82
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Шығындарды стратегиялық талдаудың маңызды құралы – өнім немесе қызмет-
ті әзірлеу, өндіру, ілгерілету, жеткізу және қолдау жөніндегі қызметтерді, функция-
лар мен процестерді айқындайтын өткізу тізбегі. Кәсіпорындар тізбегі тұтынушы-
лар үшін баға құратын негізгі қызмет түрлерін және қосымша қызмет түрлерін
анықтауға мүмкіндік береді. Стратегияны әзірлеу үшін маңызды болып табылатын,
сондай-ақ бар артықшылықты қалай дамытуға болатындығын анықтау үшін фир-
мада және одан тыс қызмет түрлерінің арасындағы
қатынастарды стратегиялық
бағалаудың құралы болып табылады. Қызмет түрлерінің құнын жасайтын тізбек
шикізатпен қамтамасыз етуден басталып, өнімнің бөліктері
мен компоненттерін
өндіру, құрастыру мен шығару процесінде, түпкі тұтынушыларға өнімді жаппай
және бөлшек саудамен сату немесе қызметтер көрсетумен аяқталады.
Өңірде өткізу тізбегін қалыптастыру үшін мына ақпараттар қажет:
•
Кәсіпорын қызметінің бағыты
• Кәсіпорын атауы
• Кәсіпорын реквизиттері
•
Елді мекен
• Шикізатты қайдан және қандай бағамен сатып алады?
• Шикізатты қандай көлемде сатып алады?
• Қандай өнім және қандай көлемде өндіреді?
• Өнімді қайда және қандай бағамен өткізеді?
ШҚО Катонқарағай ауданындағы сүт өткізу тізбегінің картасы:
83
Өңірдің өткізу тізбегі картасының деректері негізінде ШҚО Катонқарағай ауда-
ны бойынша талдау мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: