38
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
39
көл Орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады.
Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті
шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, ақыретте
мұндай істер жаман деген, – дейді. – Ей, Орманбет, сіз
бізге Қасқакөлді беріңіз, Қасқакөл рас сізге жақын. «Бар-
дан пайда, жоқтан залал» деген, не берсе қайырын тілеп
көріңіз. «Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар, әр жерде
су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық,
жер жетер, көңіліңді ұстама тар» – дейді Төле /2, 111-112/.
Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды.
Дау бітпей Орманбет еліне қайтады. Кейіннен анасының
ақылына тоқтап, Қасқакөлді қарттарға бөліп береді. Бұл –
шешен-билердің талас-тартысына құрылған полилогтық
сценаның көрінісі. Ал талас-тартыстың екіжақтық сипа-
тына қарасақ, диалогтық құрылым танылады. Негізгі сөз
тартысы Орманбет пен Төле арасында. Одағай, қаратпа
сөздер «ер кетер, жер жетер» деген мәтел мен «Ешкімге
опа қылмас боқ дүние!» деген поэтикалық инверсия, сон-
дай-ақ, «көп жүрмеспіз, көмілерміз, сен көңілдегіңді алар-
сың!» деген жолдардағы дауыссыз «к» дыбысының алли-
терациясы Төле сөзінің экспрессивті-эмоциялық қуатын
арттырып, драмалық ширығысты күшейте түседі. Төленің
кезекті репликасында қаратпа сөз, бұйрық райлы етістік
өтініш мағынасында қолданылады. Осы реплика ішінде
монолог құрылымы тырнақшаға алынған. Монологтың
«Қасқакөл бар», «басқа көл бар», «ұстама тар» деген ішкі
ырғақ-ұйқасқа құрылуы, «бардан пайда, жоқтан залал» де-
ген мақалдағы тілдік бірліктер – «бар» мен «жоқтың» қара-
ма-қайшылық мәні де сөзге драматизм дарытады. Әрине,
Орманбет би сөзінің өзіндік құрылымы ерекше. Бұл сөйлеу
құрылымының бірінші сөйлемінде қарсылықты шылау жа-
сырын тұр. Сондай-ақ, екінші сөйлем мақал-мәтел түрінде
айтылады. Шешеннің тауып айтқан мақалында «қабан де-
ген», «шабан деген» деп келетін ұйқастан өзге «қанағатсыз
би», «қамшылатқан жүйрік» деген тіркестердегі сөзге ыр-
ғақ беруші – қа буынының үндестігі де айырықша. Жалпы,
«Қасқакөл дауы» – шешендік жекпе-жектің кемел көрінісі.
Мұхтар Әуезов өз драматургиясында осындай «орасан ше-
шендік сапаларын мінез, дүниетаным сипаттарын даралап
ашуға қас шеберлікпен пайдаланады» /5, 261/.
Негізінен, «Қасқакөл дауы» сөзінің баяндау жүйесіне
полилог, моно-диалогтық құрылымдар тән. Алайда, оны
айтпасақ та, баяндау жүйесі драмалық диалогқа құрылған
деуге болады.
Жалпы, шешендік диалог – шешендік сөздердің баяндау
және бейнелеу жүйесінде мол орын алатын іргелі құры-
лым. Оның полилог, монодиалог, халықтық жұмбақ сипа-
тындағы шешендік сұрақ-жауап, астарлы сөзге құрылған
шартты сұра-жауап формасы мен драмалық диалог үлгі-
лерін ажыратуға болады. Сондай-ақ, шешендік диалогтың
құрылымы метафоралық салыстыру, меңзеу, табу, мақал-
мәтел, риторикалық сұрақ, инверсия, ішкі ұйқас пен ырғақ,
аяққы қайталау,буын үндестігі секілді көркемдік телімдер-
ге бай екенін көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: