Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет5/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Жұмашев У.Қ еліміздегі бала онкологиясының негізін 
қалаушылардың бірі. Осы саланың білікті маманы және 
алғашқы ұстазы, ғалымы, практикалық дәрігері. Өзінің бұл 
саладағы 20 жылдық ғылыми практикалық тәжерибесін 
– осы ғылыми еңбекте жан-жақты көрсеткен. Мұнда ісік--
ті анықтау мен емдеуге, олардың алдын алуға арналған 
медицинаның ең соңғы жетістіктері талданып, ғылыми 
тұрғыда сарапталып берілген. Оқулық жалпы дәрігерлерге, 
онкологтарға, студенттер мен интерн-дәрігерлеріне әрі 
ғылыми қызметкерлерге арналған. 
Аталмыш еңбекті – ғылыми монография және оқулық 
есебінде толық бағалауға болады.
Кітапты мемлекеттік тапсырыспен көп данамен 
шығарып, медицина ғылымында және оқу орындарында
емдеу мекемелерінде кеңінен қолданысқа енгізіп, пайдала--
ну қажет.
Ормантаев К.С.
ҚР ҰҒА Академигі Ғылымға ембегі сіңген
қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 
Медицина ғылымдарының докторы, профессор.


8
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
МАМАН ПІКІРІ
Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының 
есеп-санақ мәліметтері бойынша, қазіргі кезде, бір жастан 
асқан балалар арасындағы қатерлі ісіктен балалардың өлімі 
– жарақаттық өлімнен кейін екінші орында тұр. Мұның се--
бептері бір жағынан техникалық прогресске байланысты 
экологиялық жағдайлардың төмендеуінен десек, екінші 
жағынан, балалардағы ісік аурулары дер кезінде анықталмай, 
уақытында тиісті ем шараларын қолданбаушылықтан деуге 
болады.
Қатерлі ісіктердің кеш анықталуының негізгі себепте--
ріне үңілсек: біріншіден – жалпы емдеу жүйесінде жұмыс 
жасап жүрген балалар дәрігерлерінің ісік аурулары жөнінде 
білімділігі мен біліктілігінің төмендігі; екіншіден – бала--
ларда кездесетін ісік ауруларының негізгі және көмескі бел--
гілері көпке дейін балаға да, ата-анасына да білдірмей да--
муы; үшіншіден – республикамызда балалар ісіктері тура--
лы жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулардың 
жоқтығы, бүгінге дейін болашақ дәрігерлер орыс тілінде 
жазылған Ресейдің балалар онкологы Л.А.Дурновтың 
оқулықтарын пайдалануда. Онда Қазақстан Республика-
сында кездесетін балалардың қатерлі ісіктері туралы де--
ректер көрсетілмеген. Қазақтың Ұлттық медицина уни--
верситетінде ғана берілетін балалар онкологиясы пәні бұл 
айтылғандарды толық қамтуға жеткіліксіз. Сондықтан, осы 
жағдайларды түзету үшін республикамыздағы қалған алты 
дәрігерлерді дайындайтын медициналық университеттер 
мен академиялар-да «балалар онкологиясынан» тиянақты 
білім берілсе, жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге сеп--
тігі тиер еді. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет