Раушан Абдикулова indd


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
13. Хализев В. Е. Теория литературы: Учебник/ В. Е. Хализев. 
– 4-е изд., испр. И доп. – М.: Высш. шк., 2005 – 405 с.
14. Чернец Л.В. Литературные жанры. МГУ.1982. – 338 с.
15. Веселовский А.Н. Историческая поэтика/Вступ.ст. И.К. 
Горского; Сост., коммент. В.В. Мочаловой. – М.: Высш. шк., 1989. 
– 406 с. – (Классика литературной науки)
ашық монологтың
 көркемдік телімдері
Ш
ешендік сөздердің баяндау жүйесінен мол орын 
алатын көркемдік телімдерінің бірі – ашық мо-
нолог. Оның стильдік ерекшеліктері шешендік сөз-
дердің өзгеше табиғатынан туындайтынын пайымдауға 
болады. Өйткені, шешендік сөздердің өзіне тән баян-
дау жүйесінің тек қана ашық монолог, диалог, сұрақ-
жауап пішініне негізделуі шешендік өнер туындысы 
екендігінің басты айғағы болып табылады. 
Шешендік сөздердің баяндау жүйесі суырып – сал-
малық дәстүрмен етене сабақтас деуге болады. Қазақ-
тың би-шешені өзінің тыңдаушысымен немесе қарсы-
ласымен бетпе-бет келгенде ойын шамырқандырып, 
сезімін қозғаған өмір құбылыстарының сол сәттегі 
мән-мағынасы жайлы толғаныстарын табан астын-
да суырып салып бүкпесіз ашық айтатындығы мәлім. 
Бұндай ауызша шешендік дәстүрдің тарихи тамырлары 
ирандық «Ассирий ағашы», ассирлік-вавилондық «Ат 
пен өгіздің диалогы» сияқты сөз сайысы жанрының 
алғашқы үлгілерінде, басқа да көне шығыс халықтары-
ның ескерткіштерінде жатқанын айтуға болады \1,21\. 
Ал осы көне шешендік дәстүр нақыштары қазақтың 
төл әдебиетінде көркемдік із қалдырғаны мәлім. «Қазақ 
ертегілерінде ұшырасатын қысқаша тұйық репликалар-
ды, батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлардағы, 
өлеңмен жазылған романдардағы, жекелеген ақындар 


26
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
27
шығармашылығындағы ашық толғаулардың зор көр-
кемдік қуатын байқау қиын емес» \2,10\, – деп жазады 
профессор Б.Майтанов.
Расында, шешендік сөздердің баяндау және бейне-
леу жүйесіндегі ашық монологтың стильдік қызметі 
прозалық, поэзиялық туындылардағы ашық монолог 
атқаратын міндет-мақсаттармен бірдей емес. Көркем 
шығармадағы монологтың қай түрі де қаламгердің
идеялық-характерологиялық міндеттерімен тұтасып 
отырады. Ал, шешендік сөздерде ашық монолог ерекше 
ұтымды көркемдік телім болып саналады. Шешен айт-
пақ ойын эксплицитті түрде жеткізеді. Бұл шешендік 
сөздің тақырыптық-идеялық тұтастығымен де, қысқа 
да нұсқа айтылу ерекшелігімен де сипатталады. Осы-
ған орай, шешендік сөздердің көлемі де ықшам, шағын 
болып келеді. Шешеннің айтпақ ойы мен сөзінің әлеу-
меттік мақсаты айқын, мағынасы терең, ойға қоным-
ды, дәлелді болуының сырын оның табиғи дарынды-
лығымен, поэтикалық ойлауының тереңдігімен, нағыз 
шешенге тән ақыл алғырлығымен, сезім сергектігімен, 
дүниетаным, өмірлік тәжірибе байлығымен де түсінді-
руге болады. Дегенмен, белгілі әдебиет зерттеушісі 
Г.Поспелов көркем шығарманың көркемдік жүйесін сөз 
ете келіп, тілдік стильдің қалыптасуындағы фактор об-
раз емес, предметтік бейнелеу детальдары екенін айта-
ды \3, 194-196\. Сондай көркемдік телімдерді шешендік 
сөздердің көркемдік жүйесінен көруге болады.
Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс болғанда Абылай-
ханның сегіз биінің бірегейі болған Байдалы би жаназа-
ға бара алмапты. Уәлиханның ханымы қадірлес қария-
ның келіп көңіл айтпағанына ішінен өкпелеп жүреді 
екен. Бір күні Байдалы өзінің келгенін сыртта тұрып 
білдіреді. Бірақ, өкпелі ханым шешенді аттан түсіріп 
алуға сыртқа шыға қоймайды. Сонда шешен атының 
басын кейін бұрады да, тұра қалып:
а)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет