Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет165/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мақ, 
-ар
 
жұрнақты сөздердің беретін мағыналары мен қазіргі нор-
мадан өзгеше келетін ерекшеліктерін көрсетуге және қолда-
нылу себептерін ашуға талпындық. Сондай-ақ кейбір морфо-
логиялық тұлғалардың Абай тілінде екі вариантта 
– 
ықшам 
және толық түрінде – кездесетіндігін танытып, оның да 
себептерін ашуды көздедік. Материалдың өзі нақтылы талдау 
негізінде бізден бұрынғы зерттеушілер тарапынан айтылған 
біраз тұжырымдарға корректив те енгіздік. Мысалы, 
-
мақ, -ар
 
жұрнақты тұлғалар шағатай не татар тілдерінің элементі емес, 
қазақтың Абайға дейінгі ауызша тарап келген әдеби тіліне тән, 
тіпті ауы әдебиеті тіліне хас норма екенін дәлелдедік. Сондай-
ақ 
тын~тұғын
(баратын~баратұғын), мен~менен 
(та 
мен 
тас, тау 
менен 
тас), 
да~дағы 
(барды 
да 
– барда 
дағы) 
сияқты 
қатарлардың кездесуі біреуінің норма екіншісінің нормадан 
тыс болғандығынан емес, өлең шарттарына (өлшем, ырғақ, 
ұйқасқа) қатысты деп, өзгеше пікір айттық.
Біз Абай тілін танып-білудегі ізденістерімізді әрі қарай 
жалғастырып, арнайы жазылған екі монография жарияладық
31

Бұларда енді ұлы қаламгердің мұрасы қазақ әдеби тілі тарихы-
ның материалы ретінде зерттедік. Абай тілі – өз тұсындағы қазақ 
жазба әдеби тілі белгілі бір дәрежеде толығырақ көрсететін 
сипаттағы дүние. Сондықтан Абайдай сөз иесінің шеберлік 
лабораториясына үңілмес бұрын, оның сөздік құрамы мен 
грамматикасын лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп
талдап шығу қажеттігі тұрды. Бұл талдауларымыздың мате-
риалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазір жазба әдеби 
тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы – өзінің баста-
лар тұсындағы – лексика-грамматикалық сипатын танып-
30
Сыздықова Р. 
Абайдың прозалық шығармаларындағы морфологиялық 
тұлғалардың сипаты // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 1959. - № 5. - 30-34-б.; Абайдың 
«Қара сөздеріндегі» -мақ аффиксті тұлға жайында //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - 
Филология сериясы. - 1959. - № 1. - 76-84-б.; Абай шығармалары мен XIX ғ. жазу 
нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1959. - № 2. - 48-
55-б.; Абайдың прозалық шығармаларында күрделі ойдың берілуі //Исследования по 
истории казахского языка. - Алма-Ата, 1965. -С. 42-57 т.б.
31
Сыздықова Р. 
Абай шығармаларының тілі (монография). - Алматы: Ғылым, 1968; 
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы (монография). - Алматы: Ғылым, 1970.


400
білуге септігін тигізер болса, екінші жағынан, ұлы ақынның 
суреткерлік шеберлігі мен өз қаламына тән қолтаңбасын 
көрсететін және қазақ көркем сөзі дамуындағы шоқтығы биік
орнын танытуға арналатын әдеби-лингвистикалық (лингвисти-
ликалық) зерттеу жұмысына дайындық болмақшы.
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған 
екінші монографиямызда қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай 
туындыларының синтаксистік амал-тәсілдерінің проза снн-
таксисінен өзгешелігі қандай; өлеңнің ұйқас өлшемі, компо-
зициясы және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен оның синтак-
сисінің арасында қандай байланыс бар; өлең құрайтын 
компоненттердің бір-бірімен іліктесіп, байланысу амалда-
ры нендей деген мәселелердің
 
сырын ашуды көздедік. Соны-
мен қатар бұл еңбекте Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ 
поэзиясының синтаксисіндегі айырымдар, ауыз әдебиеті мен 
жазба әдебиеттің өлең синтаксисі саласындағы жақындығы 
мен
 
алшақтығы деген жайттар тұңғыш рет сөз болды. Әсіресе 
баса көңіл аударылған нәрсе – Абайдың өлең архитектоникасы-
на, синтаксисіне енгізген жаңалықтары, өзгерістерін нақтылы 
талдау арқылы көрсету болды.
Абай шығармалары (прозасының да, поэзиясының да) тілі-
нің лексикасы мен грамматикасын жүйелі түрде, моногра-
фиялық планда арнайы зерттеген еңбектерімізде негізгі 
көздеген мақсатымыз оның көркемдік сипатын, шеберлік тәсіл-
дерін, индивидуалдық ерекшеліктерін айқындау болмаған-
мен, сөз жоқ, әр кез бұл мәселеге де соқпай кете алмадық. 
Жоғарғы екі арнайы монографиямызда да, әсіресе «XVIII-XIX 
ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы» (Алматы: Мектеп, 
1984) атты кітабымызда Абай поэтикасын едәуір сөз еттік.
«Ғылым» баспасынан 1968 жылы шыққан «Абай тілі сөз-
дігі»
32
– ұлы ақын тілін танып-білу саласындағы аса қажетті, 
қомақты жұмыстардың бірі. Орыс және өзге де кейбір туысқан 
халықтар тәрізді, өзінің классик жазушыларының тілінің 
сөздігін жасау ісіне үн қосқан бұл еңбек – бірнеше адамнан 
құралған коллективтің едәуір уақыт бойы көп ізденіп істеген 
жұмысының нәтижесі. Сөздік – анықтағыш,
 
жөнеуіш құрал, 
32
Абай тілі сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1968.


401
сондықтан да оның өзіне тән міндеті мен мазмұны бар. Ең 
алдымен, ол Абайдың тілін, әсіресе лексикасын зерттеймін 
деушілерге өте қолайлы, реттеулі, түгендеулі материал болып 
табылады. Іздеуші бұдан белгілі бір сөздің немесе тіркестің 
қай мағынада қанша рет қолданылғанын таба алады. Үңіле 
қараған адам бұл кітаптан бір мағынадағы кейбір сөздерді 
Абайдың қалайша қатар пайдаланғанын, оның ішінде қайсысын 
актив, қайсысын пассив қолданғанын көре алады. Мысалы, 
Абайда 
тіршілік, тірлік, өмір, мағишат 
деген төрт сөз бір 
ұғымды білдіреді. Бұлардың ішінде 
тіршілік 
6
 
рет, 
тірлік 
11, 
өмір 
113, 
мағишат 
1 рет қолданылғанын біле аламыз. Ал бірақ 
мұның себебін ашып көрсету – бұл сөздіктің міндеті емес, ол 
– Абай тілін арнайы зерттеушінің жұмысы болмақ. Мысалы, 
ең алдымен, бұл параллельдердің себебін іздеу керек (неге 
Абай төртеуін де пайдаланды?). Абай тұсындағы халықтық 
тілде болсын, Абайдың өзінде болсын (тіпті қазірде де) осы 
ұғымда негізінен екі сөз 
(тіршілік, өмір) 
қолданылған, бірақ 
оның екіншісі 
(өмір) 
семантикалық сыйымдылығы әлдеқайда 
күшті, фраза құрастырғыш қабілеті молдау болғандықтан, өте 
көп жұмсалады. Ал 
тіриілік 
сөзіне дублет болып келген 
тірлік 
тұлғасының қолданылуын өзге себептен іздеу керек. Абай 
тұсында және оның өзінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет