35
2) салалық шектеулерсіз барлық өңірлерде өз жобаларын іске асыруды және
(немесе) жоспарлауды жүзеге асыратын жас, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер;
3) МИИДБ анықталған өңдеуші өнеркәсіптің басымды салаларында/экономи-
калық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (әрі қарай ЭҚЖЖ) басымды секторла-
рында жұмыс жасайтындар;
4) Ағымдағы кредиттер, лизингілік келісімдер бойынша қарыз/кепілге өтінім
беру кезеңінде мерзімі өткен берешегі жоқ азаматтарға;
5) соңғы есепті күнде, несие алуға өтініш бергенге дейін, салық берешегі, мін-
детті зейнетақы жарналары бойынша берешегі және бюджетке әлеуметтік ауда-
рымдар бойынша (10 АЕК-тен көп емес) берешегі жоқ азаматтарға.
Бағдарламаның қатысушылары тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдар-
ламалар шеңберінде банктер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының қаражаты есебінен мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлер
болуы мүмкін.
Несиелерді кепілдендіру бағдарламасына қатысу үшін сізге қажет:
1. Несие алу үшін банктердің біріне хабарласыңыз (Бағдарламаға қатысатын
банктердің тізімі: http://www.damu.kz/3144; өтініш формасы: http://www.damu.
kz/2637).
2. Несиені мақұлдағаннан кейін, Банк «Даму» қорына жоба құжаттарын жібе-
реді.
3. «Даму» қоры сіздің жобаңыз туралы 5-15 жұмыс күні ішінде шешім қабыл-
дайды және банкке хабарлама жібереді. Кәсіпкер, банк және «Даму» қоры Кепіл-
дік туралы келісімге қол қояды.
4. Кәсіпкерлер қаржысын банктен алады.
Әрекеттегі кәсіпкерлерге 180 млн. теңгеге дейінгі жеке кепілдіктер беру про-
цесінде, «Даму» қоры шешім қабылдағаннан кейін Аймақтық үйлестіруші кеңес (әрі
қарай АҮК) қатысады және кәсіпкердің өтінішін қабылдап, жобаны мақұлдау туралы
қорытынды шешім қабылдайды. Басқа жағдайларда ӨҮК шешімі қажет емес.
Достарыңызбен бөлісу: