Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТАСЫМАЛ



Pdf көрінісі
бет141/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТАСЫМАЛ
Өлең тасымалын
118
(ғылыми әдебиетте enjemdements деп 
те беріледі) тануда біз орыс филологиясының анықтамасын 
ұстандық. Өлең тасымалы өлеңнің тармағы мен оның синтак-
систік бөлінісінің шекаралары сайма-сай түспейтін сәттерінде 
пайда болады, ашып айтсақ, өлеңдегі белгілі бір айтылмақ 
ой (сөйлем) бір тармақтан асып, келесі тармақтың ортасында 
аяқталса немесе бір тармақта айтылатын ой (сөйлем) оның
алдындағы тармақтың жартысынан басталса, ондай синтак-
систік құрылым өлең тасымалы
119
болып шығады. Бір сөйлемнің 
екі тармаққа бөлінгенінің бәрі өлең тасымалына жатпайды. 
Поэзияда, оның ішінде Абайда, бір сөйлемнің екі, кейде үш 
жолға сыйғызылып берілгені өте жиі кездеседі, мұндайда әр 
тармақтың синтаксистік-интонациялық дербестігі болады, де-
мек, тармақтар мен синтаксистік единицалардың шекаралары 
сайма-сай түседі: бір тармаққа орналасатын ол единицалар не 
құрмалас сөйлем компоненттері, не бірыңғай мүшелер, не жай-
ылма мүше болып келетінін жоғарыда көрсеттік. Сондықтан:
Іштегі ескі жалынды
Сөндір жаңа қылықпен (І, 249).
Немесе:
Жанып, сөніп, суынып қалған көңлім 
Қобалжиды хатыңды көрген сайын (II, 80), –
тәрізді тармақтарда тасымал жоқ. Бұларда бір сөйлем екі тар-
маққа бөлінгенмен, әр тармақ – интонациялық-синтаксистік 
бір единица. Өлең тасымалының негізгі атқаратын рөлі – 
тармақтарды синтаксистік жағынан тұтастыру. Тасымалы бар 
жолдардың бір-бірімен байланысы өте берік болады: бірінсіз 
екіншісінде дербестік жоқ. Қазақ поэзиясы үшін өлең тасыма-
лы – жаңа құбылыс: оның бірқатар нышандары, принципі Абай-
118
 Тасымал 
деген термин лингвистикада да бар. Фонетика-графикалық категорияны 
білдіретін бұл терминді поэзия тіліндегі интонациялық-синтаксистік категориядан 
ажырату үшін көбінесе 
өлең тасымалы 
деп атадық. Бізде әңгіме тек соңғы құбылыс 
туралы болғандықтан, кейде ықшамдап, 
тасымал 
деп те атай салдық.
119
Щерба Л.В.
Фонетика французского языка. - Л., 1936. - С.169; 
Поспелов 
Н.С.
Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина. - М., 1960. - 
С.27-33; 
Жирмунский В.
Композиция лирических стихотворений. - Л., 1925. - С.9; 
Томашевский В.
Русское стихотворение. Метрика// Вопросы поэтики. - Вып. II.
- 1923. - С. 78.


340
дан басталып, совет дәуіріндегі поэзияда ғана дамығандығын 
көреміз. Қазақ ауыз әдебиеті мен Абайға дейінгі ақындар по-
эзиясына өлең тасымалы тән емес. Өйткені тасымал В. М. 
Жирмунскийдің көрсетуі бойынша, по-эзияның музыкадан 
ажыраған дәуірінде дамитын құбылыс, ол «говорный стих» деп 
аталатынға тән нәрсе
120
«Говорный стихтың» алғашқы тенден-
циясын біз Абайдан бастап табамыз. Соған орай тасымалдың 
да алғашқы солғын түрлерін Абай өлеңдерінен іздеуге болады. 
Солғын дейтін себебіміз Абай поэзиясының өзінде де дәл орыс 
өлеңдеріндегідей, айталық, Пушкиндегідей тасымал жоққа 
тән. Мысалы:
Евгений за своим добром
Не приходил.//Он скоро свету
Стал чужд.//Весь день бродил пешком...
Немесе:
Там ни былинки.//Наводнение
Туда, играя, занесло 
Домишко ветхий.//Над водою
Остался он как черный куст, –
дегендер тәрізді бір-бірінен бөлек дербес сөйлемдердің 
тасымалданған түрін Абайдан таба алмаймыз. Абайдағы тасы-
малдар құрмалас сөйлем аясында кездеседі, яғни салалас не-
месе сабақтас сөйлем екі тармаққа орналасқанда, тармақтар 
жігі мен құрмаласқа енген жай сөйлемдер жігі сай келмей, бір 
компонент екінші тармақтың ортасында аяқталады:
Асау жүрек аяғын шалыс басқан 
Жерін тауып, //артқыға сөз болмай ма (I, 223).
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, //шөлдегенге шыдай алмай (I, 260).
Немесе құрмаласқа енген жай сөйлемдердің екіншісі 
алдыңғы жолдан басталады:
Қыран шықса қияға //жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап (I, 30).
Өз жұрты аз көрініп, //көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды (I, 259).
Бастапқы үшін бекітпей, //соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс (І, 245).
Бұл типтес тасымалдар негізінен 11 буынды өлеңдерінде 
120
 Жирмунский В. М.
Введение в метрику. Теория стиха. - Л., 1925. - С.180.


341
кездеседі. 7-8 буынды өлеңдерде құрмалас сөйлем компонент-
терінің тасымалданып берілуі мүлде жоқ та емес, бірақ сирек:
Сен ақылмен көңліңді
Тыйып, //жеңдің бойыңды (II, 88).
Өз үйінде өзендей
Күркірейді, //айтса дау.
Ұрлық пен қулыққа
Байлағанда, //кестің бау (I, 78).
Бір жеп алып, //шүкірлік
Қылайын да Аллаға (II, 135). 
Келтірілген мысалдардың барлығы да – сабақтас құрма-
ластардың тасымалға ұшырауы. Тасымалдың екінші тобы са-
лалас құрмаластарды қамтиды:
Есі шықты, //көрді де
Ұры иттің қылғанын (II, 122).
Есікте шегелеулі құлыбы бар 
Бір сандық бар, //барды да соған салды (II, 152).
Бұларда салалас құрмаласқа енген компоненттердің байла-
нысы өте тығыз, бірін екіншісінен бөлуге (нүкте қоюға) мүлде 
болмайды. Ал осы типтес тасымалданған кейбір сөйлемдер-
дің бір-бірімен байланысы едәуір әлсіз болып келеді де дербес 
сөйлемдерге жуықтайды. Мысалы:
Бала мінез ойыншы бұрынғылар
Аңқау екен, //мазақтап соны сынар (II, 104).
Мұны «Бала мінез(ді) ойыншы бұрынғылар аңқау екен» 
және «Мазақтап соны сынар» деген екі дербес сөйлем деп 
қарауға болар еді. Әрине, бұл жердегі дербестік әлсіздеу, 
өйткені екінші сөйлемдегі 
соны 
есімдігі алғашқыдағы айтылған 
ойға іліктестіріп тұр. Мына мысал да осы іспеттес:
Бұл жерде ешкім сырымды
Білмейді, //айтып не етейін? (II, 76).
Мұнда да «айтып не етейін?» компоненті формальдық 
жағынан дербес (баяндауышы тиянақты) болғанмен, мазмұны 
жағынан алдыңғыға қазықтаулы: 
айту 
деген сабақты етістік 
нені 
деген объектіні керек етеді, ол объект – бірінші компо-
нентте айтылған ой (сырымды ешкім білмейтіндігін айтып 
не етейін?). Бұл типтес тасымалдар Абайда едәуір, бұлардың 
барлығында да екі компонент те грамматикалық жағынан дер-
бес, баяндауыштары – ашық райдағы тиянақты сөйлемдер, бірақ 


342
мағыналары жағынан бір-біріне тығыз іліктескен сыңарлар, ол 
іліктестік есімдіктердің қатысуымен грамматикалық жағынан 
да беркітіле түскен:
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, //соны санайды (I, 237).
Бұл жолдарды:
Кім алдады, кім тоқпақ 
Салды. Соны санайды, –
түрінде графикалауға да болар еді, бірақ оған жібермейтін 
нәрсе – «соны санайды» компонентінің мағыналық «жетім-
сіздігі», яғни 
соны 
деп тұрғанның не екені тек алғашқы ком-
понент қатар тұрғанда ғана белгілі болатындығы. 
Соны 
есімдігінің дәнекерлік қызметі – екі компонентті бір-біріне жа-
быстыру. Сондықтан да бұл тәрізді конструкциялардың ешбірі 
Абай кітаптарында нүкте арқылы ажыратылмаған, барлық 
жерде де тек үтір қойылған. Дегенмен аз болса да, Абайда дер-
бес сөйлемдер деп тауып, нүкте қоюға да болатын сәттер жоқ 
емес. Мысалы:
Сені жақсы көрейін бірге туған
Ағаңдай. Онан басқа жоқ менде сөз (II, 81),
деп жазғанды бұл жердегі тасымал көтере алады.
Орыс поэзиясымен, оның ішінде Пушкинмен, жақсы таныс-
қан Абай, дегенмен тасымал тәсіліне сақтана қараған. Пушкин-
де алғашқы кезде (мысалы, «Оңтүстік поэмаларында») тасымал 
кемде-кем ұшырасқанымен, «Евгений Онегин» (әсіресе, оның 
кейінгі тараулары), «Мыс салт атты» т.б. поэмаларында жүйелі 
түрде қолданылған тасымалды, әрине, Абай байқамай қалған 
жоқ. Бірақ ғасырлар бойы бұрынды-соңды тасымалды еркін, 
норма ретінде пайдаланып көрмеген қазақ поэзиясы үшін оны 
тосыннан кенет актив түрде енгізу өлеңді «жұп-жұмыр тегіс 
келтірмейтінін» де Абай сезгенге ұқсайды. Сондықтан Абай 
тасымалдағы алғашқы адымын құрмалас сөйлемнің аясында 
ғана жасайды. Онда да тасымал тек екі тармақты қамтиды. 
Абайдың өзінде де, Абайға дейін де, шумақаралық тасымал 
мүлде жоқ, яғни бір сөйлемнің аяғы келесі шумаққа еш уақытта 
ауыспайды.
Сөйтіп, өлең жолдарын синтаксистік құрылымы жағынан 
бір-бірімен цементтей түсетін тасымал амалы Абай поэзия-
сында орын алған.


343


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет