Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет7/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
қадамы деуге болады. Соның ішінде балалар онколо--
гиясы бойынша қазақша сөйлеп тұрған тұңғыш еңбек.
Алғашқы болған соң да, оның қиындықтары көп. Ең әуелі, 
медицинадағы аударуға келмейтін, ғылыми терминдерді 
қазақша сөйлемдерге бөтенсітпей сіңіруге, тек маман медик 
ретінде ғана емес, әдебиетшілік қабілет, қазақы ойлайтын 
табиғи қарым да қажет. Бұл, негізгі мақсат, алғашқы жазы--
лымда бірден шешіле қоймайтын, әр басылымда жетілдіре 
түсетін, туындыгерлік еңбекті қажет ететіндіктен, осы жолғы 
жазылымда сәттілік бар деп , бағалау ләзім. Өйткені, әр пән 
тілінің өзінің жеке сөз қоры қалыптасуы қажет. Ал, ондай 
сөз қорын ұшан-теңіз қазақ тілінің бай қорынан біртіндеп 
үздіксіз ізденіспен таңдап алатын ғана жол бар. Осы тапқан 
сөздерді, пән саласындағы термин сөздерімен етене жымда--
стыру – жаңа сөз, сөйлем тіркестерін қалыптастыру, әрине, 
туындыгерлік еңбекпен ғана келеді. Міне, қолымыздағы «Ба--
лалар онкологиясы» деп аталған бұл жұмыста осы мақсат 
алға қойылған. Ал, ол мақсаттың түп мақсатында қазақ ті--
лін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру мұраты жатқандыған 
түсіну қиын емес. Өйткені, мемлекеттік тіл дегеніміз – тек 
ресми тіл ғана емес, сол елдің ғылыми тілі де бола алуы ке--
рек. Бұл еңбек өз саласындағы ғылым тілін дамытуға жол 
ашқан, ниет еткен еңбек болғаны үшін де бағалы демекпіз.
Абай Мауқарұлы
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Жазушы – публисцист, дәрігер.


12
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Аллаh Тағала әрбір аурумен 
бірге шипасын да жаратқан.
Хадис.
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіш-
тері бойынша, қатерлі ісіктерден дүние жүзінде жылына 6 
млн жуық адам қайтыс болатын болса (2002ж), солардың 
200 000 балалар екен. Біздің елімізде жылына қатерлі ісікке 
28-29 000 адам шалдығады, олардың ішінде 400-500-і бала--
лар.
Балаларға тән қатерлі ісіктер үлкендерге қарағанда 
салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Егер дер кезінде 
анықталып, мамандандырылған ауруханада емделетін бол--
са, толық жазылу мүмкіндігі мол. Алайда, қатерлі ісіктен 
балалардың өлімі (жалпы балалар аурулары ішінде) қазір 
бірінші орында тұр. Бұл қатерлі ісіктен де қатерлі, әрі 
өкінішті жағдай. 
Рак дертімен (қатерлі ісікпен) күресу, дәрігердің білгір--
лігін, білімділігін және жанкешті ерлік көрсетуін талап ете--
ді. Себебі, ісікке қарсы қолданылатын емнің өте күрделілігі 
(үлкен хирургиялық амалдар –ампутация, экзоартикуляция, 
нефроэктомия т.с.с; химиотерапия және сәулемен емдеу 
түрлері), яғни ол емдерді дұрыс бағдарламамен қолдану 
және оның қанша-неше мәрте, қанша уақыт, қалай берілуін 
шешу, бәрі – ерлікке барабар жігерді талап етеді. Осыған 
қоса, бейкүнә науқастың тілін тауып, оның ата-анасының 
көңілінен шығу, олармен қосылып бір жұмылған күшке ай--
налу – үлкен талап-ыждағатты және дипломатиялық шебер--
лікті керек етеді. Ал, науқас сәбидің күрделі емді қабылдау 


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет