133
Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының
бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін
жағдайлар жасайды.
Конституция Қазақстан Республикасын
демократиялық мемлекет деп
жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық
басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Ата Заң 3-бабының 1-тармағында
мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл
конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді.
Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану халық суверенитетінің көрінісі
болып табылады. Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа
тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды
жұртшылыққа жеткізу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі –
біздің жетістігіміз!
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30
тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік
мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1998 және 2007
жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі өзгерістер
енгізілді.
Оқушының өзін тұлға ретінде сезініп, азаматтық-құқықтық міндеттерін
және өмір сүруге,
денсаулығын сақтауға, басқа адамдар сияқты тең құқығы
бар екенін түсіндіру мақсатында Конституция күніне орай көптеген іс-
шараларды өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: