Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Литература Востока в средние века. Часть 2.-М, 1970.
2.Шешендік сөздер // Құраст. Адамбаев Б. – Алматы, 1990.
3.Жармұқамедов М. Айтыстың даму жолдары. – Алматы,
1976.
4.Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –
Алматы, 1996.
40
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
41
Портрет телімдері
К
өркем шығарманың баяндау жүйесіндегі мәнді
телімдердің бірі – портрет. Портрет кейіпкердің
сыртқы бет-әлпеті, киім киісі, жүріс-тұрысы, бет құ-
былысын суреттеу деген түсінікті берсе де, әдебиетте
адамның сырт бейнесінен гөрі оның ішкі әлемінің ерек-
шеліктеріне үңілу маңыздырақ. Батырлық жырлар мен
аңыз-ертегілерде кейіпкерлер сырт тұлғасы, іс-әрекеті
мен ішкі мінез-құлқы бір-біріне тікелей қабыса суретте-
леді. Орыстың ежелгі эпикалық жанрларындағы осын-
дай ерекшелікті сөз ете келіп, зерттеуші Л.А. Юркина :«
Итак, художественной литературе на протяжении долгих
веков было свойственно изображение персонажей по оп-
ределенным канонам и образцам. Общее в значительной
мере преобладало над индивидуальным»/1,256/,- деп,
XVIII ғасырдың аяғына дейін орыс әдебиетінде канон-
дық портрет үлгілері өмір сүргенін сөз етеді. Шынын-
да кейіпкердің өмір қозғалысында мүсінделуінің дамуы
XIX ғасыр реализмінің үлесіне тиеді. Сондықтан ежелгі
кезеңдердегі статикалық және нормативті суреттеу үлгі-
лерін қазіргі әдебиеттегі толымды динамикалық мүсін-
деу өнерінің бастауы ретінде тануға болады. Ал, ол
бастаулардың қазақ ауыз әдебиетіндегі ерекшеліктері
айрықша сөз етуді қажет етеді.
Әдебиет теоретигі Б. Майтанов «Портрет поэтикасы»
атты еңбегінде халық ауыз әдебиетіндегі автор мен кейіп-
кердің жалпы әсерлерін жеткізетін белгілер бірінші ке-
зекте тұратын, олардың жеке қасиеттеріне орын қалмай-
тын жорамал портрет жайлы, жорамал портретке қарсы
«архитектуралық», «живописьтік» деген жіктемелері,
«пластикалық портрет», «өзгеріс үстіндегі портрет»
жөніндегі түйіндері мен одан туындайтын «паспорттық
белгілер портреті», «лейтмотивті портрет» жөніндегі
А.И.Белецкийдің тұжырымдары мен байламдарының
ақиқаттығын құптағанмен, алдыңғы екі жіктеменің қазір
айтылмайтындығын сөз ете келіп, портрет жасауда сан
алуан теңеулер аясы кеңігенімен, құбылту, айшықтау
үлгілері жетекші қызмет атқармайтынын, бейнелеу, сәу-
лет өнерлеріне қатысты балама, салыстыру элементтері
әрқилы сапада елес тастайтындығын айтады./2, 4/. Де-
генмен, бұл айтылған тұжырымдар мен терминдердің
ауыз әдебиетіне қатыстысы жорамал портрет қана, өзгесі
жазба әдебиеттегі мүсіндеу өнеріне тән екені танылады.
Алайда, «көркем шығармада (жазба әдебиетте – ауд.
Р.Ә) портреттің алатын орны мен қызметі, оның жаса-
лу тәсілдері әдеби тек пен жанрға қатысты әрқилы бо-
латындығын» /1,253/ пайымдауға болады. Алайда, жазба
әдебиет пен фольклор туындыларындағы портрет үлгі-
лерін эволюциялық тұрғыдан шендестіруге болғанмен,
теңдестіруге болмайды.Фольклорда идеалды типтік си-
паттағы «отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын»
батыр, «ай десе аузы, күн десе көз бар» ақылына көркі
сай ғашық жар, кемеңгер қария, тапқыр жігіт, «астыңғы
ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреген» желден жүйрік
тұлпар, жағымсыз кейіптегі мыстан, батырдың жаула-
ры сияқты кейіпкерлер әсірелене бейнеленеді. Осыған
қарағанда, «фольклор өмірді де, кейіпкерді де бір тұр-
ғыдан бейнелейді, бір жағынан ғана сипаттайды»/3,29/.
Сондықтан фольклордың өмірді субъективті және нор-
мативті бейнелеу принципі кейіпкерді не жағымды, не
жағымсыз етіп белгілі бір типтік қалыпқа салып, «уни-
версалды» эпитеттермен, теңеулермен сипаттайды. Де-
42
МС
Достарыңызбен бөлісу: |