Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
9
процестің маңызды заңдылықтары бір-бірімен тоғысып
жатады: мазмұн мен пішіннің сәйкестігі, автордың ой
өзегі және дәстүр мәселесі, оқырман талабы және әдеби
өзгерістер, т.б.
Әдебиеттің текке бөліну мәселесі сөз болғанда ежелгі
дүние ойшылдары Сократ, Платон пайымдарын ескер-
меуге болмайды. Аристотельдің «Поэтика» еңбегінде
қарастырылатын текке бөлу мәселесі де көне ойшыл-
дардың пайымдарымен үндестік тауып жатады.
Қазіргі уақытта орыс әдебиетінің теоретиктері
В.Е.Хализев, Л.В.Чернец сөз өнерінің бұл үш тегін сөй-
леушілердің қарым-қатынасы типі сипатында қарасты-
рады. Дегенмен, зерттеушілердің пікірінше, әдебиеттің
аталған үш тегі XIX ғасырда алдымен романтизм эсте-
тикасында көркемсөз формасы емес, философиялық ка-
тегория мәніндегі көркем мазмұн сипатында қарасты-
рылғандығы, сондықтан да олардың поэтикадан алшақ
болғандығы белгілі .
Жанр зерттеушілері қайсысы да Шеллинг, Гегель
пайымдарын назардан тыс қалдырмайды. Гегельше,
эпикалық поэзия объективті, лирика субъективті екені
пайымдалады.
В.Е.Хализев эпика және эпикалық, лиризм, дра-
матизм туралы тұжырымдарды стильмен байланыс-
тырады. В.Е.Хализев Аристотельше, әдеби тек – көп
жағдайда жинақтаушы және адам өмірінің негізгі фор-
маларын бейнелеудің әралуан тәсілдеріне негізделген
әдебиеттің қалыптасқан тарихи жіктелуі болып та-
былатындығын айқындай келіп: «Демек, Аристотель
әдебиетті текке бөлудің негізі ретінде шындықты су-
реттеудің тәсілін қарастырады, эпос – оқиға туралы өз
атыңнан айтылған әңгіме, баяндау, лирика – өз-өзіңмен
сырласу, драма – суреттелген қаһармандардың іс-әре-
кеті, Гегель негіз ретінде бейнелеу пәнін қарастырды:
эпос – оқиға, лирика – көңіл-күй жағдайы, драма – әре-
кет», – деп тұжырымдайды /5,308/. Демек, әдебиеттегі
әрбір тек өзіндік ерекшелікке ие: көркем шығарманың
уақыт пен кеңістік тұрғысынан құрылымы, оларда адам
іс-әрекетінің қатыстырылуы, автордың қарым-қатына-
сы, мәтіннің оқырманға қатысты сипаттары /6, 95/.
Бұл тұста тектердің шығу тарихын білудің мәні де
зор. Эпос, драма, лириканың алғашқы қауымдық синк-
ретті шығармашылық кезеңінде тууына байланысты
А. Н. Веселовскийдің атақты еңбегін ескермеуге бол-
майды./11;/. Әдеби тектердің ғұрыптық әннен, хордан
туғандығын Веселовскийше дәлелдеп түсіндірген жөн.
А. Н. Веселовскийдің түсіндіруінше, хордағы корифей-
лер әні-кантилена ғұрыптық әннен бірте-бірте бөлініп
шыққандығы, лиро-эпикалық ән поэзияның алғашқы
формасы екендігі, сол әннің негізінде эпикалық баян-
дау қалыптасқандығы, хордан лирика бөлініп шығуы,
эпика мен лириканың ғұрыптық хордан бөлінгендігі
белгілі. Сондай-ақ драманы хор мен корифейдің реп-
лика алмасуы деп тұжырымдаймыз. Би мен пантоми-
маға келе-келе сөз қосылғандығын да пайымдаймыз.
Дегенмен, Веселовский теориясында эпос пен лирика-
ның ғұрыптық әрекеттерге тәуелсіз қалыптасқандығы
ескерілмегендігін зерттеушілердің пікіріне сүйеніп ба-
ғамдаймыз.
В.Е. Хализевтің пікірінше, мифологиялық ертегілер
хордан тыс пайда болды. Ғалым мифологиялық ертегі-
лердің тууына тайпа өкілі әңгімесін негіз етіп алады.
Лирика да ғұрыптан тыс пайда болғандығын, тұрмыс-
еңбек қарым-қатынастарынан туғандығын пайымдай-
10
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
11
ды. Демек, әдеби тектердің тууының әртүрлі жолдары
болды. Соның бірі ғұрыптық хор екендігі дәйектеледі.
/5,308/
Л.В.Чернец «Литературные жанры» деген еңбегін-
де Г.В. Гегельдің жанрлық теориясын тектердің шығу
тарихына қатысты пайымдайды. Л.В.Чернецтің пайым-
дауынша, Гегель теориясындағы субстанция өнердің
ақиқат, ақылға сыйымды мазмұны десек, субъект – жеке
адамның іс әрекетінен тұратын мазмұн екені түсінікті
болуға тиіс. Субстанцияның мәні – қоғам және жеке
адам – мазмұндық жіктелудің критерийі болып табы-
лады. Гегельдің өнер туралы концепциясында жанрдың
мазмұны, коллизия мен характер типтері, роман мен
сатирадағы коллизия, «ғасыр геройы» мәселесі қарас-
тырылып, Гегельдің саяси консерватизмі айқындалады
/9,125/.
Гегель теориясын В.Г.Белинскийдің дамытқаны
белгілі. В.Е. Хализев В.Г. Белинскийдің еңбегінде
ХVІІІ-ХІХ ғғ. романдарында жеке адам мен қоғам ара-
сындағы қарым-қатынастардың сипатталғандығын, со-
циалистік реализм әдебиетіндегі романтиканың жаңа
типті коллизиясы пайда болғандығын, жанр тарихын
жеке тұлғаның дамуымен байланыстырғандығын ба-
ғалай келіп, оның тұжырымдарының гегельдік жанр
типологиясымен ұштасқандығын тұжырымдайды.
Сондай-ақ, зерттеушілер В.Г.Белинский пайымдары-
ның Гегельмен ортақ сипаттарын ашады. Шығармашы-
лықтың субъективтілігі, жанрларды мазмұны бойынша
ажыратудың Гегель, Веселовский концепцияларына тән
екендігін айқындайды. Жалпы, Веселовский теориясы-
ның Гегель теориясынан өзгешелігі тектердің айыр-
машылығын ажырата алмағандығымен түсіндіріледі.
В.Г.Белинский Өрлеу дәуірін жеке адамның рухани
күрделенуіне, тұлғаның бостандығын оқшаулап көрсе-
туіне қатысты қарастырғанын айқындап, Гегель теория-
сын өрлеу фонында көрсетіп, толықтырады.
Әдеби тектерге жеке тоқталатын болсақ, эпос грек-
ше сөз деген ұғымды береді. Эпос кейіпкерлер тағды-
ры, олардың іс-әрекеті, көңіл-күйі, сюжетке негіз бола-
тын өмірлік оқиғалары туралы баяндау екендігі мәлім.
Эпоста баяндау өткен шақта айтылады. Баяндау
телімдері әдебиетте әртүрлі қолданылатындығы да
белгілі. Баяндау кең мағынада алғанда шығармадағы
пейзаж, жағдай, кейіпкерлердің келбеті, көңіл-күй-
лерінің суреттелуі, тілдік бейнелеу, қайталаулар, ав-
тор сөздері, диалог пен монологтар, ішкі сөздер болып
табылады. Сондықтан эпикалық шығармада баяндау
доминант болады. Баяндау латынша наррация деп ата-
лады. В.Е. Хализев еңбегінде баяндау дискурсының
мәтіндік талдауға негіз болатындығы туралы пайымын
француз структуралисі Ж. Женнеттің пікіріне сүйеніп
тұжырымдайды /5,308/.
Зерттеушілердің пікірінше, уақыт пен кеңістікте өмір
шындығы еркін және көркемдік құралдар арсеналы
арқылы игеріледі. Оның мысалдары: «Махабхарата»,
«Одиссея», «Соғыс және бейбітшілік», «Сага о Форсай-
тах» (Дж. Голсуорси), У. Фолкнер трилогиясы т.б.
Эпикалық шығармада басқа өнер түрінде болмай-
тын кейіпкерлер саны, оқиғалар, тағдырлар, детальдар
болуы мүмкін. Баяндау формасы тұрғысынан алғанда
эпикалық шығармада адамның ішкі жан әлеміне терең
суреттеледі. Эпикалық шығармада қалыптасу үстіндегі
күрделі характерлердің сомдалатындығы белгілі. Ендігі
бір мәселе – эпос тегіне тән мүмкіндіктердің барлық
12
МС
Достарыңызбен бөлісу: |