Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2



Pdf көрінісі
бет12/86
Дата25.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#164320
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
Байланысты:
инклюзивтен кітап

 
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 
1. Арнайы білім беру эволюцияның 1 және 2 сатыларында қандай 
өзгерістер орын алды? 


27
2. Арнайы білім беру эволюциясының 3 және 4 сатыларында қандай 
өзгерістер болды? 
3. Арнайы білім беру эволюциясының 5 кезеңі немен ерекшеленді? 
 
 
2.4. Онтогенездің түрлі сатыларында интеграцияны 
тиімді жүзеге асырудың ішкі және сыртқы жағдайлары
Мазмұны: 
1. Интеграцияны жүзеге асырудың сыртқы және 
ішкі шарттары.
2. 
Онтогенездің 
түрлі 
сатыларында 
интеграцияны тиімді жүзеге асырудың негізгі 
талаптары.
 
Мақсаты:
Интеграцияны жүзеге асырудың ішкі және сыртқы 
шарттарын анықтау. 
Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуының жас ерекшелік 
сатыларындағы әлеуметтік-білім беру қызметтері де, 
министрлік тарапынан мамандармен қамтылуы бір-бірінен 
өзгеше. 
Әлеуметтік- 
білім 
беру 
интеграциясын 
ұйымдастыруға онтогенетикалық тұрғы тәжірибесіне 
негізделе отырып, бала іс-әрекетінің жетекші және типтік 
түрлері бойынша, медико-әлеуметтік қолдау ерекшеліктері 
бойынша, 
түзетушілік-педагогикалық 
үдерістің 
ерекшеліктері бойынша және отбасымен жұмыстың негізгі 
бағыттары бойынша ерекшеленетін төрт сатыға бөлінеді: 
ерте балалық шақ кезеңі, мектепке дейінгі білім беру, 
мектепте оқу және кәсіби еңбекке бейімделу. Бұл сатылар 
бір-бірінен мақсаттары, міндеттері, ата-аналар мен 
мамандардың біріккен іс-әрекетінің басымдықтары, жетекші 
мамандардың қызметтерінің өзгерістерімен ерекшеленеді.
Ерте балалық шақ кезеңі 
Ерте балалық шақ сатысында интеграцияны жүзеге асыруға 
негізгі талаптарды белгілейік: 

Ата-аналардың 
балаға 
балалар 
емханасының 
мамандары, а ймақтық ППМҚ орталығы көрсететін 
кешенді психологиялық-педагогикалық және медико-
әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі;


28

Ерте 
психологиялық-педагогикалық 
көмек 
бағдарламасы бойынша перинаталды энцефалопатия 
(ПЭП) салдары бар ерте шақтағы балалармен 
кеңестер мен арнайы сабақтар өткізу;

Ерекше білім беру қажеттіліктерінің даму динамикасын 
есепке ала отырып, кешенді психологиялық-
медициналық педагогикалық көмек көрсету мен жеке 
түзетушілік-білім 
беру 
маршрутын 
түзету 
ықтималдығының қатал бірізділігі;

Жалпы білім беру немесе арнайы балабақшаларға 
қатысуға даярлық мақсатында 1,5 нан 2 жасқа дейінгі 
балалар үшін ППМҚ орталығы немесе мектепке дейінгі 
білім беру орталығы базасында баланы адаптациялық 
топқа немесе уақытша топтарға көшіруді ұйымдастыру.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі – ерекше білім 
беру қажеттілігі бар баланы алғашқы қоғамдық білім беру 
жүйесі болып табылатын мектепке дейінгі оқыту және 
тәрбиелеу мекемесіне енгізу уақыты.
Мектепке 
дейінгі 
балалық 
шақ 
сатысында 
интеграцияны жүзеге асыруға талаптар:

Қандай да бір шектеулері бар бала үшін жеке 
түзетушілік-дамытушылық және білім берушілік-
тәрбиелеушілік бағдарламаның міндетті түрде болуы;

Баланың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін қорғаушылық-
педагогикалық және пәндік-дамытушылық орта туғызу 
қажеттілігі;

Педагог-дефектологтың 
жетекші 
рөлімен, 
қызметкерлер тобымен жүзеге асатын арнайы білім 
беруге көмектің болуы;

Интеграцияланған мектепке дейінгі білім беруге 
тартылған барлық мамандардың қызметтерінің нақты 
бөлінуі;

Ата-аналарды өз баласын ынталандыратын қарым-
қатынас дағдыларына оқыту;

Интеграциялық оқытуға тартылған дамуы қалыпты 
мектепке дейінгі жастағы балаларды психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу. 


29
Мектепке дейінгі жастағы интеграцияланған оқытудың 
маңызды формаларының бірі – бұл уақытша топ. Себебі 
топтарға түрлі құрылымды ауытқушылықтар бар балалар 
қабылданады, топтық сабақтарды ұйымдастыруда 2-3 
педагогтың бір уақыттағы бірікке жұмысы қажет. 
Қандай да бір қызметті дамыту бойынша сабақтарда 
педагогтардың бірі жүргізу кезінде басқа педагогтар 
сүйемелдейтін педагог функцияларын орындайды, сол 
арқылы балаларға сабақтарға көмектеседі және ата-
аналарға өз балаларымен өзара әрекет жасау дағдыларын 
оқытады.
Мектепте оқу кезеңі.
Мектепте 
оқу 
кезеңін 
әлеуметтік-білім 
беру 
интеграциясын жүзеге асыру үшін келесі төрт құрылымдық 
компоненттердың болуы қажет. 
• Жалпы білім беретін сыныптың жағдайында оқыту; 
• 
Түзетушілік-педагогикалық 
қолдау 
сыныбы 
жағдайында оқыту;
• Мекемеде барлық білім алушыларды психологиялық-
медициналық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесі;
• Қосымша білім беру қызметінің жүйесі.
Ерекше білім беру қажетілігі бар балалар жалпы білім 
беретін сынып жағдайында бейнелеу өнері, ӨҚН, дене 
шынықтыру, музыка, ән және еңбек сияқты пәндерді оқиды, 
ал ереше білім бер қажеттіліг бар балаларға арналған 
бағдарлама бойынша пәндер – түзетушілік-педагогикалық 
қолдау сыныптары жағдайында оқытылады. Бұл әдетте 
математика, орыс тілі немесе сөйлеуді дамыту, еңбекке 
оқыту, ритмика.
Қосымша білім беру жүйесі әлеуметтік-білім беру 
интеграциясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның 
бағыттары әр түрлі болып келуі мүмкін, бірақ қажетті 
минимумы:

Дене шынықтыру- спорттық секциялар;

Көркемдік-эстетикалық студиялар және үйірмелер;

Сәндік - қолданбалы өнер сабақтары;

Ғылыми-техникалық шығармашылық.
Кәсіби еңбекке бейімдеу кезеңі.


30
Кәсіби еңбекке бейімдеу сатысында әлеуметтік-білім 
беру интеграциясын ұйымдастыруға келесі талаптарды 
ескеру қажет:
• ақыл-ой және денелік еңбекке қабілеттілік, эмоционалды-
еріктік, сенсомоторлық жағдайын, зияткерлік салалардың, 
сөйлеуді дамыту және қарым-қатынас дағдыларын, 
әлеуметтік-психологиялық мәртебені есепке алу; 
• Кәсіби бағдар қызметінің ерте басталуы;
• Жасөспірімнің психофизиологиялық мүмкіндіктерін нақты 
мамандық және жұмыс орнының параметрлерімен 
сәйкестендіру;
• бос орындар туралы мәліметтерді тұақты түрде жаңарту 
және кәсіби сабақтардың аясын кеңейту;
• психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінің 
болуы және постинтернаттық қолдау;
• түрлі білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктері бар 
балалар мен жасөсіпірімдер үшін қашықтық білім беруді 
дамыту;
• педагог мамандарды, еңбекке оқыту шеберлерін және 
әлеуметтік педагогтарды даярлау және қайта даярлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет