шыбындап, суылдап, дікілдеп,
лепілдеп, күпілдеп, далпылдап, барқылдап, тарпылдап
т.т.
332
тәрізді образды етістіктерді алса, әрі бұларды тармақ соңына
шығарып, оның үстіне ұйқас жасаушы элемент етіп, оларға
ерекше екпін түсіріп, көңіл аудартады. Бұлардың барлығын
стильдік инверсиялар деуге болады. Стильдік инверсияға тек
көсемше формалы мүшелер ғана емес, өзге де тұлғалардан
жасалған басқа мүшелер де ұшырайды. Мысалы, «Ем таба
алмай» өлеңінде шумақтың ең соңғы тармағы болып тұрған
және ең соңғы сөзі болып тұрған бөлігі көбінесе инверсияланған
тұрлаусыз мүше болып келеді:
Сөз аша алмай
Бендеге...
Тұра қаштым
Жалма-жан...
(I, 115).
Инверсияға байланысты көзге түсетін жайт – Абайдың әр
алуан (аралас) буынды өлеңдерінің синтаксистік құрылысы-
ның проза нормасына жуық келетіндігі. Яғни бұлардағы шумақ
етіп ұйымдастырылған сөйлем мүшелерінің орын тәртібінде
инверсия жоққа тән, бұлар ұйқастырылған қара сөз іспетті. Мы-
салы, «Бай сейілді» өлеңінің шумақтарын ешбір сөзін орнынан
қозғамай қара сөз етіп жазсақ, сол күйінде дұрыс құрылған
сөйлем болып шығады: «Өзі ұлыққа қадірі жоққа қарамай, өз
халқына сөз қайырмай, жөнді айырмай жұртқа шабар талпы-
на»; «Бай сейілді, бір бейілді елде жақсы қалмады; елдегі еркек
босқа селтек қағып, елін қармады». Бұларда инверсия өте аз:
алты жолға берілген сөйлемде бірер жерде ғана инверсия бар:
1-шумақта
талпына шабар
сөздерінің орны алмасқан, екіншіде
елде
сөзі сөйлем басында тұруға керек еді. Ал қалған жерде
сөйлем мүшелері өздерінің әдеттегі орындарында тұр. «Ем таба
алмай» өлеңі де – осындай: тек шумақтың соңғы
сөзі (әрі соңғы
тармағы) болып тұрған сөйлем мүшесі ғана инверсияланған,
қалған мүшелері өз орындарында: «Босқа именіп, текке ұялып,
кімді көрсем, мен сонан бетті бастым, тұра қаштым
(жалма-
жан)».
Әсіресе, «Сен мені не етесің?», «Сырмақ қып астына»,
«Бойы бұлғаң», «Тайға міндік», «Кешегі Оспан» тәрізді ара-
лас буынды өлеңдері интонациялық-синтаксистік құрылысы
жағынан қара сөзбен сөйлеу нормасына құрылған, бұларда
тармақаралық инверсия мүлде жоқ, тармақ ішіндегі инверсия
да кемде-кем.
333
* * *
Сөйтіп, инверсияның ең жиі қолданылған жерлері – баста-
уыш пен баяндауыштың орын алмастыруы, анықтауыштан
өзге тұрлаусыз мүшелердің өздеріне қатысты сөзбен орын
алмастырып келуі және көмекші етістікпен келген тіркес
компоненттерінің бір-бірімен орын ауысуы көбінесе ұйқас
пен ырғақ мотивінен туады. Бұл – жалпы қазақ өлеңіне тән
тәсіл. Абай мұны еркін пайдаланған. Ал бірыңғай мүшелердің
арасына өзге сөз қатыстыру немесе анықтауыш пен анық-
талғыштарды бір-бірінен алшақтатып (арасына өзге сөздерді
кіргізіп) жіберу және тармақ аралық инверсия жасау – ырғақ,
ұйқаспен қатар, стильдік мақсатты да көздей орындалады. Ол
мақсат көбінесе белгілі бір мүшеге немесе сөйлем бөлігіне ерек-
ше екпін түсіруде, назар аудартуда болады. Белгілі бір система
болып кездесетін кейбір инверсия түрлері – Абайдың әдейі
қолданған, жазба поэзия тіліне енгізген өз ерекшелігі. Ол – екі
бірыңғай мүшені араларына өзге мүше салып, тармақтың екі
басына шығару тәсілі. Мұнда жалғыз ырғақ талабы әлсіз, бұл
жерде ақынның көздегені – стильдік мотив. Өйткені мұндайда
1-бунаққа кейде төрт буынды бөлік орналастырылса, кейде үш
буынды орналастырылады. Және көбінесе ырғақ үшін бәрі бір
тәрізді болады. Мысалы:
3
4
3
Базарға /қарап тұрсам/, әркім барар,
4
3
4
Іздегені /не болса/, сол табылар.
4 3 4
Біреу астық /алады/, біреу – маржан,
3 4 4
Әркімге /бірдей нәрсе/ бермес базар (I, 43), –
дегенде тармақтардың бунақ өлшемі бірде 4 + 3-+4, бірде
3+4+4 болып құбылып отыру үшін инверсия жасалды делік, ал
бунақ өлшемі 4+3+4 болып бірдей келген мына шумақтағы ин-
версия ырғақ талабынан туып тұр ма:
4 3 4
Онда оны /алдайды/, мұнда – мұны,
4 3 4
Жанын берсе /табылмас/ сөздің шыны.
334
4 3 4
Алты жақсы /жүз жылқы/ болған басы,
4 3 4
Бір семіз ат /болады/ оның құны (І,161).
Біздіңше, «Біреу астық алады, біреу – маржан»; «Онда оны
алдайды, мұнда – мұны» типтес конструкцияларда ақын ин-
версияны бірыңғай мүшелерге екпін түсіру үшін қолданған:
екіге жарылған бірыңғай мүшелердің соңғы сыңары өз орны-
нан айырылып, құлаққа оқшау естіледі де еріксіз өзіне қатысты
өзге сөздерді іздетеді. Абайда бұл тәсіл өте жиі, жүйелі
түрде қолданылған. 2-3 жерде болмаса, қалған жағдайдың
барлығында да бірыңғай мүшелер екіге жарылып берілген.
Сондай-ақ тармақаралық инверсиялардың белгілі бір түрі,
атап айтқанда, сөйлемнің негізгі екпін аударылатын бөлігінің
алғашқы тармаққа орналастырылуы – Абайда тағы да систе-
ма. Әрі бұл – ырғақ пен ұйқас талабынан асып, стильдік та-
лапты қоса атқарған тәсіл. Әсіресе, аз буынды тармақтарда
ақын инверсия арқылы негізгі айтпақ ойына көңіл аудартуды,
тыңдаушыға эмоциялық-экспрессивтік жағынан әсер етуді
қамтамасыз етеді:
Болды да партия
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя,
Дауың мен шарыңды (I, 220), –
типтес тармақтарда сыпыра инверсия: бір тармақтың өз бой-
ында да
Достарыңызбен бөлісу: |