Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


(-ады)   мен өткен шақ көсемше  (-ып)



Pdf көрінісі
бет154/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

(-ады)
 
мен өткен шақ көсемше 
(-ып)
 
және ке-
лер шақ есімше 
(-ар)
 
тұлғалары болатын. Абай етістіктің өзге 
тұлғаларын да активтендіреді. Әсіресе, 
да 
шылауымен келген 
шартты рай тұлғасы («Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», 
«Тұлпардан тұғыр озбас» өлеңдерінде), барыс септіктегі 

 
жұрнақты тұйық етістік («Интернатта оқып жүр» т.б.), жатыс, 
барыс септіктеріндегі өткен шақ есімше («Қансонарда...» т.б.), 
-мақ
 
жұрнақты тұлғалар («Тоты құс түсті көбелек» т.б.) да 
ұйқас құрауға жиі қатыстырылған.
Өлең шумақтары мен жеке бөліктерінің бір ұйқасты 
(монорифмалық) немесе әртүрлі ұйқасты болып келуінің өлең 
композициясы мен синтаксистік құрылысына тікелей қатысы 
бар. Әдетте Абай поэзиясында көзге түсетін нәрсе – көптеген 
өлеңдерінің немесе кейбіреулерінің ұзақ-ұзақ бөліктерінің 
бастан-аяқ бір ұйқасты болып келетіндігі. Монорифманы 
Абай әдейі қалайды. Ол – ең алдымен ой, идея тұтастығын 
жасауға көмектесетін амал. Мысалы, «Қартайдық, қайғы 
ойладық, ұйқы сергек» деген шығармасы бастан-аяқ (12 
шумақ) 
-мақ
 
тұлғалы етістік ұйқасына құрылған, осы арқылы 
ақын әуелі әрбір шумақты бір единица етіп тұтастырса, одан 
кейін бұл шумақтарды бір өлең етіп және тұтастырады. Сырт 
қарағанда, Абайда бастан-аяқ бір ұйқасқа құрылған өлеңдер 
ақынның ұйқас табудағы шеберлігін танытатын факті сияқты 
болып көрінеді. Ал, шынында, бір ұйқас тәсілін Абай тек 
ақындық майталмандықты көрсету үшін емес, шумақ пен өлең 


374
тұтастығын құру үшін қолданған. Монорифма тәсілі Абайдың 
тек шумақты өлеңдерінде емес, шумақсыз шығармаларында 
да жиі қолданылған. Мысалы, «Байлар жүр жиған малын 
қорғалатып» деген өлең тұтасымен 
-
ып
 
тұлғалы көсемше 
ұйқасына құрылған. Бұл ретте Абайда және бір көзге түсетін 
нәрсе – ақын моноұйқас үшін тек етістік тұлғаларын емес, 
өзге тұлғаларды да еркін пайдаланады. Бұл – Абайдың ғана 
шеберлігі. Өйткені бір тұлғалы етістік ұйқас – ең оңай тәсіл. 
Сондықтан да Абайдан өзге бұрынды-соңды ақын-жыраулардан 
бір тұлғалы етістікке құрылған жеке өлеңді немесе оның бөлігін 
таба аламыз. Мысалы, Бұхардың «Жаулық жолын сүймеңіз» 
деген шағын толғауы II жақтағы етістіктің сыпайы түріне 
құрылған. Сондай-ақ Дулаттың «Сөзім бар да көзім жоқ» де-
ген өлеңі 
жатпадым 
– 
мақтадым 
– 
ақтадым 
деген өткен шақ, 
I жақ етістік тұлғасына құрылған. Моноұйқас тәсілін қазақ 
әдебиеті Абайға дейін де еркін және мол қолданған. Бірақ үлкен 
бір принципті айырмашылық – Абайдан өзгелерде бір ұйқас 
көбінесе 7-8 буынды шумақсыз жыр өлшемінде қолданылған. 
Ал Абай, біріншіден, ең алдымен бұл тәсілді 11 буынды төрт 
жолды шумақты өлеңдеріне де енгізген. Екіншіден, етістік 
ұйқаспен қатар, өзге морфологиялық тәсілдерді пайдала-
ну мүмкіндігін көрсеткен. Мысалы, «Бір дәурен кемді күнге 
бозбаланың» деген 11 буынды төрт тармақты өлеңінде аб-
стракт зат есім, туынды сын есім және I жақ қалау райдағы 
етістік тұлғасын жасайтын 
-
лық
 
омоформасын (оможұрнағын) 
пайдаланған. Сондай-ақ «Қалың елім, қазағым, қайран 
жұртым» деген өлеңінде 
қыртың, бұртың, қиқым, тырқың, 
қылпың, жыртың 
деген образды еліктеуіштер мен осылармен 
ұйқасатын тәуелдік жалғаудың II жағындағы зат есім тұлғасын 
(мұртың 
– 
ұртың 
– 
сыртың) 
пайдаланып, өлеңді бір ұйқасқа 
құрған, сөйтіп, өлең тұтастығын жасаған. Біздің байқауымызша, 
Абай өзгелермен салыстырғанда 11 буынды өлеңдерінде бір 
ұйқасқа етістік ұйқастардан 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет