Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет6/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Осы орайда, Қазақтың Ұлттық медицина университе--
тінде көп жылдардан бері балалар онкологиясынан дәріс 
оқып, практикалық сабақ беріп жүрген, осы саланың білік--
ті маманы доцент У.Қ.Жұмашевтың жазған «Балалар он--
кологиясы» атты еңбегі – мемлекеттік тілде жарияланғалы 
отырған тұңғыш оқу құралы.
Менің пайымдауымша, бұл жұмыстың республика--
мыз үшін – оқу жүйесінде, ғылыми-практикада, әсіресе 
денсаулық сақтау саласында қолданылуы өте маңызды. 
Әбисатов Қ.Ә.
ҚР Медициналық сақтандыру академиясының 
 Академигі. Медицина ғылымдарының докторы, 
 профессор. Казақстан медицина университетінің
онкология, маммология және сәулемен емдеу
кафедрасының меңгерушісі.


10
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
АҒАЛЫҚ СөЗ
Балалардың қатерлі ісігі жөніндегі бұл ғылыми еңбектің 
екі түрлі ауыр міндетті қатар алып шыққанын байқаймыз.
Бірінші: жалпы медицинаның ішінде онкологияның 
өзі бір үлкен сала, енді соның ішінде «Балалар онкологи--
ясы» жеке пән десек, оны жүйелеп шығу оңай емес. Себе--
бі, біздің елімізде балалардың қатерлі ісігімен айналысқан 
дәрігерлік нақты тәжерибе мен оның теориялық негізде--
рін сабақтастыра жүйелеу алғаш рет қолға алынып отыр. 
Яғни, кітап ғылыми еңбек тұрғысында еліміздегі балалар 
онкологиясының қазіргі жағдайынан деректер, сараптама--
лар береді. Ал, пән оқулығы ретінде балалардағы қатерлі 
ісіктердің теориялық негіздерімен таныстырады. Мәселен, 
кітаптағы «Балалар ісіктерінің негіздері» деген алғашқы 
тарауда – практикалық мәселелер түгел қамтылған. Осы 
тараудан еліміздегі балалар онкологиясының тәжірибелік 
жағдайын пайымдайтын мүмкіндік бар. Келесі алты тарау 
қатерлі ісіктердің пайда болатын ағзалары бойынша, мы--
салы – орталық жүйке жүйесі, көздегі, лимфа тораптары, 
құрсақ қуысындағы, жұмсақ тіндер мен қаңқа сүйектеріндегі 
қатерлі ісіктер деп жіктелген. Бұлайша жіктеу – жалпы ме--
дицина мамандары үшін де және маман-онкологтар үшін 
де өте қолайлы, әрі осы ісіктердің табиғатын, ерекшелігін 
және оның клиникалық белгілерін ажыратуға, сол арқылы 
диагноз қоюды жеңілдетуге септігі тиеді. Еңбектің оқулық 
ретіндегі басты табысы да осы. Сонымен қатар, әр тарау--
дан алған білімді, мағлұматты арнайы берілген тест арқылы
тексеріп отыру, осы мақсатқа жетудің бір тәсілі болған дей 
аламыз. 
Екінші: ғылыми еңбектің қазақ тілінде жазылуы – он--
кология саласында пән тілін қалыптастырудың алғашқы 


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет