Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет143/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 Нұрханов С.
Көрсетілген мақала. - 73-б.


345
қолданған, бірақ біздің байқауымызша, Абай ықшамдаудың 
бұл түрін тек стильдік реңк үшін емес, жалпы өлшем үшін де, 
ұйқас үшін де қолданғанға ұқсайды. Мысалы:
Жарамайды бекер алдау
Теңің емес мен 
сенің (II, 77).
Мен 
– 
сынық жан, 
жамағанмен 
Түзеле алман түрленіп (II, 78), –
дегендерінде ешқандай өктемдік көрсету реңкі жоқ, керісін-
ше, мұндағы теңеулер – төмен нәрселер. Бұл Абайда буын 
өлшеміне байланысты қолданылған тәсіл екендігін дәл осы 
шығармадағы қатар тұрған өзге тармақтар дәлелдейді. Онегин 
осы жерде:
Мен жаралы 
жолбарыспын 
(I, 77). 
– 
Мен көмірмін 
қалған өрттен (I, 78), –
деп те айтады. Сол сияқты Абай қыз бен жігіттің аузына:
Біз 
– 
қырғауыл, сіз – тұйғын 
(I, 106).
Сіз 
– 
жалын шоқ, біз 
– 
бір май 
(І,105). 
Сіз 
– 
қырғауыл 
жез қанат (I, 104), –
деген сөздерді салғанда, жіктік жалғауларын түсіріп, ықшам-
дап келтіру тек өлең талабынан туған. Сонымен бірге жіктік 
жалғаулары түсірілген сәттерде теңеулер баса көрініп, теңес-
тірілген екі нәрсенің қарама-қарсылығы айқындала түсетін 
тәрізді. Егер «біз қырғауылмыз, сіз тұйғынсыз» түрінде 
берілсе, жай ғана констатация сияқты болар еді, мұндай теңеп 
тұрған нәрсеге екпін түспейді. Дегенмен Абайда жіктік жалғау 
түсіріліп берілген жағдайдың барлығында бұл стильдік реңкте 
бола бермейді. Мысалы: 
Шын 
ғашық мен 
саған (I, 101), –
сияқты сәттерде буын өлшемінен басқа ешбір стильдік мотив 
жоқ.
Өзге нұсқаларда жоққа тән, Абайда едәуір жиі кездесетін 
ықшамдаудың және бір түрі – жалғаулықтарды пайдалану 
саласында. Әдетте 
да 
шылауы қайталанып келгенде, әрбір 
бірыңғай мүшемен тұру керек. Абай кейде осы тәртіптегі 
да 
жалғаулығын түсіріп те береді:
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға 
да 
қуғанға (I, 163).


346
Айлаға, ашуға 
да 
жақтым шырақ (I, 223).
Мұнда 
да 
шылауы септік жалғауларымен берілген бірың-
ғай мүшелердің әрқайсынан кейін келуге тиісті екеніне 
қарамастан, ақын ықшамдау заңын қолданған. Бұл типтес мы-
салдар Абай өлеңдерінде едәуір.
Өлеңде жеке сөйлемдер арасындағы жалғаулық шылаулар-
ды қалдырып ықшамдау – әбден қолайлы тәсіл. Бұл – жалғыз 
Абайда емес, жалпы қазақ поэзиясының тіліне тән нәрсе. Ал 
Абай бұл тәсілді де жиі пайдаланған:
Махаббат кетті, дос кетті,–
Жете алмайсың, тоқтайсың (I, 228), –
дегенде екі тармақтың арасына 
сондықтан 
шылауы қажет бо-
лар еді.
Ерте ояндым, ойландым, – жете алмадым (I, 223).
Бұл жерде 
бірақ 
шылауы түсіп қалып тұр. Өлеңді сөйлем-
дерде салалас құрмаластарды жалғастырушы шылауларды 
көбінесе түсіріп айту тәсілі Абайдың проза тіліне де тікелей 
әсер еткені байқалады. Абай «Қара сөздерінде» салаластағы 
жалғаулық шылауларды жиі түсіреді: 
Бағар едім,
– 
қалайша 
бағудың мәнісін де білмеймін 
(II, 162). 
Соны үміт үзбестікке, 
не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға 
жаратсам керек еді,
– 
ондайым жоқ 
(II, 168). Бұл сөйлемдерде 
бірақ 
шылауы түсірілген. Абай прозасында әсіресе 
сондықтан 
шылауын өте жиі түсіріп отырған
123
.
Өлең синтаксисі жалғыз шылауларды емес, өзге де эле-
менттерді, тіпті тұрлаулы мүшелерді түсіріп айтуды көтереді. 
Қазақ тілінде I, II жақтардағы бастауыштың түсіріліп айтылуы 
– нормалы құбылыс, ал III жақтағы бастауыштың немесе жал-
пы баяндауыштың түсірілуін қазақ синтаксисі көтермейтіні 
мәлім (атаулы сөйлемдер мен «Қой – қозыдан», «асыл – тастан» 
тәрізді фраза-мақалдарды қоспағанда). Ал өлең синтаксисінде 
бұл құбылыс кездесуі мүмкін. Мысалы:
Қызды ауылға қырындап үйір болса,
Көңіліне зор қуаныш, бір бадалық (I, 36), –
дегенде екінші тармақта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет