«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру



Pdf көрінісі
бет25/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   196
Байланысты:
edu kk

Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру
Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдірудің негізгі 
шаралары бірінші кезекте клиенттерді қамтуды кеңейтуге, ұсақ және орта шару-
ашылықтарды, кооперативтерді тартуға бағытталатын болады.
Атап айтқанда, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қызметін АШТӨ-ні тікелей қолдау құрал-
дарын іске асырудан ауылдық жерде қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру 
жөніндегі кешенді шараларды іске асыруға біртіндеп қайта бағдарлау жоспарла-
нуда.
Кейіннен АӨК субъектілеріне кредит беруі үшін жеке қаржы институттарын
атап айтқанда, кредиттік серіктестіктер мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін 
қорландыру үшін капитал нарықтарынан қаражат тартылатын болады.
Сондай-ақ кредиттік серіктестіктер мен кооперативтердің қызмет стандарт-
тары мен қағидаларын әзірлеу, кредиттік серіктестіктердің қызметін бақылау-қа-


34
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
дағалау функцияларын жүзеге асыру функциялары бар өзін-өзі реттейтін ұйымда-
ры құрылатын болады.
АШТӨ-ге түсімді неғұрлым жоғары баға маусымы кезеңінде өткізу мүмкіндігін 
беру мақсатында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын бюджеттік қаржылан-
дыру тетігі қайта қаралатын болады.
Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтер желісін кеңейту және дамыту, сон-
дай-ақ депозиттер қабылдауды кредиттік серіктестіктер жүзеге асыратын опера-
циялар тізбесіне қосу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
«ҚазАгроКепіл» АҚ қаржы ұйымдарының қарыздары бойынша кепілдіктер бе-
ретін болады. Сондай-ақ «ҚазАгроКепіл» АҚ өсімдік шаруашылығы мен мал шару-
ашылығындағы сақтандыру жүйесіне қатысатын болады.
Аталған өзгерістер кредиттік кооперация жүйесіне АӨК-ні дамыту міндеттерін 
шешу үшін ауыл халқының қаражатын тартуға, кредиттік серіктестіктердің мемле-
кеттік қаржылық қолдауға тәуелділігін төмендетуге, ауыл халқының қалың жігіне 
кредиттік ресурстарға қолжетімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2.4. МИКРОКРЕДИТТЕУ, КЕПІЛДЕНДІРУ, СУБСИДИЯЛАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет