12
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Аллаh Тағала әрбір аурумен
бірге шипасын да жаратқан.
Хадис.
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіш-
тері бойынша, қатерлі ісіктерден дүние жүзінде жылына 6
млн жуық адам қайтыс болатын болса (2002ж), солардың
200 000 балалар екен. Біздің елімізде жылына қатерлі ісікке
28-29 000 адам шалдығады, олардың ішінде 400-500-і бала--
лар.
Балаларға тән қатерлі ісіктер үлкендерге қарағанда
салыстырмалы түрде сирек кездеседі.
Егер дер кезінде
анықталып, мамандандырылған ауруханада емделетін бол--
са, толық жазылу мүмкіндігі мол. Алайда, қатерлі ісіктен
балалардың өлімі (жалпы балалар аурулары ішінде) қазір
бірінші орында тұр. Бұл қатерлі ісіктен де қатерлі, әрі
өкінішті жағдай.
Рак дертімен (қатерлі ісікпен) күресу, дәрігердің білгір--
лігін, білімділігін және жанкешті ерлік көрсетуін талап ете--
ді. Себебі, ісікке қарсы қолданылатын емнің өте күрделілігі
(үлкен хирургиялық амалдар –ампутация, экзоартикуляция,
нефроэктомия т.с.с; химиотерапия
және сәулемен емдеу
түрлері), яғни ол емдерді дұрыс бағдарламамен қолдану
және оның қанша-неше мәрте, қанша уақыт, қалай берілуін
шешу, бәрі – ерлікке барабар жігерді талап етеді. Осыған
қоса, бейкүнә
науқастың тілін тауып, оның ата-анасының
көңілінен шығу, олармен қосылып бір жұмылған күшке ай--
налу – үлкен талап-ыждағатты және дипломатиялық шебер--
лікті керек етеді. Ал, науқас сәбидің күрделі емді қабылдау