«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


«ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдіктері



Pdf көрінісі
бет27/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   196
Байланысты:
edu kk

«ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдіктері
2016 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы-
сымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-
2018 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «ҚазАгроКепіл» АҚ 
бағдарламасының екінші бағыты бойынша, атап айтқанда ісін жаңа бастаған кәсіп-
керлер бизнесін ашу, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті кеңейтуге бағытталған 
шағын қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несиелерді/несиелерді кепілден-
діру бөлігі бойынша жұмыс жасайды. 
Ауылдағы және шағын қалаларда жұмыс істейтін кез келген кәсіпкер «Аграр-
лық несие корпорациясы» қаржыландыратын Кредиттік серіктестіктерінен немесе 
МҚҰ-дан несие ала алады. Кепілдік құны жетіспеген жағдайда, кәсіпкер «ҚазАгро-
Кепіл» АҚ кепілдемелері үшін өтініш бере алады.
Бағдарламаға қатысушылар жұмыссыздар (халықты жұмыспен қамту орта-
лықтарында тіркелген/тіркелмегеніне қарамастан), өзін өзі жұмыспен қамтыған-
дар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауылшаруашылық 
кооперативтері мен олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, шаруа және фер-
мер қожалықтары болып табылады. 


36
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Кепілдендірілген несиенің максималды сомасы – 5000 АЕК-ке дейін. 2018 
жылы ол 12 миллион 025 мың теңгені құрайды. Кепілдіктер Бағдарлама шеңберін-
де 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек КС/МҚҰ-нан алынған несиелер бойын-
ша және Ұлттық қор, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, облыс әкімдігі және 
микрокредиттің қаражаты есебінен Бағдарламаның шарттарына сәйкес беріледі. 
Несие/кепілдік мерзімі 5 жылға дейін. Мал шаруашылығы саласында және ауыл 
шаруашылығы кооперациясын құрғандарға – 7 жылға дейін. Кепілдіктер түпкілікті 
қарыз алушыға жылына 6% мөлшерінде берілетін несиелерге ұсынылады.
Стартаптар мен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасының 85% 
дейін кепілдік беріледі. Яғни өз бизнесін нөлден бастағандар несие сомасының 
15%-ын жапса жеткілікті. Қалған 85% үлесіне «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік береді. 
Мысалы, 450 мың теңге көлемінде кепілдікке ие болған кәсіпкер, 3 млн. теңге 
несие алуға үміттене алады. «ҚазАгроКепіл» АҚ пайда табуды көздемейтін, ком-
мерциялық емес ұйым екенін ерекше атап өту керек. Кепілдіктер ақысыз беріледі. 
Комиссиялар жоқ.
2017 жылы 187 фермер кепілдік пайдаланды, кепілдік алғандардың 44%-
ы бизнесті нөлден бастаған кәсіпкерлер. 1 жылдан 3 жылға дейін ісін жаңадан 
бастаған кәсіпкерлердің үлесі 24%-ды құрады. Кепілдіктерге өтініш білдірген 
әрекеттегі кәсіпкерлердің үлесі 32%-ды құрайды. Қазіргі күнге берілген кепілдік-
тердің жалпы сомасы шамамен 981 млн. теңге құрады. Кепілдік бойынша орташа 
несие сомасы – 6,6 млн. теңге, кепілдіктің орташа сомасы – 4,0 млн. теңге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет