«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


ЖҚШ ауданда малды жаюына ешқандай кедергі жоқ



Pdf көрінісі
бет72/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   196
Байланысты:
edu kk

ЖҚШ ауданда малды жаюына ешқандай кедергі жоқ
;
• сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың жұмысында жүктеме жоқ әрі малды 
жаюда және жем мәселесінде кедергілер жоқ болғандықтан, ауданда сүтті бағыт-
тағы ірі қара малды ЖҚШ-да дамыту әлеуеті жеткілікті. Өзінің даму мақсатын қа-
лыптастырып алғаннан кейін, фирма осыған 
жету стратегиясын
, яғни алға қойған 
мақсаттарды орындауға бағытталған ұзақ мерзімді іс-әрекеттерді айқындайды. 
Жобалардың көбі ауыл шаруашылығы саласында болғандықтан, кәсіпкерлердің 
агробіліктілігі бойынша мәселелерін білгеніміз абзал. Ол туралы толығырақ келе-
сі «Ауылшаруашылық кооперациясы және кәсіпкерлердің агробіліктілік негіздері» 
6-модулінде танысамыз.


85
6-МОДУЛЬ. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ 
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ АГРОБІЛІКТІЛІК НЕГІЗДЕРІ
6.1. Ауылшаруашылық кооперациясының түрлері
6.2. Ауылшаруашылық кооперациясын қолдау құралдары
6.3. Өсімдік шаруашылығындағы агробіліктілік
6.3.1. Аймақтың шаруашылық экономикасы және табиғи-климаттық жағдайлары
6.3.2. Тұқымдар, көшет түрлері және оларды таңдауға ұсынымдар 
6.3.3. Егістікке күтім жасау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясы. 
Фитосанитарлық нормалар. Зиянкестермен күрес
6.4. Мал шаруашылығындағы агробіліктілік
6.4.1. Салаға кіріспе және аймақтың табиғи-климаттық жағдайында малды таңдауға 
ұсынымдар
6.4.2. Мал шаруашылығын және басқа да ауыл шаруашылығы малдарын ұстау технологиясы 
6.4.3. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру және олардың аурулары. Ветеринарлық-
санитарлық нормалар 
6.4.4. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру
6.1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Заманауи әлемдік практика, сондай-ақ отандық тәжірибе ауылшаруашылығын
дамыту шағын және орта бизнестің дамуымен әрі олардың кооперациясының ар-
тықшылығымен анықталатынын дәлелдеді.
Етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту Бағдарламасының негізін отба-
сылық ферма түріндегі кішігірім шаруашылықтар құрайды және ірі қара мал 
өсіретін ферма шаруашылықтарынан, өнеркәсіптік бордақылау алаңдарынан және 
қазіргі заманғы ет өңдейтін кешендерден құралатын зәкірлі кооперация түрінде 
құрылады.
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы бағдарламасы да сүт өндіретін отбасылық 
фермалардан, өнеркәсіптік сүтті-тауарлы фермалар мен заманауи сүт зауытта-
рынан тұратын зәкірлі кооперация принципімен құрылады.
Зәкірлі ауыл шаруашылығы кооперативтері көлденең және тік кооперация 
элементтерін қолдана отырып, АӨК ірі және шағын субъектілерін экономикалық 
тұрғыдан біріктіруге мүмкіндік береді.
Зәкірлік кооперация ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өнімді сатуға 
кепілдік беруді ұлғайту мақсатындағы АӨК орта және ірі субъектілерінің ауылша-
руашылық жерлері бар шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/
немесе ауылшаруашылығы кооперативтері мен басқа да өтініш берушілердің 
серіктестігі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы кооперативі шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық 
нысандарының бірі болып табылады, бұл – кооператив мүшелерінің материалдық 
және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың бірлескен 
өндірісіне немесе басқа да мүліктік пай жарналарын біріктіруге негізделген ша-
руашылық қызметі үшін ауылшаруашылығының тауар өндірушілері құрған ұйым. 
«Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 
сәйкес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет