Дәріс конспектілерін талдау, ӛткен материалды ӛңдеу бағдарламалық
материалды игеруге, теориялық білімдерді бекітуге ықпал етеді.
Тапсырмаларды орындау .
Оларды
орындаудың
мақсаты
–
практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалану дағдылары
мен ептіліктеріне ие болу.
Презентация – тыңдаушы ӛзінің презентациясы үшін кез-келген
тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні
түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты
ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру,
тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру
критериі бойынша бағаланады.
Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға
жауап беру талап етілетін кӛптеген қарапайым және күрделі жағдайлар
беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар ӛз кейсін жаза алады.
Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды,
ептіліктерді ӛңдеуге кӛмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалу
немесе кітапханада аяқтау қажет.
Глоссарий – мүмкін болса шет тіліне аударып, қазақ және орыс тіліндегі
терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі, ол берілген тақырып
бойынша орындалады. Глоссарий құру түсініктік аппараттық білімнің
қалыптасуына және оны пайдалануға қатысты дағдыларды ӛңдеуге ықпал
етеді.
Ӛзіндік жұмыс №1 Тақырыбы: Педагогика пәні және міндеттері Мақсаты: студенттердің педагогика пәні, оның дамуы мен басты
міндеттері туралы білімін кеңейтуге мүмкіндік туғызу.