Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет156/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

абаб 
шалыс ұйқасы төрт жолға мағыналас екі сөйлемді беру тәртібін 
туғызған:
1) Антпенен тарқайды, – 
а
Жиылса кеңеске. – 
б
2) Ор қазып байқайды
– а
Туа жау емеске.
– б
Қатар келген ұйқастар көбінесе параллелизмді жасауға 
ыңғайлы тұрады, сондықтан Абайдың 
аабввб 
фигуралы шу-
мақтарында 
аа, вв 
тармақтары параллель конструкциялар бо-
лады:
Ел де жаман,
 
 
 
– 
а 
Ер де жаман
 
 
 
– 
а
Аңдығаны – өз елі
– б
Елде – сияз
– 
в
Ойда – ояз
– 
в
Оңбай-ақ тұр әр түрі – 
б
4. Ұйқас суреті мен өлшем варианттары шумақтың 
композициялық құрылысына әсерін тигізеді. Мысалы, 
аабввбгг 
ұйқасымен келген «Сегіз аяқта» алдыңғы алты тармақ өзара 
б 
ұйқасымен топтасады да тезис ретінде беріледі, соңғы парал-
лель ұйқастар мағыналас екі жай сөйлемді немесе бір ғана 
сөйлемді қамтып, антитезис ретінде құрылады. 
абабвв 
фигура-
лы шумақ та сондай: алдыңғы төрт жолы – тезис, соңғы
екеуі 
– тұжырым. 
аабввбггг 
фигуралы шумақтардың ұйқас тәртібі 
олардың композициялық құрылымын белгілейді: 
аа, вв 
парал-
лельдер құрайды, 
б
– алдыңғы алты жолды өзара топтастыра-
ды да ол алтауында негізгі ой – тезис орналасады, соңғы үш 
тармақ және параллельдер арқылы берілген қорытынды болып 
шығады.
5. Шумақтың өз ішінен композициялық бөлімдерге ажы-
ратылуы оның синтаксистік құрылымын әлдеқайда күрде-
лендіреді. Мұндайда әрі параллель категориялардың, әрі 
жалаң, келте сөйлемдердің, әрі жайылма немесе құрмалас 
сөйлемдердің бір шумақта орналасуына мүмкіндік туады. 


378
Бұл – жаңа поэзияның, жазба әдебиеттің белгісі. Мұнда речи-
татив жойылады. Абайда композициялық құрылымы күрделі 
шумақтармен жазылған өлеңдер белгілі бір жүйеге айналған, 
демек, өлең синтаксисінің күрделі түрі де – Абайда система.
6. Өлең өлшемі өлең синтаксисін белгілейді. Абайдың 
шағын буынды, симметриялық тәртіпте құрылған өлеңдері 
(«Бай сейілді», «Тайға міндік», «Кешегі Оспан» т.б.) бір жолға 
жалаң бір сөйлемді орналастыру тәсілін туғызды:
Өлді Оспан, 
Кетті шопан... 
Қайын бардық, 
Қатын алдық. 
Өтті өмірім,
Қайтты көңлім.
Кетті бірлік, 
Сөнді ерлік.
Бұл – қазақ поэзиясының синтаксисінде Абай ұсынған 
мүлде тың тәртіп. Бұл – тармақ сыйымдылығын арттырудың 
жаңа амалы.
7. Абай қазақ поэзиясының бұрынғы кәнігі өлшемдерінің 
синтаксисіне де бірнеше жаңа амал-тәсілдер енгізіп, оларды 
системаға айналдырған. Ұйқас фигурасы 
ааба 
болып келетін 
11 буынды төрт тармақты шумақтарда бұрын көбінесе алдыңғы 
екі жол жеке-жеке мағыналас параллель екі жай сөйлем болып 
құрылатын болса, Абай осы тәртіппен қатар, бұл екі тармаққа 
бір жай сөйлемді орналастыру тәсілін жүйелі түрде ұсынады. 
Мұндайда екі тармақтың біреуі не жайылма бір мүше, не 
бірыңғай мүшелер болып келеді. Осы арқылы тармақтардың 
синтаксистік біртұтас единицаларға тығыз топтасуын жүзеге 
асырады. Бұл тығыздық мағына жағынан да, синтаксистік 
құралым жағынан да берік болып шығады. Абай шумақтары 
әрдайым дерлік күрделі синтаксистік тұтастық құру принципін 
берік ұстайды.
8. Шумаққа немесе тирадаға топтасқан сөйлемдердің 
бір-бірімен байланысу амалдарында Абай активтендіріп, 
жүйеге айналдырған түрлері бар. Ол – тасымал мен инвер-
сияның кейбір варианттары. Өлең тасымалының қолданылуы 


379
қазақ поэзиясында Абайдан басталады. Сондай-ақ Абай-
дан инверсияның тармақ аралық түрінің стильдік мақсатта 
жүйелі түрде (бір өлеңде бастан-аяқ) қолданылуын табамыз. 
Инверсияның бір жол аясындағы түрінен Абайда, әсіресе, 
бірыңғай параллель мүшелерді екіге бөлу 
(біреу астық 
ала-
ды, 
біреу – маржан), 
анықтауыш пен анықталғыш мүшелердің 
орнын алмастыру (сұр 
бұлт түсі суық 
қаптайды аспан), 
баяндауышқа орын таңдату көзге түседі. Бұлар Абайда таза 
стильдік мақсат атқарады.
9. Абай өлеңдерінің синтаксисінде проза синтаксисіне 
жақындатылған түрлері бар. Ол өлең өлшемі мен ұйқас ва-
риациясын қолдану арқылы жасалған. Мысалы, «Қатыны 
мен Масақпай», «Сен мені не етесің?» тәрізді өлеңдер – қара 
сөзбен сөйлеу түрінде құрылғандар. Бұларда инверсия жоққа 
тән, бір шумақ көбінесе бір немесе өзара тығыз байланысқан 
екі сөйлемнен тұрады.
10. Сөйтіп, Абай поэзиясының синтаксисі тақырып, идея, 
стильмен үндесіп келеді. Ол үндестікті жүзеге асыруда ақын 
ұйқас суреті мен өлшем түрлерін құбылту немесе ескі өлең 
түрлерін (мысалы, 
ааба 
ұйқасты 11 буынды қара өлеңді) 
синтаксистік жағынан өзгеше құру тәрізді тәсілдерді пайдала-
нады.
Күрделілігі, сыйымдылығы, көркемдік эффектілігі жағы-
нан Абай өлеңдерінің синтаксисі – жазба поэзияға қойылатын 
талаптарға сай түсетін, өзіне дейінгі поэтикалық дәстүрден 
жоғары көтерілген, кейінгі қазақ поэзиясына бағыт-үлгі бола-
тын дәрежедегі сипатта танылады.


380


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет