Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
13
баяндау түрлерінде бола бермейтіндігі. Эпос өмірді 
көркемдік тұтастықта суреттейді, дәуірлік шындықты 
ашады. Эпостық шығармашылықтың бірегейлігі мен 
ауқымдылығын, эпикалық жанрдың табиғатын қарас-
тыруға болады. 
Осы негізде XIX-XXғғ. әдебиетіндегі баяндаушы-
кейіпкер мәселесінің шындыққа көзқарастар сапасының 
әрқилылығы мен бағалаушылық бағдары тұрғысынан 
қарастырылуы маңызды. Үшінші жақтан баяндаудағы 
автор мүмкіндігі: ұстанымы, өз пайымы мен бағасы, ав-
тордан өзге «мен» болуы, «Мен» әңгімеші, А.С. Пуш-
кин «Капитан қызындағы» Гринев, Ә. Нұршайықовтың 
«Махаббат қызық мол жылдарындағы» және С. Сей-
фуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» тектес мемуарлық 
шығармалардағы «мен» баяндау үлгілері зерттеу еңбек-
терде жан-жақты қарастырылды. Баяндау тәсілдерінің 
әралуандығы – екінші жақ мысалында Ш. Құдай-
бердіұлы «Әділ-Мария» романын негізге алуға болады. 
Драма тегінің тарихы, драманың эпикалық сипат-
тары: оқиғалар тізбегі, адамдар іс-әрекеті, олардың 
қарым-қатынастары болып табылады. Драмада ашық 
баяндау мен суреттеудің болмайтындығы ескеріледі.
Автор сөзінің көмекші және эпизодтық болуы, драма-
лық шығармада қосалқы мәтін болатыны белгілі. Драма 
тегінің ерекшеліктері мәтін-монолог, репликалар мен 
кейіпкер сөздері. Драманың көркемдік мүмкіндігінің 
шектеулі болатындығына мәтінді пайдалану арқылы 
көз жеткізуге болады. Драматургтың предметтік-бейне-
леу құралдарының бір бөлегін ғана пайдалана алатын-
дығы, эпосқа қарағанда драмада характердің толымды 
еместігі, іс-әрекет уақыты драмада сахна уақытының 
шегіне сыйғызылатындығы, драмада бейнеленген сәт 
келесі шақпен тығыз байланысты болатындығы, оқиға-
ның уақытының қысқармауы және ұзармауы, кейіпкер-
лер репликасының үздіксіздігі (К.С. Станиславский) 
театр теориясына қатысты еңбектерде тұжырымдалға-
нын айтпасақ та болады.
Лирика тегінің шығуы лира сөзімен байланысты екені 
белгілі. Лирикада жеке адамның сана-сезімінің бейне-
ленетіндігі, оқиғаның болмайтындығы анық. Лирика-
дағы жағдайдың тұтас емес екені де рас. Лирикалық 
көңіл-күй тек сөйлеушіге ғана тәуелді емес. Лирикада 
көркемдік құралдар жүйесі түгелдей адам жанының 
тұтастай қозғалысын ашуға жұмсалады. Лирикадағы 
жағдай ерекше қуатпен бейнеленеді. Зерттеуші В.Е.Ха-
лизев лирикалық эмоция адамның рухани құбылыста-
рының жиынтығы, квинтэссенциясы екендігін пайым-
дайды./5,308/ Шынында да лирикалық шығармадағы 
көңіл-күй ерекше бір рухани жаңару болып табылады. 
Лирика адамның шындық өмірде бастан кешкен жағ-
дайларының көркем нәтижесі екенін айғақтайды. 
Зерттеулерде лирика тегінің шығу тарихына қатысты
философиялық, пейзаждық, азаматтық лирика мәселе-
лері қарастырылады. Лирикада бейнеленетін сезімнің 
өмір және табиғат фактілерімен, тарих және бүгінгі уа-
қытпен, әлем өмірімен байланыстылығын ұғындыры-
лады. Діни мотивтердің қазіргі лирикада көріну мәсе-
лесін қарастырылған еңбектер бар. Мәселен бұл мәселе 
Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Мағжан шығармашы-
лығына қатысты арнайы зерттеу еңбектерде қарасты-
рылғаны мәлім. Лирика көбінесе жақсылықты, құнды-
лықтарды жырлайды. Скептицизмге бой алдырмайды. 
Л. Гинзбургтің «О лирике» деген еңбегінде лирикада 
әсемдік жырланатындығын, ирония мен қарама-қайшы-


14
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
15
лықтың көрінетіндігін пайымдағаны белгілі. Мәселен, 
лирикалық поэма жанры көңіл-күйдің көпқырлылығын 
көрсетеді. 
Зерттеушілер кез-келген лирикалық шығармада меди-
тативтік бастау болатындығын тұжырымдайды. Меди-
тация латынша ой-толғаныс. Лирика суретке құрылса да 
оның астарында медитация болатындығы – көркемдік 
қуаты болуы шарт. Эпикалық баяндаудағы бейтарап-
тық, құштарлықсыздық лирикаға тән емес екені белгілі. 
Лирика тілі экспрессияға толы болатындығы – негізгі 
доминант. Лирикалық экспрессия – сөз таңдау ерек-
шелігін синтаксистік құрылым, мәтіннің ырғақтық-
фонетикалық құрылымын тану оңай емес. Осы орайда 
З. Ахметовтің «Поэзия-даналық шыңы» еңбегіндегі 
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» лирикалық өлеңіне 
теориялық және текстологиялық байыптама жасағанын 
айтсақ та жеткілікті /8,11-14/. Лирика жанрына қатыс-
ты ендігі бір мәселе – лириканың автопсихологиялығы. 
Бұл тұста А. Блок, А.С.Пушкин, М.Мақатаев, Ф.Оңғар-
сынова сияқты ақындардың мәтіндерінен нақты мысал-
дар келтірудің маңызы айрықша. Автор мен оқырман 
«бізі» лириканың эпостан ерекшелігі болып табылады.
Қорыта айтқанда, әдеби тектердің шығу тарихын 
олардың осындай әралуан әрі ортақ ерекшеліктері бо-
латындығымен, тарихи уақыт қалыптастырған жік-
телім жүйесі екендігімен түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет