Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет136/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

түнде – ұйқың 
(I, 31).
Бұлардың барлығында да бірыңғай мүшелер екі сөзден 
құралған тепе-тең параллель конструкциялар болып келеді 
де ол екеуіне қатысты мүше көбінесе жалғыз сөзден тұрып, 
араларына келтіріледі. Бұл инверсияны тудырып тұрған бір 
қарағанда ырғақ мотиві ғана тәрізді. Ақын бұл жерде үш 
бунақтан тұратын тармақтың алғашқы екі бунағын 4+3 етіп 
құруды көздеген сияқты болып көрінеді. Бірақ, біздіңше, бұл – 
бірден-бір себебі емес. Рас, Абай 11 буынды өлеңдерінде соңғы 
бунағы төрт буынды болып келгенде, алдыңғы екі бунақтың 
орындарын алмастырып, өлең ырғағын құбылтып отырған
114

Абай өлеңдерінің ырғағын тұңғыш зерттеуші I.Жансүгіров те 
осыны атап көрсетеді
115
. Жоғарыда келтірілген мысалдарда 
тармақтың өлшемі 4+3+4 болып құрылған болса, мына мысал-
дарда 3+4 + 4 болып келген, ол үшін инверсия жасаған:
Сеніскен /досым да жоқ,/ асығым да (І, 56). 
Қарсылық /күнде қылған/ телі-тентек (I, 33). 
114
 Ахметов3.
Көрсетілген кітап. 90, 294, 312-бб.
115
 Жансүгіров I.
Абайдың сөз өрнегі// «Әдебиет майданы», 1934. № 11–12.


326
Базарға /қарап тұрсам/ әркім барар (I, 43).
Ритмика-интонациялық жағынан құбылту қажеттігі бұл 
жерде, біздіңше, аздық етеді. Абай, әсіресе, бірыңғай параллель 
екі мүшені тармақтың екі шетіне жіберіп, инверсия жасағанда, 
айтылмақ ойдың белгілі бір бөлігіне екпін түсіру мақсатын 
да көздегенге ұқсайды. Екіге бөлінген бірыңғай екі мүшенің 
аралары бір-бірінен сәл болса да қашықтағанда, олардың 
ритмикалық әуені оқшауланып, айқындала түсетін тәрізді. 
Оның үстіне, 3.Ахметов топшылағандай, мүмкін, бірінші 
бунақтағы сөздер әлдеқайда күштірек бөлініп көрінетін бо-
лар
116
. Сондықтан бірыңғай мүшелерді осылайша 1-бунақ етіп 
бастап, оған көңіл аударып алып, әрі қарай араларына өзге мүше 
қатыстырып, негізгі ой екпінін түсіру мақсаты көзделгенге 
ұқсайды. Біздіңше, тіпті соңғы бунақ күшті оқшауланатын тә-
різді, өйткені грамматикалық құрылысы жағынан екі бірың-
ғайға ортақ сөз алдыңғы компонентке қосылады:
Қаны қара 
бір жанмын...
Онда оны 
алдайды... 
Сыртқа пысық 
келеді...
Әрі қарай жалғастырылған бірыңғай мүшенің екінші 
сыңары интонация жағынан да, грамматикалық орны жағынан 
да оқшауланып, өзіне көңіл аударады:
Қаны қара бір жанмын /
жаны – жара.
Онда оны алдайды 
/мұнда – мұны.
Тегі, Абай бір жолда берілген бірыңғай мүшелермен қатар 
сөйлемнің соларға қатысты тағы бір мүшесі келген жағдайда 
екі бірыңғайды бөліп жіберу тәсілін жүйелі түрде қолданған, 
яғни бұл – Абайда система болып келеді. Тіпті, Абай жоғары-
да келтірілгендей, бір пішіндес таза параллель бірыңғай мү-
шелерді ғана 
(қаны қара 
– 
жаны жара; онда оны 
– 
мұнда 
мұны) 
емес, күрделі мүшенің өзін (бірақ бірыңғай типтес) екіге 
бөліп жіберуден де қашпаған. Мысалы:
Мықшима 
аяғымда 
былғары етік 
(I, 164). 
Тон қабаттап 
кигенім 
шидем шекпен 
(І,164).
Үлкен кісе 
жанымда 
жез салдырған 
(І,164).
Бұлардың барлығында да – екіге бөлінген сөздер тобы бір-
ыңғай типтес күрделі мүшелер: 
аяғымда мықшима былғары 
116
 Ахметов3.
Көрсетілген кітап. 81-б.


327
етік, жанымда жез салдырған үлкен кісе... 
т.т. Жалпы, «жүз 
жылғы өткен» ескі киімдер туралы жазылған осы өлеңде 
инверсия едәуір мол. Мұнда этнографиялық суреттеу үшін 
келтірілген бірыңғай немесе күрделі мүше болып тұрған киім, 
құрал-сайман атаулары мол, соларды автор өзі сүйген тәсілмен 
бір тармақтың екі жағына орналастырып, айтпақ ойының 
әсерлі түрде жетуін көздеген тәрізді.
Міне, бұлардың барлығы – бір тармақ ішіндегі инвер-
сия түрлері. Инверсияның келесі түріне тармақтар арасын-
да жасалатындары жатады Екі, кейде үш тармақта берілген 
бір сөйлемнің мүшелері немесе компоненттері (егер сөйлем 
құрмалас болса) әдеттегі орындарынан ауыстырылып берілуі 
де – жалпы өлең табиғатына тән белгі. Мұны тудыратын мотив-
тердің бірі – ұйқас пен ырғақ болса, екіншісі – автордың белгілі 
бір стильдік мақсатты көздеуі болады. Абайда, әсіресе, екінші 
мотив айқын сезіледі. Себебі тармақаралық инверсия Абайдың 
бірқатар өлеңдерінде бастан-аяқ жүйелі түрде келтірілген. 
Мысалы, «Менсінбеуші ем наданды» деген өлеңінің көптеген 
шумақтарында бір сөйлем екі жолдан қамтылған да (оған 
абаб 
ұйқасы көмектеседі), ол жолдар өзара инверсияланған: бірінші 
жолда сөйлемнің тұрлаулы мүшелерден тұратын негізгі 
бөлігі берілген, екінші жолға тұрлаусыз мүшелердің бірі, 
көбінесе қимыл-сын пысықтауыш немесе бағыныңқы сөйлем 
орналасқан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет