Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті Жоспары:
1.Көшпелілік мәдениет типологиясы.Көшпелілік түрлері мен жіктеу.
2.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті:салт-дәстүрлері,культтері,наным-сенімдері.
3.Сақ,скиф,массагет,ғұндардың көшпелілік мәдениеті.
4.Сақтар мен массагеттердің мәдени құндылықтары.
1.Көшпелілік мәдениет типологиясы.Көшпелілік түрлері мен жіктеу Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды.
Көшпелілік түрлері бар.Оларға мал шаруашылығы,отырықшылық және т.б жатады.
2.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті:салт-дәстүрлері,культтері,наным-сенімдері.
Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым - қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір - біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата - баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.
“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба - ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.
3.Сақ,скиф,массагет,ғұндардың көшпелілік мәдениеті. 4.Сақтар мен массагеттердің мәдени құндылықтары. Сақтар:Отқа табыну, соғыс құдайына, аспан денелеріне, тайпа көсемдеріне, ру ақсақалдары мен аруағына табынған оларды қайтіп тіріледі деп ойлаған. Жерленген адамға мерекелік салтанатты киім кигізген. Жанына қару-жарақ бұйымдарын, дүние-мүлкін қоса жерлеген.
Үйсіндер:Жаратушы күшке сенген, соған арнап құрбандықтар шалып отырған. Тірі кезінде пайдаланған заттарын қойған, тамақ ішетін ыдыстар, сауыт-сайманы, қару-жарағы қойылды.
Қаңлылар:Айға, күнге, жұлдыздарға табынған. Ата-бабалар аруағына сиынған, тыс күштерге табынып үй малдарын құрбандыққа шалған.Қайтыс болған адамды киімімен жерлеген, тамақ салатын, су құятын ыдысы мен қажет заттар, бұйымдар қойылған.
Ғұндар: Аспанға, жерге, ата-баба аруағына, тәңірге арнап құрбандық шалған. Ауқатты адамдардың зираттарынан алтын-сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасаған белдіктер, қымбат бағалы қытай маталары кездеседі.
Сарматтар:Ескерткіштерінде адамды жерлеген орындарымен қатар аруақтарға ас беру, мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар кездеседі. Онда от жағылған көп орындар табылды. Ерлердің, әйелдердің де қабірлеріне қару-жарақ міндетті түрде қойылған.