329
P.S. Бір ғана өкінішім бар. Кеше кешкі ауық түшкіріп, сәл сырқаттанып
қалдым. Ыстығым бар. Тойдың басы-қасында өзім болмақ уәдем бар еді. Бұл
уәдеден шыға алмай қалдым. Ғафу сұраймын». Бұл хаттың кирилл қарпімен
қатар төте жазумен жазылған нұсқасы да Асқар Жұбановтың мұрағатында
сақтаулы.
А.Қ.Жұбанов 2001 жылы филология ғылымдарының докторы,
математик А.В.Зубовтың ғылыми кеңесшілігімен «Основные принципы
формализации содержания казахского текста» атты тақырыпта докторлық
диссертация қорғады. Ғалымның зерттеулерінде қолданбалы лингвистика
саласының әдіс-тәсілдері беріліп, жиілік сөздік мәселесі, олардың автоматты
түрде жасалу жолдары көрсетілген. Қазақ мәтініндегі негізгі сөз таптарының
мәтін ішінде үлестірілу заңдылығының ықтималды-статистикалық моделін
құру мәселесі зерттелген. Ғалымның докторлық диссертациясында қазақ тіл
білімінің өзекті мәселелеріне жататын мәтін және оның формалдық,
мазмұндық құрылымына қатысты құрастырушы элементтер арнайы
қарастырылған.
А.Қ.Жұбанов 1970-1976 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтында кіші, 1976-1986
жылдары аға, 1986-1990 жылдары жетекші
ғылыми қызметкер, 2002 жылданбас ғылыми қызметкер, 1990 жылдан бастап
«Қолданбалы лингвистика» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді.
2004 жылы тіл білімі мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
А.Қ.Жұбанов – қазақ тілін зерттеуде математикалық статистика мен
ықтималдылықтар теориясы пәндерінің әдістерін (ғылыми жетекші
Қ.Бектаевпен бірге) және қазақ лексикография саласына компьютер
мүмкіндіктерін пайдалану әдісін тұңғыш қолданған және оны әрі қарай
дамытушы ғалым. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қазақ
тілінің қолданбалы саласының жаңа бағытына қатысты тақырыптарға
А.Жұбанов ғылыми жетекшілік етіп келеді. Ғалымның алғашқы зерттеулері
ЭЕМ (компьютер) арқылы М.Әуезовтің шығармаларындағы сөзформалар
мен сөздердің жиілік сөздіктерін құрастыру
және олардағы тілдік
бірліктердің статистикалық заңдылықтарын анықтауға қатысты болса,
соңғылары – «Мәдени құндылықтар ретіндегі қазақ тіліндегі мәтіндер
корпусы және сөздіктердің «Тіл – қазына» атты ұлттық компьютерлік қорын»
құрастыру мәселелерін қамтиды. Мұндай зерттеу қазақ тіл білімінде бұрын-
соңды болмағандықтан, зерттеу нәтижесі компьютерлік лингвистиканың
теориялық және практикалық негізін қалыптастыруға бастама болды.
«Тіл мамандарының ең талантты дегендерінің ішінде екінің бірі бара
алмайтын бұл салаға Асқардың жаңадан жол салып, бастау көздердің бірі
болуында екі-үш фактордың мәнін атау керек: бірі – бұл іске математик
маманның кірісуі, екіншісі – математиктің тіл
білімі сияқты гуманитарлық
ғылым саласының негізгі қағидаларын, тармақтарын, теориялық тұрғылары
мен практикалық қажеттіктерін бірден жақсы игеріп (оқып), танып алған
қабілет-дарыны, үшіншіден, қазақ тіл білімі саласын заман талабына сай
дамытуға үлес қосу (дәлірек айтсақ, жол салу) сияқты ғылыми мақсат қоюы.
330
Ал мұндай мұрат-мақсатты қоюға, сірә, әке жолын жалғастыру, «Жұбанов»
деген ата атын жоғары ұстау сияқты жазылмаған адами заңның талабы да
болған болар», – дейді академик Р.Сыздық («Ана тілі», қарашаның 8-і, 2007).
Профессор А.Қ.Жұбанов жоғары оқу орындарында:
әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті Жалпы тіл білімі кафедрасында, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және
PhD докторантура институтында қазақ тілінің математикалық және
компьютерлік лингвистика пәндері бойынша дәріс оқыды.
Профессор А.Қ.Жұбановтың қазақ тіл білімінің сөздік қор, лексикалық
байлығын, яғни институттың картотекалық қорында жиналған бес миллион
сөз қолданыс байлығын компьютерлік қорға түсірді.
Ғалымның жетекшілігімен, бөлім қызметкерлерінің бұл тамаша еңбегі
2011 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасымен жарық көріп отырған 15
томдық «Қазақ тілінің сөздігін» жасауға кеңінен қолданылып, көп көмегін
тигізді. Бұл қорға «ақ таңдақ» кезінде шығармалары пайдаланылмаған,
қажетті сөздері тиісті дәрежеде кортотекалық қорға түсірілмеген арыстар:
Шәкәрім Құдайбердіұлы,
Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ахмет
Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек
Аймауытұлы т.б. жазушылар шығармаларындағы халық тілінің байлығы,
жауһар сөздерді компьютерге жаңадан түсірді.
Ғылыми-зерттеу және жоғарыда аталған пәндер бойынша сабақ беру
нәтижесінде А.Жұбанов – 6 монографияның (3 жиілік сөздіктің
құрастырушыларының бірі), 3 оқу құралының, сондай-ақ 150-ге жуық
ғылыми мақаланың авторы. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 5
кандидаттық және 7 магистрлік диссертация қорғалды.
Профессор А.Қ.Жұбановтың негізгі теориялық-танымдық еңбектері:
Куманша-қазақша жиілік сөздік. –Алматы, 1978 (құраст. бірі). –217 б.;
М.О.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі. –Алматы, 1979
(құраст. бірі). –336 б.; Квантитативная структура казахского текста. –Алматы,
1987. –147 с.; М.О.Әуезовтің 20 томдық шығармалар
текстерінің жиілік
сөздіктері. –Алматы-Түркістан, 1995 (құраст. бірі). –346 б. Основные
принципы формализации содержания казахского текста. –Алматы, 2002. –250
с.; Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. Оқу құралы. –
Алматы, Қазақ университеті, І-2004, ІІ-2007. –209 б.; Қолданбалы
лингвистика: формалды модельдер: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ
университеті, І-2006, ІІ-2007. –280 б.; Компьютерлік лингвистикаға кіріспе:
Оқу құралы.–Алматы: Қазақ университеті, 2007. –204 б.; Қолданбалы тіл
білімінің мәселелері. Вопросы прикладного языкознания. –Алматы: Арыс,
2008. –640 б.; Қазақ сөзінің «Тіл – қазына» деректер базасы және оның
теориялық негіздері. База данных «Тіл – қазына» казахского слова и ее
теоретические основы. –Алматы: Арыс, 2009. –304 б.; Қазақ тіл білімі:
қолданбалы лингвистика. Казахское языкознание: прикладная лингвистика. –
Алматы: «Кие» лингвоелтану
инновациялық орталығы, 2012. –696 б.
(қазақша, орысша).
331
Жан-жағына саясын төккен зәулім бәйтеректей болған профессор
Құдайберген Жұбановтың шарапаты мен шексіз дарыны ұрпақтарына дарып,
Жұбановтар әулетінің есімдері бұл күнде қазақ халқының ғылымы мен
мәдениетінің төрінде шоқ жұлдыздай жарқырап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: