«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Сату (өткізу) нарығының әдістерін құру



Pdf көрінісі
бет67/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196
Байланысты:
edu kk

Сату (өткізу) нарығының әдістерін құру
Ол үшін кез келген ұйымда бірнеше жолы бар:
• 
Тікелей
. Бұл жағдайда компания-өндіруші тауарды өткізуге байланысты 
басқаруды және барлық процесті жүзеге асыруды өзіне алады. Мұндай тәсілдің 
артықшылығының мәні мынада, яғни өнімді жасаудан бастап, оны тұтынушының 
сатып алуына дейінгі барлық кезеңге бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ ұйымның тез 


80
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
және толық «кері байланыс» алу және нарықтағы қажеттіліктер мен үрдістердің 
өзгеруінде жедел әрекет ету мүмкіндігі бар. Осындай тәсілдің кемшілігі, қосымша 
қызметкерлердің штатын, логистика бөлімін және т.б. ұстау қажеттігі. Әдетте, тіке-
лей әдісті тек географиясы шектеулі, шағын нарықта жұмыс істейтін шағын компа-
ниялар қолданады.
• 
Жанама әдіс
. Оған тікелей әдісті пайдалану тиімсіз немесе өте үлкен мате-
риалдық шығындарды талап еткен жағдайда жүгінеді. Мысалы, өткізу нарығының 
географиясы кең болғанда. Бұл әртүрлі делдалдарды пайдалану арқылы жасалады.
• 
Аралас
. Өнімді сатуда неғұрлым пайдалы әдістерді біріктіреді. Мұндай тәсіл 
неғұрлым тиімді, өйткені тауарларды сату және нарыққа қатысушылармен қа-
рым-қатынас үшін барынша көп арналарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Пайданың ұлғаюы
Кез келген компанияның міндеті мен тілегі пайдасын арттыру әрі өз саласында 
лидерлік позицияларға қол жеткізу болып табылады. Сондықтан ішкі факторларды 
жақсартумен қатар, сыртқы факторлармен де жұмыс істеу қажет. Бұл дегеніміз өт-
кізу нарығын кеңейту болып табылады.
Осы процестің негізгі бағыттары мыналар:
• Өз тауашасындағы орнын ұлғайту. Әдетте, тауардың сапасын жақсарту, қосым-
ша қызмет көрсету, өнімнің сатып алушылардың жекелеген тобына арналған жаңа 
нұсқасын шығару есебінен қол жеткізіледі.
• Басқа нарықтарға шығу. Бұл жағдайда компания өткізудің неғұрлым жоғары 
деңгейіне кеңейеді.
• Чектің орташа сомасын ұлғайтуға мүмкіндік беретін қосымша тауарларды 
шығару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет