Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет208/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Ы.Алтынсаринның 
педагогикалық 
қызметі
 
// Дарын. - 2013. - № 1. - 3-5 б. 
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889
): 
[бұл 
басылым түгелімен 
Ы.Алтынсаринге арналған] // Аңыз адам. Жұлдыздар отбасы. - 2013. - №17. 
Іргебаева Н.
Ыбырайдың 
ұрпақтары байдың тұқымы ретінде 
қудаланған / Н. Іргебаева // Аңыз адам. - 2013. - № 17- қыркүйек. -7-9 б. 
Қараша 
7 жұлдыз
Химия ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан 
Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек 
сіңірген ғылыми қайраткері, әл-Фараби атындағы Қазақ 
мемлекеттік университетінің ректоры (1986-1988), 
Еділ 
Ерғожиннің 
туғанына 
75 жыл
(7.11.1941) 
Ерғожин Еділ
1941 жылы 7 қарашада Талдықорған облысы (қазіргі 
Алматы облысы), Ескелді ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. 1963 
жылы Қазақтың мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы 
Қазақтың Ұлттық университеті) бітірген. 
1962-1980 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Химия ғылымдары 
институтында аға лаборант, аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, 
лаборатория меңгерушісі болды. 
1980-1983 жж. Қазақтың мемлекеттік университетінің жоғары 
молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, химия 
факультетінің деканы, 1983-1986 жылдары ҚазМУ-дің бірінші проректоры
1986-1988 жж. ректоры болды. 
Е.Ерғожин 1988-1994 жж. Химия ғылымдары институтының директоры, 
сонымен қоса 1994-1995 жж. Қазақстан Ғылым академиясының вице-
президенті қызметтерін атқарған. 
1999 ж. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім (қазіргі білім 
және ғылым) вице-министрі болып қызмет ете жүріп, 2007 жылға дейін 
Ә.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры болды. 


168 
Қазіргі уақытта «Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ 
президенті. 
Е.Ерғожин жоғары молекулалық қосылыстар химиясы саласындағы 
ғалым, осы салада жаңа теориялық және тәжірибелік маңызы зор жаңалықтар 
ашты. Қазақстандағы ион алмасу химиясы мен мембраналық технология, 
тотығып-тотықсызданғыш және краун қосылыстардың негізінде полимерлер 
алу және зерттеу саласындағы ғылыми мектептің негізін қалаушы. 
Е.Ерғожин көптеген Халықаралық симпозиумдар мен конференциялардың 
төрағасы 
және 
мүшесі 
болып, 
баяндамалар 
жасады. 
Қазақстан 
Республикасының «Ғылым туралы» заңының, «Ғылым» мемлекеттік 
бағдарламасының жобасын жасау тобының жетекшісі болды. 
Е.Ерғожиннің есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына жазылып, 1991 
жылы КСРО Ғылым академиясының С.И.Вавилов атындағы медалімен, 1995 
жылы Халықаралық әл-Хорезми атындағы ғылыми фестивальдің Алтын 
медалімен, 2001 жылы «Барыс» алтын омырау белгісімен, 2002 жылы Ресей 
мен Францияның ғылым саласындағы Алтын медальдарымен, «Наполеон» 
Алтын медалімен, 2003 жылы «Парасат» орденімен марапатталып, 2000 ж. 
«Алтын адам – Жыл Адамы» және меценаттар клубының платиналы 
«Тарлан» сыйлықтарын алды. 2003 жылы Символикалық «Ғылым маршалы» 
атағы берілді.
Е.Ерғожиннің еңбектерi негізінен орыс тілінде, оларды 2016 жылға 
арналған орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет