бөліп беруіне байланысты бағаланды [6, 28-б]. 
Жылдар өте келе отырықшы халықтар мен даланы мекендеушілердің арасындағы 
қатынастар да өзгере бастайды. Жаңа уақыт келді. Капитализм дәуірі ауқымды 
шапқыншылықтарды, жаңа жерлерді игеруге ұмтылушылықты туғызды. Ескі және Жаңа әлем 
мемлекеттерінің арасында ауқымды өзгерістердің әсерінен дала мен көшпелі халықтардың 
өмір сүру салттары ауыса бастайды. Көшпелі империялар дәуірі, олардың көрші жер 
иеленушілердің бойына үрей ұялатқан уақыты өтті. Енді көшпенділерге олардың атты әскері 
қарсы тұра алмайтын қару-жарақтары бар армиялар қарсы тұрды. «Дала» енді шабуылдауды 
қойып, өздерінің өмір сүру салтын сақтау, өз бостандықтарын қорғау үшін күреске шықты. 
Көшпенділердің ішіндегі неғұрлым озық ойлылары барлық мемлекеттердің өздеріне жау 
еместігін байқап, дала тұрғындарына пайда әкеледі деген көрші мемлекеттермен достыққа 
негізделген одақтар жасауға тырысты.
Жаңа дәуір үлкен саяси оқиғаларға толы болды. Көшпенділіктің құрылымында қазіргі 
заманғы шаруашылыққа бейімделу мақсатындағы ірі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер 
жүрді. Бұл кейіннен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы ескі тұрмыс тәсілінің 
тезірек ыдырауына алып келді.


245 
Еуразия мен Азияның шектесетін жерінде орналасқан осы көшпелілер өздерінің құқы 
жағынан «Ұлы Дала» ұғымының шығуы мен дамуының бастамасын салды деп айтуымызға 
болады. Осы көшпелілер кейіннен скиф-сақ, одан кейін түркі-қазақ, қазіргі уақыттағы қазақ 
мемлекеттілігінің орталығының бастапқы іргетасын қалады. 
Түркітанушы тарихшы-ғалымдар С.Г.Кляшторный, Т.И.Султанов «б.з.б. ІІІ 
мыңжылдықта мал шаруашылығының дамуына байланысты Кавказ бен Дунай бойы арқылы 
келген ежелгі Шығыс өркениетінде пайда болған арбалы тасымалдың нәтижесінде 
үндіарийлердің шығысқа екінші миграциялық толқыны басталды дей келе, сирек 
қоныстанылған, су қорлары мол, жусанға бай Еділден шығысқа қарайғы аймақ жылқы, сиыр, 
қой секілді мол жануарлары бар тайпалардың шаруашылықтары үшін таптырмас мекенге 
айналды»,- деп жазады [7, 12-13-б]. 
Ал көшпелілік, дала өркениеті туралы зерттеулерге өз ғылыми өмірін арнаған белгілі 
қазақ тарихшысы Н.Э.Масанов Еуразияны қоныстанушы ежелгі мал шаруашылығымен 
айналысушылардың эволюциялық үрдісінің дамуы б.з.д. Ү-ІҮ мыңжылдықтан басталды, ал 
көшпеліліктің пайда болуын б.з.д. ІІ-І мыңжылдықта жүрді дей келе, Еуразияның аридтік 
зонасында б.з.д. І мыңжылдықтың басында жүрген климаттың ауысуымен көшпенділік дами 
бастады деген түйін жасайды [8, 28-б].
Ал түркі халықтарының тарихы туралы іргелі еңбектер жазған Л.Н.Гумилев 
«Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр Шығыс 
елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»,-деп санайды. Ол Еуразия 
сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін біздің дәуірімізге дейінгі ХІ ғасырдан бастап, 
біздің заманымыздың ХҮІІІ ғасырына дейін жеткізеді [9, 17-19-бб.].
ХХ ғасыр басында еуразияшыл-ғалым Г.В.Вернадский «Начертание русской истории» 
атты еңбегінде еуразиялық кеңістік тарихын скиф державасы, ғұндар империясы, Ұлы түрік 
қағанаты, одан кейін Моңғол және Орыс империясы кезеңдерінің мемлекеттіліктеріне 
негіздей отырып, төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсетеді:

Алғашқы, «Орман мен Даланы біріктіруге талпыныс» кезеңі (972 жылға дейін); 

Екінші, «Орман мен Даланың күресі» кезеңі (972-1233жж); 

Үшінші, «Даланың Орманды жеңген» уақыты (1233-1452жж); 

Төртінші, «Орманның Даланы жеңген» кезеңі (1452-1696жж); 

Бесінші, «Орман мен Даланың» жаңадан бірігу кезеңі. Алайда аталған ғалым өз 
еңбектерінде Дала өркениетінің қалыптасу тарихына еш көңіл бөлмеген [10, 145-б].
Сонымен бірге еуразиялық даланы алғаш шаруашылық қызметтің аңшы-жер игеруші 
секілді екі түрін мекендеген адамдар қоныстанғандығы белгілі болып отыр. Ғалымдар осы 
аймақта климаттың екі рет айтарлықтай өзгеріске түскендігін айтып өтеді. Бұл туралы 
А.Тойнби «Құрғақшылықтың алғашқы толқынында Еуразияда аңшы адам болса
құрғақшылықтың екінші кезеңін отырықшы жер игеруші мен мал бақташылары қарсы алды» 
деп жазады [11, 184-б]. Аталған даланың табиғи шақыртуын жеңу жолында еуразиялық-жер 
игерушілер өмір сүруге қолайлы жер іздеп, қоныс аударуға мәжбүр болса, олардың келесі 
бөлігі – мал бағушылар табиғат құбылыстарына қарсы тұру арқылы жаңа табиғи жағдайларға 
икемделе бастады. Осылайша Еуразияның ортасында қазақ даласында көшпенділер өркениеті 
пайда болады.
Көшпенділер өркениеті туралы қалам тартқан көптеген ғалымдардың ішінде бұлардан 
басқа Н.Н.Крадин, Г.Марков секілді ғалымдар көшпеліліктің пайда болуы жоғарыдай 
климаттық өзгерістерге байланысты туындады дей келе, дала өркениеті туралы өзіндік ой-
пікірлерін нақты көрсетпейді [12].
Жоғарыда қарастырылған ғылыми еңбектер негізінде қорытындылау арқылы, 
төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
1.
Аталған мәселе турасында «Дала өркениеті» туралы ұғымның тек қазақ даласын 
ғана қамтымайтындығы туралы пікірлер айтылуда. Бұл мәселе, атап айтсақ «Дала 
өркениеті» ұғымының географиялық аумағын кеңейтуді болашақта тарихшылар өз 


246 
зерттеулеріндегі басты міндеттердің қатарына қосып, бұл сұраққа жауап беруде 
көршілес орналасқан халықтардың маман-тарихшыларымен біріге отырып, ғылыми 
тұжырымдар жасалу керек; 
2.
Қазақ жерінде «Дала өркениетінің» пайда болған уақытын көшпеліліктен де 
әріректен, кемінде б.з.д. 3000-2800 жыл аралығындағы Ботай мәдениетінен бастау 
қажет;
3.
Кез-келген өзекті мәселеге байланысты нақты уақытты белгілеу өте байыпты 
зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы анықталатындықтан бұл саладағы қазіргі 
жұмыстарды әрі қарай зерттеу және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі
қажеттілігін тағы да бір мәрте атап өткіміз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет