-ып
жұрнақты көсемшенің болымсыз
367
(-май)
түрімен ұйқастырып береді. Мұнда ешбір компромисті
күтіп кідірмейтін, жедел қимылды, дәйім қозғалыста болатын
күрескердің портретін береді. Осы дамылсыз қозғалыс (күрес)
идеясын көсемше тұлғасының ұйқасқа қатысуы арқылы
беруді ақын интуитивті түрде жақсы түсініп, тап басқан.
«Беркініп садақ асынбай» деп басталатын өлеңін біз жоғарғы
шығармасының жалғасы дер едік. Өйткені мұнда да тақырып,
идея, форма дәл алдыңғы өлеңдегідей. Екеуі де «ерлердің ісі
бітер ме»
деген тармақпен бітеді, алдыңғы тармақтар – ең
соңғы басыңқы сөйлемге қарасты бағыныңқылар. Бұл әуен
Махамбеттің өзге өлеңдерінде де бар. Үздіксіз әрекет, жеңбей
тынбайтын күрес мотивін ақын әсіресе өзіне берген серт немесе
өзгелерді күреске шақыру тәрізді өлеңдерінде еркін пайдалана-
ды. Мысалы, «Қақақулап шақырмай» өлеңі де – күрескердің іс-
әрекетінің бейнесі, мұнда да іс-әрекет, қимыл екпінді, үздіксіз,
сондықтан ақын көсемше ұйқастарды қалайды.
Өткен шақтың көсемше тұлғасын ұйқас объектісі етіп алу
тек стильдік мақсатқа ғана байланысты емес, кей сәттерде
ешбір қарқындылық, екпінділік реңкті көздемей-ақ, бірнеше
тармақ қатарынан көсемше ұйқаспен берілуі мүмкін. Мұндайда
сыйыстыру заңы да қатысады: бірнеше сөйлемді бір күрделі
синтаксистік тұтастыққа ұйымдастыруда қолданылатын
амалдың бірі ең соңғы
компоненттен басқа әр компоненттің
баяндауышын көсемше тұлғасына қою екені белгілі. Мысалы,
Дулат ақынның:
Тең құрбыңмен
теңеліп,
Шаруа жиып
кенеліп,
Бала сүйіп, мал
жиып,
Керсеніңе бал
құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің (Дулат, 99), –
деген жолдарында ешқандай динамикалық тон жоқ, мұнда
біртектес конструкцияларды бір-біріне қосақтап, синтаксистік
бір единица етіп беру мотиві ғана зор (Махамбеттен жоғарыда
келтірілген мысалдарда да сыйыстыру тенденциясы да жоқ
емес).
Демек, қай мотивті қаласа да, көсемше ұйқастарды қолдану
368
– қазақ поэзия тіліне ертеден тән әрі актив тәсілдердің бірі
екендігі байқалады. Абай бұл норманы жақсы танып, дұрыс
пайдаланған, сонымен қатар поэтиканың өзге жақтары сияқты,
бұл жағына да корректив енгізген.
Ең алдымен, Абайдың көсемше ұйқастары айқын ажыра-
тылған екі түрлі қызметте келеді, бірі – жоғарыдағыдай тия-
нақсыз компонент қызметінде. Бұған Оспанға арналған атақты
өлеңі («Жайнаған туың жығылмай») мысал болады. Мұнда
екпінділік, интенсивтік реңк жоқ, сыйыстыру бар. Оспанның
іс-әрекеті арқылы көрсетілетін портретін біртұтас синтаксистік
конструкция арқылы беру тенденциясы ақынды сыйысты-
ру әдісіне итермелеген. Екіншісі – өткен шақтық көсемшені
тиянақты мүше (баяндауыш) ретінде қолдану. Бұл – кез кел-
ген текстен табыла бермейтін амал. Бірақ қазақ поэзиясында
бұрыннан да болып келген тәсіл. Абай соны жиі пайдалануы-
мен қатар, оған стильдік қызмет артқаны көрінеді.
-ып
жұрнақты көсемше тиянақты мүше қызметінде келген-
де, өлеңнің бір синтаксистік тұтастыққа енген өзге жолдарын-
да тиянақты тұлғадағы етістік болмауы қажет. Көсемшелі кон-
струкциялар қанша көп болғанмен, «Оспанға» деген өлеңінің
ең соңғы тармағында
өліпсің
деген ашық райдағы тиянақты
етістік алдыңғы көсемшелердің барлығын тиянақсыз етіп
тұрады. Махамбеттен келтірілген мысалдар да сондай:
бітер
ме
деген тиянақты тұлға көсемшелерге «автономия» бермейді.
«Алпамыс» жырынан келтірілген үзікте де
озады
деген тұлға
алдыңғы көсемшелі конструкцияларды өзіне бағындырады.
Ал мына шумақтарда көсемше тұлғалары – өз алдына дербес,
тиянақты баяндауыштар:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны
қылтылдап.
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып
ыңқылдап.
Суда тұрып
шыбындап,
Құйрығымен
шылпылдап.
Арасында құлын-тай
Айнала шауып
бұлтылдап
(I, 49).
369
Бұл – бір шоғыр (абзац), бір күрделі синтаксистік тұтастық.
Жаздыкүн шілдедегі жылқыға қатысты картина осы жерде
аяқталады. Демек, бұл шоғырда көсемшеден өзге тұлғалы
етістік жоқ. Мұндағы көсемше тұлғалар қызметі мен мағынасы
жағынан ашық райдың
Достарыңызбен бөлісу: |