10
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
АҒАЛЫҚ СөЗ
Балалардың қатерлі ісігі жөніндегі бұл ғылыми еңбектің
екі түрлі ауыр міндетті қатар алып шыққанын байқаймыз.
Бірінші: жалпы медицинаның ішінде онкологияның
өзі бір үлкен сала, енді соның ішінде «Балалар онкологи--
ясы» жеке пән десек, оны жүйелеп шығу оңай емес. Себе--
бі, біздің елімізде балалардың қатерлі ісігімен айналысқан
дәрігерлік нақты тәжерибе
мен оның теориялық негізде--
рін сабақтастыра жүйелеу алғаш рет қолға алынып отыр.
Яғни, кітап ғылыми еңбек тұрғысында еліміздегі балалар
онкологиясының қазіргі жағдайынан деректер,
сараптама--
лар береді. Ал, пән оқулығы ретінде балалардағы қатерлі
ісіктердің теориялық негіздерімен таныстырады. Мәселен,
кітаптағы «Балалар ісіктерінің негіздері» деген алғашқы
тарауда – практикалық мәселелер түгел қамтылған. Осы
тараудан еліміздегі балалар
онкологиясының тәжірибелік
жағдайын пайымдайтын мүмкіндік бар. Келесі алты тарау
қатерлі ісіктердің пайда болатын ағзалары бойынша, мы--
салы – орталық жүйке жүйесі, көздегі, лимфа тораптары,
құрсақ қуысындағы, жұмсақ тіндер мен қаңқа сүйектеріндегі
қатерлі ісіктер деп жіктелген. Бұлайша жіктеу – жалпы ме--
дицина мамандары үшін де және маман-онкологтар үшін
де өте қолайлы, әрі осы ісіктердің табиғатын, ерекшелігін
және оның клиникалық белгілерін ажыратуға, сол арқылы
диагноз қоюды жеңілдетуге септігі тиеді. Еңбектің оқулық
ретіндегі басты табысы да осы.
Сонымен қатар, әр тарау--
дан алған білімді, мағлұматты арнайы берілген тест арқылы
тексеріп отыру, осы мақсатқа жетудің бір тәсілі болған дей
аламыз.
Екінші: ғылыми еңбектің қазақ тілінде жазылуы – он--
кология саласында пән тілін қалыптастырудың алғашқы