№
Ісік аттары
Ресей
Қазақстан
1 Лейкоздар
32%
30,1%
2 ОНЖ
17%
11%
3 Қатерлі лимфомалар
13%
ЛГМ-12,3%
ЛSА -17,5%
4 Нефробластома
7%
6,9%
5 Нейробластома
7%
5,3%
18
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
6 Жұмсақ тіннің қатерлі ісік--
тері
7%
4,7%
7 Сүйектің қатерлі ісігі
6%
6,9%
8 Ретинобластома
3%
3%
9 Басқа ісіктер
8%
2,3%
Қатерлі ісіктердің пайда болу себептері
Қатерлі ісіктердің пайда болуы туралы әлі күнге дей--
ін белгілі бір шешімге келмегендіктен, көптеген теориялар
бар:
1.
Көп этиологиялы теория –
химиялық, физикалық
және биологиялық факторлардың әсерінен денедегі зат ал--
масу үрдістерінің бұзылуы – ісіктің шығуына мүмкіндік
туғызады.
2.
Вирусты – генетикалық теорияда ісіктің пайда
болуына әкелетін Вирус болып табылады. Соның әсерінен
денедегі жасушалардың ұрықтық, гендік қасиеттері
бұзылып (Вирус пен жасушаның нуклеинді қышқылдарының
қосылуынан), жасушаның геномының өзгеруінен, қалыпты
жасушаның өсімтал қатерлі түрге ауысуы.
Бұл екі теория
да ісіктің пайда болуы жасушалардың мутацияға түсуінен
деп, түсіндіреді. Балалардағы ісіктердің көбі (40-50%) іш--
тен туа пайда болатындықтан, олардың шығуын Конгеим
мен Фишер Вазельстің (1877-1888жж.) айтқан теориялары--
мен түсіндіруге болады.
3.
Конгеим теориясы бойынша:
ісіктің пайда бо--
луына ұрықтың (зародыш) дұрыс түзелмегендігі, яғни
ұрықтың алғашқы түзелу кезінде, дене ағзаларын құрауға
көптеген жасушалар бөлінетіндіктен, олардың кейбіреуле--
рі қолданылмай қалып қояды (бұлар онтогенез кезіндегі
|