210
Тәшімбай Ғ.
Темірдей тәртіп орнатқан Темірбек: [ғалым, филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Темірбек
Қожакеев
туралы]
/ Ғ. Тәшімбай // Алматы ақшамы. - 2015. - 17 қаңтар.
Желтоқсан
25 жұлдыз
Тарих
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның
халыққа бiлiм беру iсiне еңбек сiңiрген қайраткер
Жанұзақ
Қасымбайұлы
Қасымбаевтың
туғанына
75
жыл
25.12.1941-26.02.2004
Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы
1941 жылы 25 желтоқсанда Шығыс
Қазақстан
бұрынғы Семей
облысы Аягөз
ауданы Баршатас ауылында
туған.
1965 ж. Қазақ Мемлекеттiк университетiн
қазiргi әль-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетi
бiтiрген. 1965-1967 жж.
Талғар қаласындағы
А.С.Пушкин атындағы орта мектепте мұғалiм, 1967 жылдан Қазақтың
педагогикалық институтында
қазiргi Абай атындағы Ұлттық педагогикалық
университет
тарих кафедрасында ассистент,
аға оқытушы, доцент болды,
1982 ж. бастап Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушiсi болды,
өмiрiнiң соңына дейiн осы университетте қызмет еттi. 1991 жылдан осы
университетте Отан тарихынан ғылым кандидаттарын
даярлайтын арнайы
кеңестiң төрағасы болды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты бағыттары
ХҮIII-ХХ ғасырдың
бас кезiндегi Қазақстан қалаларының қазақ ауылдарымен және iргелес
елдермен
қарым-қатынастары, Орта Азия елдерiндегi саяси және сауда
байланыстары, қазақ жерiн Ресей империясының отарлауы, ХҮIII-ХIХ
ғасырларда қазақтан шыққан саяси және әскери қайраткерлер, т.б. Осы
салада көптеген ғылыми монографиялары жарық көрдi.
1970 жылы «Семей
қаласының тарихы
1718-1917жж.
» тақырыбына
кандидаттық диссертация, 1983 жылы «Шығыс Қазақстан қалаларының қазақ
ауылымен,орыс шаруа мекендерiмен және iргелес мемлекеттермен қарым-
қатынастардың орталықтары ретiнде дамуы
ХҮIII ғ. 20 жылдары – 1917 ж.
»
деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Ол елiмiз тәуелсiздiк алған соң төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарындағы
күрделi тақырыптарға батыл барып, айтулы хандар мен сұлтандардың, әйгiлi
батырлар мен билердiң өмiрiн заман талабына сай жаңаша жазды.
1993 жылдан бастап «Қазақ тарихы» журналының белсендi авторы болып,
қазақ мемлекетiнiң қалыптасу тарихына, жоғары оқу орындарында Қазақстан
тарихын оқытуға арналған мақалалар жазды.
Ж.Қасымбаев «Парасат» орденiмен, «Халық ағарту iсiнiң үздiгi»
белгiсiмен, марапатталған. Алматы
мемлекеттiк университетiнiң
қазiргi
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет
70 жылдығына арналған
конкурстың жеңiмпазы болып, бiрiншi ақшалай сыйлықтың иегерi болған.
Қазақстанның халық ағарту iсiне еңбек сiңiрген қайраткер.