384
Абай тілінің зерттелуі
Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды
сыйғызуға болады: бірі – ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы
пікір айту, екіншісі – Абай шығармалары тілінің өзін талдап-
таныту. Әдетте жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы
әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік
тәсілдері мен өзге де
индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе
поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін,
ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Соны-
мен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан
талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі си-
патын тануға болады, өйткені Абай – дайын тұрған қалып-
нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес,
сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық
жаңа түрінің іргетасын қалаушы адам.
Қай тұрғыда болса да, Абай тілін әңгіме ету оның творче-
ствосын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине,
бір дәрежеде,
бірдей қарқында емес. Сөз жоқ, ең алдымен, жазушы творчес-
твосының идеясын, тақырыбын, мазмұнын танып-білу қажет
болды. Мазмұнның формасына, яғни қаламгер тіліне үңілу со-
дан кейін басталады.
Абайдың творчествосы туралы пікір айту өткен ғасырдың
соңғы жылдары мен үстіміздегі ғасырдың басында басталған
болса, тілі жөніндегі тиіпқашты сөзді де осы тұстардан бастап
оқимыз. Біздіңше, Абайдың тілі
туралы ең тұңғыш айтылған
пікір – орыстың көрнекті ғалымы П.М.Мелиоранскийдікі.
Ол 1901 жылы айтылған. Акад. Ә.Марғұланның мағлұматы
бойынша, князь В.А.Кудашев жинаған Абай өлеңдерінің
(Ленинградта, География қоғамының архивінде сақтаулы)
қолжазбасын П.М.Мелиоранский редакциялайды. Мұнда
Абай өлеңдерінен басқа да үлгілер болады. Қолжазбамен
танысқаннан кейін редактор былай деп жазыпты: «Бұл
жинақта
мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер қызықты:
«Жыл мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты».
Бұл шығармалардың тілі – азды-көпті кітаби»
1
.
1
Марғұлан Ә.
Абайдың Ленинградтағы қолжазбасы // Әдебиет және искусство.
- 1957. - № 3. - 87-б.
385
П.М.Мелиоранский бұл өлеңдердің авторының кім екенін
білмейді (өйткені
А.К.
деп инициалы ғана қойылған), сондық-
тан олардың циклын көрсетіп атайды. Абайдың мұндағы
өлеңдері осындай тақырыптармен берілген екен. Өткен ғасыр-
да қазақ тілін мұқият зерттеген бұл ғалымның осы бір ауыз
сөзінен екі нәрсені түйеміз. Бірі – ғалымның көзі көп дүниенің
ішінен асыл бұйымды бірден айырып танығаны, екіншісі –
Абай өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, тілі туралы да тұңғыш
пікір айтқаны. Бұл жердегі «азды-көпті кітаби»
дегенді екі
түрлі жорамалдауға болады. Мұнда ақын өлеңдері сол кезеңге
тән шағатайша-татарша орфографиямен жазылғанына қарап
«кітаби тілге» жуық деп тануы мүмкін. Бірақ бұл – неғайбіл,
өйткені Кудашев қолжазбасына кірген Абай шығармалары –
жыл мезгілдері туралы өлеңдері, «Қансонарда.,..», «Өлең – сөз-
дің патшасы...», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Жігіттер,
ойын арзан...» тәрізді азаматтық тақырыптағы нағыз «қазақы»
туындылары. Бұлар – емле жағынан қанша шағатайшыланған-
мен, тілінің шынайы қазақтығы әудем жерден көрінетін
дүниелер. Ондайды П.М.Мелиоранский сияқты мұқият,
жетік ғалым сезбей, білмей тұрмаса керек.
Сондықтан оның
«кітаби» деп отырғаны, біздіңше, басқаға меңзейді: Абай
өлеңдері сол жинаққа енген ауыз әдебиеті нұсқалары мен өзге
ақындар өлендерінен өзінің жазба әдебиетке тән белгілерімен
ерекшеленіп, көзге түскен. Абай өлеңдерінде негізгі поэ-
тикалық идеяны нақ бермейтін «буырыл танлар» мен «терең
сайлардың» жоқтығы, образдардың тыңдығы,
өлеңнің рит-
микалық-интонациялық жағынан да бұрынғы дәстүрден
шығып, құбылып келуі – осылардың барлығы сөз қадірін та-
нытын ғалымның көзінен таса қалмай, ақын өлеңдерін жазба
әдеби тілде туған деген пікір айтқызған тәрізді. Олай болған
күнде бұл – Абайдың тілі жөнінде тап басып, дұрыс айтылған
тұжырымдардың бастамасы болмақ. Қазақ топырағында
ақынды танып-білу әрекеті үстіміздегі ғасырдың 10-жылда-
рынан басталса, тілі жөніндегі ой-пікірлер де осы тұста ай-
тыла бастайды. Рас,
бұлар әлі тым келте, дәлелі мен дерегі
әлсіз. Бұл кезеңдегі назар аударатын пікір – Сұлтанмахмұт
Торыайғыровтікі. Ол «Айқап» журналының 1913 жылғы төрт
386
нөмірінде «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» де-
ген мақала жариялап, онда сол тұстағы қазақ поэзиясының
мазмұн-мәнімен қатар тілін де азын-аулақ сөз етеді: «Нағыз
шын айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырып жүрген
кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері
– бытпырақ. Бытпырақ болмағандарының ағыны теріс...»,
2
–
дейді. Мұнда «бытпырақ», «шата тіл
Достарыңызбен бөлісу: