Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет9/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
жылы Қазақтың ғылыми зерттеу онкология институтын--
да, алғашында 5-6 орындық балаларды емдейтін орын бо--
лып ашылып, 1992 жылдан 40 орындық еліміздегі жалғыз 
бала онкологиясы, клиникалық-ғылыми бөлімі болып 
құрылады. 
Қазіргі таңда балалар онкологтары қатерлі ісікке 
шалдыққан сәбиді емдеп қана қоймай, оның толық жа--
зылуына жағдай жасауда. Балалар дәрігері өзінің кәсіби 
қызметінде 7-8 рет қана қатерлі ісікпен кездесуі мүмкін екен. 
Себебі, балалар қатерілі ісігі – сирек кездеседі. Сондықтан 
болар, балалар дәрігері науқасты дер кезінде анықтай алмай 
(емдеуін былай қойғанда) шатасып жатады. Ал, егер науқас 
уақытылы мамандандырылған балалар онкология бөліміне 
түсер болса, қазіргі таңда аурудың 60-70%, ал қайсы бірлері 
90-100%-дейін (Нефробластома, Ретинобластома, Лимфо--
грануломатоз т.б.) толық емделіп шығады.
Жыл сайын дүние жүзінде 200 мыңға тарта балалар 
қатерлі ісіктен шетінейді (ДДСҰ 2002). Өркениетті елдерде 
балалардың қатерлі ісіктен өлуі – балалардағы ауру түрлері 
ішінен 1-ші орынға шығып отыр.
0-14 жасқа дейінгі балалар өлімі (2006)
1. Кездейсоқ оқиғалардан – 43,9%
2. Қатерлі ісіктер – 10,4%
3. Баланы өлтіру – 4,6%
4. Іштен туған кемістіктер – 8,4%
5. Пневмония, Тұмау – 1,8%
6. Церебралды сал ауруы (паралич) - 1,5%
7. Өз-өздерін өлтіру – 1,5%
8. Менингит – 1,1%
9. Тағы басқалары - 22%
Біздің елімізде балалар қатерлі ісіктері туралы 
эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жаңадан қолға алы--
на бастады. Дүние жүзіндегі елдердің балалар онкологиясы--


17
Балалар ісіктерінің негіздері
нан – статистикалық ауру жиілігіне назар аударсақ:
- Лимфобласты лейкозбен
ауру жиілігі Қытайда, Жа--
понияда, АҚШ, Англия, Европада өте көп, ал Африкада аз 
кездеседі екен.
- Лимфогранулематоз
– ауруының өте жоғары 
көрсеткіші, жоғары дамыған Батыс елдерінде, АҚШ, Латын 
Америкасында, Израилде;
- Лимфасаркома –
Африкада (лимф.Беркутта арқылы), 
ал Жапонияда басқа елдерге қарағанда 2 есе аз кездеседі
- ОНЖ (орталық жүйке жүйесі) ісіктері -
АҚШ-та 
(ақ нәсілді балаларда), Германияда, Швецияда жоғары екен 
де, ал Азия мен Африкада сирек кездеседі;
- Нейробластома –
Солтүстік Америкада, Европада, 
Израилде, Австралияда жиі кездеседі;
- Ретинобластома –
Индия, Африкада жиі кездеседі;
- Нефробластома –
АҚШ-та (қара нәсілді балаларда), 
Финляндияда, Францияда көптеп кездеседі;
- Жұмсақ тін ісіктері -
Испания, АҚШ (ақ нәсілді ис--
пан халқында) жиі, ал Азияда сирек кездеседі екен.
1-кесте. Қатерлі ісіктердің құрылысы мен кездесу жиілігі 
жағынан, салыстырмалы кесте (2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет