«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Ұйым Бағдарламалар/Мақсаты



Pdf көрінісі
бет24/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   196
Байланысты:
edu kk

Ұйым
Бағдарламалар/Мақсаты
Сомасы
ЖАО
(Кәсіпкерлік 
басқармасы)
Экономиканың басым салаларында, өңдеуші 
өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеялар-
ды іске асыру үшін өтеусіз мемлекеттік грант 
беріледі
3 млн. тг дейін
Бизнесті инкубациялау аясында индустри-
ялық-инновациялық жобаларды іске асыру 
үшін өтеусіз мемлекеттік гранттар беріледі
жоба құнының 80%-
на дейін, 50 млн. 
теңгеден аспайды
Шұғыл байланыс телефондары (call-орталық) 1408, +7 (800) 080-18-90, «Даму» 
веб-сайтындағы сілтеме
2.3 «АГРО-БИЗНЕС 2017-2021» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 
ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама мақсаты: 
Нарықта қажетті агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге 
қабілетті өнімінің өндірісін қамтамасыз ету 
Міндеттері:
• ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына 
тарту;
• ішкі нарықты қанағаттандыру және отандық өнімдердің экспорттық әлеуетін 
дамыту;
• мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану;
• су ресурстарын тиімді пайдалану;
• жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау;
• ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияланды-
ру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру;
• сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
• ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз 
ету.
Субсидиялау жүйесін жетілдіру
Субсидиялар тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні 
(әрі қарай АШТӨ) мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында 
субсидиялау өлшемшарттары мен нормативтерінің егжей-тегжейлі айқындамасы 
қолданылатын болады. Субсидиялар басым тәртіппен сұранысқа ие өнім өндірісін 
қолдауға, өндірістік шығындарды төмендетуге бағытталатын болады.


33
Субсидиялауды жетілдірудің жалпы шаралары. 2017 жылдан бастап субсидия-
лау жүйесіне мынадай өзгерістер енгізілетін болады:
• салыстырмалы мәндегі, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құ-
нының пайызындағы субсидиялаудан абсолютті, құндық мәндегі субсидияла-
уға басым түрде көшу;
• салада технологиялық процестерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес субсидия-
лар беру мерзімдерін оңтайландыру;
• мынадай басымдықтар бойынша басымдықпен субсидиялау: импортты ал-
мастыру, экспортқа бағдарлану, өзге де бағыттар, ішкі тұтынуды қамтамасыз 
ету көрсеткішіне қол жеткізу бойынша субсидиялау деңгейі қысқаратын бо-
лады;
• кредит беру мерзімі бір жылға дейінгі айналым қаражатын толықтыруға ар-
налған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қоспаған-
да, мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттемелерінің шоғырлануын болдырмау 
үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан инвестициялық шығындарды 
субсидиялауға көшу;
• маңызды өңірлік мәні бар АӨК өнімінің жекелеген түрлерін субсидиялауды 
уәкілетті орган әзірлейтін қағидалар бойынша ЖБ қаражаты есебінен жүзеге 
асыру.
• Бұдан әрі субсидиялау жүйесі мынадай түбегейлі өзгерістерге ұшырайды:
• субсидиялауға арналған барлық өтінімдерді қараудың, мониторинг жүр-
гізудің және деректерді алушылар бойынша топтастырудың автоматтанды-
рылған жүйесін кезең-кезеңмен енгізу;
• шығындардың жекелеген түрлерін субсидиялаудан кәсіпорынның өндірістік 
көрсеткіштері және төленетін субсидия тиімділігінің мониторингі негізінде 
оны кешенді субсидиялау саясатына көшу;
• берілетін субсидия түрлерін және АӨК субъектілерінен сұралатын құжаттар-
ды түбегейлі азайту;
• субсидиялардың тиімділігін арттыру және АШТӨ-нің мемлекеттік қолдау ша-
раларымен қамтылуын кеңейту мақсатында субсидиялау нормативтері мен 
өлшемшарттарының барынша егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет