326
нұсқаушысы, «Қазақстан мұғалімі» газетінің қызметкері (1955-1957), ҚР
ҰҒА-ның Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері (1957-
1959), 1959-1961 жылы осы институттың аспиранты, 1962-1991 жылы
аталмыш институттың кіші, аға ғылыми қызметкері. 1991 жылдан өмірінің
соңына дейін Ақтөбе педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында
доцент, «Жұбановтану» зертханасының меңгерушісі.
Проф. Е.Қ.Жұбановтың «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу эпосының тілі
жөнінде» деген тақырыпта кандидаттық (1967), «Халық әдебиеті тілін
зерттеудің лингвостилистикалық аспектілері» атты докторлық (1997)
диссертациялары қазақ әдеби тілі саласындағы көрнекті еңбектер қатарынан
саналады. Сонымен қатар ғалым өз әкесі Қ.Жұбанов еңбектерінің таңдамалы
бір томдығын (1966 ж.), академик Ахмет Жұбановтың «Ән-күй сапары»
атты көлемді еңбегін, «Абай» энциклопедиясын,
сондай-ақ ондаған
академиялық жинақтар мен кітаптар шығаруға тікелей қатысты. Алғашқы
монографиялары «Эпос тілінің өрнектері» және «Қазақ тілінің тарихи
кездері» (ұжымдық) 1978, 1989 жылдары жарық көрсе, «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу эпосының текстологиясы» (1994), «Қазақтың ауызекі көркем тілі»
(1996) атты монографиялары – қазақ тіл біліміндегі соны да маңызды
еңбектер екені даусыз. Сонымен қатар Есет
Құдайбергенұлы он томдық
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» бесінші, алтыншы томдарын жасауға
атсалысып, жалпы көлемі 8 баспа табақ жұмыс жазды.
Профессор Е.Қ.Жұбанов өз болмысы, терең білім,
зор адамгершілігі,
ұстаздық пен ғалымдық жолдың тізгінін тең ұстау барысында көптеген
мемлекеттік атақ-дәреже, жоғары атақтар мен марапатқа ие болған азамат.
Ол 2005 жылы Мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі үлгілі еңбегі үшін
марапатталып, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаты мен автокөлікке ие болса,
педагогикалық қызметтегі табыстары үшін «Қазақстан Республикасының
білім озаты», Ы.Алтынсарин
атындағы медаль иегері, «Қазақстан
Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан
конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, 2003 жылы
«Ақтөбе облысының құрметі азаматы», 2004 жылы «Ақтөбе қаласының
құрметті азаматы» деген атақтарға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: