Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

«– Ханы өліп
Қайғырып жатқан, Айғаным,
 Қара жамылып,
Ай-күні батқан Айғаным,
Ханға сүйеніп,
Қоқай көрмеген Айғаным,
Қамқаға оранып, 
Шоқай көрмеген Айғаным.
Мен бір сөз айтайын, тыңдағың?!» 
– депті.
Қара жамылып, жоқтау айтуға даярланған Айғаным 
құлағын тіге қалыпты. Сонда Байдалы би тағы да бы-
лай депті:
ә) – Ер қартайды, мал тайды,
 Екеуледі, ей ханым!
Қатын жалқау, ұл ынжық.
Төртеуледі, ей ханым!
Келін қатал, кер болды,
Ағайын жат ел болды
Алтаулады, ей ханым!
Кәрілік пен кедейлік
Егіз келді, ей, ханым!
Мұның бәрін санасаң,
Сегіз болды, ей, ханым!
Қаусаған жақ иек бар,
Саудыраған сүйек бар.
Ауыл алыс жер болды,
Тоқсан деген тор болды,
Оннан асты, ей, ханым!


28
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
29
б) – Шығар жолды осыдан
Өзің тапшы, ей, ханым!»
– деп жүре беріпті. \4, 266\ 
Шешендік сөздің құрылым жүйесінің бөлігі шартты 
түрде – а), ә) және – б) деп белгілеп алайық. Шешендік 
сөз негізінен арнау, жұбату үлгісінде айтылғаны байқа-
лады. Шешен өзінің ашық ой- толғамдары арқылы ханы 
өліп, қабырғасы қайысқан ханымға ғана емес, артында-
ғы халыққа да тоқтам, ғибрат айтады. Монологта жал-
қыдан жалпыға көшу ұстанымы көзге түседі. Шешен 
Айғаным басындағы психологиялық халді «Ханы өліп, 
қайғырып жатқан», «Қара жамылып, Ай-күні батқан», 
«Ханға сүйеніп, Қоқай көрмеген», «Қамқаға оранып, 
Шоқай көрмеген» деген күрделі эпиттеттермен сурет-
тейді. Сондай-ақ, «Айғаным», «Мен бір сөз айтайын 
тыңдағың?!» деген қаратпа, сұраулы-лепті сөздер тың-
даушы назарын өзіне аударту мақсатында ғана емес, ал-
дыңғы құбылыстың мәнін нақтылап, кеңейте түсу үшін 
қолданылады. Ал, «Ай-күні бату» сөзі дәурені өту, күні 
біту мағынасында алынған перифраз деуге де болады. 
Сондай-ақ, шешен «шоқай» мен «қамқаны» антите-
залық мәнде қолдану арқылы «Ханға сүйеніп, Қоқай 
көрмеген» ханшаның ертеңгі күніне де қам жейтінін 
сездіреді. Әрі «Қамқаға оранып» деген тіркес мегзеу 
тәсілі арқылы берілген портреттік штрих десе де бо-
лады. Алайда, бұл мегзеу арқылы берілген портреттік 
деталь күрделі эпитетке тоғысып кеткенін, ал қаратпа 
сөз түрінде алынған «Айғаным» сөзінің аяққы қайта-
лау тәсіліне айналғанын көруге болады. Сондай-ақ, сөз 
ішінде -қа буынының қайталануы да сөзге ерекше ай-
шық, ырғақ дарытады. Шешеннің тыңдаушы назарын 
баурау әдіс-тәсілдері әлемдік шешендік өнер қағидат-
тарымен желілес келетіндігін байқауға болады. Ашық 
монологтың көркемдік телімдері осындай әсерлі, ай-
шықты бейнелеу құралдарынан тұратындығы көзге тү-
седі. 
«Қамқаға оранып, Шоқай көрмеген», «Ханға сүйеніп, 
Қоқай көрмеген» деген эпитеттердің семантикалық 
мәні ретроспекциялық тәсіл ретінде де қолданылып, 
шешеннің өзіне бұрыннан таныс хан әулетінің мән-
жайынан, тарихынан да хабардар екенін тыңдаушысы-
на аңдатқандай болады. Қонақ келгенде Айғанымның 
тысқа шыға қоймаған паңдығын «Қоқай көрмеген», 
«Шоқай көрмеген» деп ауызекі тілмен жеңіл мін еткен-
дей болады. Демек, «Шоқай» мен «Қоқай» сөздерінің 
юморлық астары да жоқ емес. Жалпы, шешендік сөздің 
бұл бөлігі – а) сөздің құрылым жүйесінде бастама қыз-
метін атқарып тұр деуге болады. Монолог құрылымын-
да жүйелі логика, суреттілік бар. Суреттіліктің нақты-
лығын да пайымдауға болады.
Ал, сөздің мазмұндама – ә) бөлігінде шешен 7 буын-
ды жыр үлгісінде өз жайынан хабар бере төкпелей, 
кәрілікке өкпелей сөйлейді. Дегенмен, бұл сөздің де 
шешендік арнау үлгісі екендігін лепті айтылатын қарат-
па сөз аңғартады. Монолог – толғаныс бернелеу (сим-
вол) тәсіліне иек артқанмен, «ер қартайды, мал тайды» 
деген ішкі ұйқасқа құрылған тармақтардың ұйқасы 
қара өлеңдегідей а,а,б,а болмай, а,б, в,б,г т.б. деп ара-
лас келеді. Сондай-ақ, әр тармақтың ритмикалық буын 
топтары 2+2 тәртібімен келуі де өлең емес, шешендік 
сөз үлгісі екенін көрсетеді. Синтаксистік құрылымын-
да салалас құрмалас сөйлемге тән сипат бар. Мысалы, 
1,2 тармақты мынадай синтаксистік үлгіге түсіруге бо-
лады: «Ер қартайды, мал тайды, екеуледі, ей, ханым!». 
Монологтағы «екеуледі», «төртеуледі», «алтаулады» 


30
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
31
деген туынды етістіктің жедел өткен шақ формасын-
дағы тілдік детальдар кәрілікке мойынсұнған адамның 
қиын халін сандық прогресс арқылы берілген градация 
тәсілімен үдете суреттейді: «Ағайын жат ел болды» 
сөзі қарама-қайшы мағынаға құрылса, «кедейлік пен 
кәрілікті» егіздей суреттеп, сандық прогресті онға дейін 
өсіріп, үдемелі градация үлгісін жасайды. Ал, «қауса-
ған жақ иек бар, саудыраған сүйек бар» деген бейтарап 
жалпылық мәндегі портрет штрихтары қарт адамның 
кәрілік кейпін гиперболалық мәнде береді. «Ауыл-
алыс жер болды», «Тоқсан деген тор болды» деген дәс-
түрлі метафоралардың алдыңғысын дәстүрлі үлгіде 
«Жақыным алыс болды» демей, «жақын» сөзін «ауыл» 
сөзімен ауыстырып, метонимиялық мәнде қолданады. 
Сөздің – б) қорытпасында ойын түйіндеп, кетейін деп 
жүре бергенде, Айғаным шешеннің шаужайына ора-
лып, құрметтеп аттан түсіріп алады. Төрге отырған соң, 
Айғанымның жоқтау айтуға ыңғайланғанын байқаған 
шешен, былай деп тоқтау айтады:
а) – Қайрат деген қыран бар, 
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар,
Өзекті шағып өртейтін.
Үміт, сенім, тілек бар,
Қуантып, қуат алдырар.
Жылау деген азап бар.
Қуартып отқа жандырар
ә) – Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ,
Қайратыңды қолдағалы келдім.
\4,267\
Шешендік сөздің құрылым жүйесі а) ұсынба мен ә) 
қорытпа бөліктерден ғана тұрады.«Қайрат – қыран, 
қайғыға тізгін бермейтін, қайғы – жылан, өзекті шағып, 
өртейтін», деген жолдар ұлғайған метафоралар. Ашық 
монологтағы бұл ұлғайған метафоралардың антитеза-
лық құбылуларын да көруге болады. Мысалы, қыран-
жылан, қуану – жылау. Ал, қайрат, қуат өзара мәндес 
сөздер, алдыңғы ойдың мәнін ашып толықтыра түседі. 
Шешен өзі куә болып отырған өмір құбылыстарының
мәніне ассоциат болатын құбылысты, оның белгілерін 
«қайғы-жылан», «қайрат-қыран» деп дәл таңдауы дү-
ниетаным кеңдігін танытады. 
Ашық монологтың көркемдік телімдерінен халық-
тың ақындық, жыраулық өнерін, дәстүрін де көруге бо-
лады. Мысалы, Есет би Көтібарұлы патша үкіметінің 
жалдамалы сұлтаны Арыстан Жантөринмен кездескен-
де, былай деп тіл қатқан екен:
а) «– Мен, мен едім, мен едім,
Қатарға салсаң қайыспас,
Қас қара нар мен едім.
Шабуыл салса шаршамас,
Шыны тұлпар мен едім.
Су шашырап жел тимес,
Аударылмас қара кеме едім.
Қасарысып келгенде,
Қап түбінде сыймаған,
Қара болат мен едім.
Қияннан ұшқан қу ілген,
Анық сұңқар мен едім.
Тегеурінім теріс біткен,
Тепсем жілік сындырған,
Қыран бүркіт мен едім.» 
\4,335\
Шешендік сөздің құрылым жүйесі ұсынба – а) бөлік-
тен ғана тұрады. Бұл бірегейлік те шешен сөздің ық-
шам, нақтылығы мен суреттілігін көрсетеді.


32
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет