-лық
пен
-шылық
жұрнақтары
едәуір сөздерде қатар жүрген:
адамдық
–
адамшылық, қорлық
–
қоршылық
т.т. Осы мағынада арабтың
мағишат
сөзінің бір
рет болса да кездесуінің және өз алдына себебі бар.
Осындай жайттарды сөздік көрсетпегенмен, оларға қажет
материалдарды табуға зор көмегін тигізеді. Бұл сөздікке
қарап отырып, Абайдың көптеген сөзді ауыспалы мағынада
қолданғанын аңғаруға болады. Бұл құралдан жазушы тілінде
кездесетін әр алуан варианттылықтың өзін (материалын) тізіп
алуға болады:
қайуан –
хайуан, айла
–
қайла, абиыр
–
абұйыр,
береке
–
берекет
т.т. Ал бұлардың мағына жағынан сарала-
нуын немесе тепе-тең дублеттілігін т.б. жайттарды дәлелдеп
көрсету – жеке зерттеушінің ісі.
Әрине, бұл үлкен, коллективтік жұмыс мінсіз де емес. Ең ал-
дымен, кейбір жеке сөздердің анықтамасы дәл шықпағандығы
көрінеді. Мысалы, ақын қолданған бірқатар орыс сөздерінің
402
(майыр, визит, закон, интернат, кандидат, законшік)
Абай
тұсындағы, Абай тіліндегі мағынасы берілмей, осы күнгі жал-
пы мағынасы көрсетілген. Сондай-ақ
арыз, би, ант, теңдік,
ғылым
тәрізді сөздердің Абай текстеріндегі мағынасы дәл
көрсетілмеген.
Дарқан
(сөздікте берілгендей «жомарт, мыр-
за» ұғымында емес, Абайда «ұста» мағынасында),
далаң
(сөздікшілер түсіндіргендей, «ашық, бос жер» емес, орыс-
ша
сень
сөзінің аудармасы ретінде Абай келтірген «орын,
жай» ұғымындағы сөз) сөздерінің де анықтамасы оқырманға
дәл мағлұмат бермейді. Абайда ғылыми термин дәрежесіне
көтерілген
ақыл, бірлік, мақтан, қызықпақтық
сияқты сөз-
дердің лексикалык мәндері ашылмаған. Ақынның орыс тілінен
аударған өлеңдерінде кездесетін кейбір сөздердің де жалпы
номинатив мағынасын бермей, контекстегі, оригиналға сай
келетін семантикасын көрсету керек еді. Мысалы,
бастық
сөзін «Сөздік» «басқарушы» деп қана көрсетеді, ал бұл сөз
Абайда «архимандрит» дегеннің баламасы ретінде берілген.
Сол сияқты Абайдағы
жалау
сөзі «Сөздіктегідей» «тудың бір
түрі» емес, «парус» деген ұғымды беру үшін алынған. Жеке
жазушы тілінің сөздігі болғандықтан, мұндай сөздіктерде сөз-
дің номинатив жалпы мағынасы емес, сол контексте ұсыныл-
ған нақты мағынасын көрсету керек еді. Кейбір сөздердің
түсініктемесінде кеткен сәтсіздіктер тіркес компоненттерін
анықтауда да байқалады. Мысалы,
бу алу
тіркесі
алу
сөзіне
қатысты «бусану, жасаңғырау» деп түсіндірілсе,
бу
сөзіне
келгенде, «булану» ден анықталған, ал бұл тіркестің Абай-
да кездесуінің өзі бір-ақ жерде, демек, мысал біреу-ақ, оның
түсіндірмесі де біреу ғана болу керек қой.
Абай тілін танып-зерттеуге тікелей қатысты, маңызы зор
мәселе – текстологиялық ізденістер мен түзетулер жайын-
да. Абай шығармаларының текстологиясына үңілу кейінірек
басталды. Дегенмен бұл салада істелген жұмыстар мен
жарияланған материалдар ұлы суреткершілінің әр қырын
дұрыс танып, талдауға көп мүмкіндік береді. Ақын мұрасының
әр кездегі басылымдарында кеткен текстологиялық ағаттық-
тар мерзімді баспасөз беттерінде де, жеке жинақтар мен
кітаптарда да көрсетіліп, оларға түзетулер ұсынылып келе
403
жатыр. Газет беттерінде жарияланған құнды қыруар мақала-
ларды былай қойғанда, журнал беттерінде жарық көрген 3.Ах-
метов пен Ы.Дүйсембаевтың
33
, Б.Жақыпбаевтың
34
, А.Сәр-
секеевтің
35
, Қ.Өмірәлиевтің
36
, М.Бөжеевтің
37
мақалалары мен
Қ.Мұхаметхановтың
38
арнайы жазылған кітабы
Абайдың тілін
де танып-білуге үлкен септігін тигізетін жұмыстар екені дау-
сыз.
Жеке сөздерді немесе тұлғаларды дұрыс берудің тіл тари-
хын, оның ішінде ақын-жазушылардың тілін тануда мәні бар.
Мысалы, М.Әуезов Абайдың 1922 жылғы Ташкенттегі ба-
сылымында кеткен текстологиялық ағаттықтарды қынжыла
отырып көрсетеді: мұнда редактор
Достарыңызбен бөлісу: |