2-мәтін
Ғылыми-фантастика жанрында Толкиннен кейінгі әлемге белгілі жазушы
Дж.Роулинг екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. «Гарри
Поттердің басынан
кешкендері» атымен жарық кӛрген кітаптардың реті жетеуге жетіп, оның
жалпы таралымы 450 миллион данадан асып кеткен. Бір қызығы, бүкіл
еуропаның аңыз кейіпкерлері мен мифтік
жануарларын Роулингтің
ғажайыптар әлемінен таба алады екенбіз, яғни кітаптағы Хогвартстың
фаунасы, шын мәнінде аңыздардан алынған. Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға
ұқсастығы бар, аласа бойлы тіршілік иесі. Басы
денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді.
Негізі шотланд
аңыздарында гоблиндер ӛте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе, Толкин
мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге ӛзгеше мінездеме беріледі.
Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), ӛте еңбекқор
(Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады.
Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз кӛзді ӛрмекші. Кӛне кельт
аңыздарында кездесетін ӛрмекшінің үлкен тұқымдары адамның тілінде сӛйлей
алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы Арагог. Ол
Хогвартсты айнала қоршаған 36 орманда ӛмір сүреді.
Жалпы тұқымның
америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың
Отаны Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен
қазынаны күзеттіру мақсатында алдырған. Мантикора (ағыл. Manticore) – грек
мифологиясында кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан
алынған ӛте қауіпті құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора ӛзінің
кезекті асын ӛлтіріп тынғаннан кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның
уы қылт етпей ӛлтіреді.
Тапсырма
1-мәтін
2-мәтін
Мәтін мазмұны
Мәтіндердің стилі
Мәтін аудиториясы
Мәтіннің
рәсімделуіндегі
айырмашылықтар
Қандай
ерекше
сөз
қолданыстары
бар.Мысалдар
келтіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: