мақ, -мақтық, -дүр жұрнақты сөздерді, соңғыларына
-па + с + (айтпасқа), -па + с + тық (ұмытпастық), -ар + лық, -тұғын т.б. жұрнақты тұлғаларды жатқызады
28
. Қ.Өмірәлиев Абай
тілі грамматикасының жеке мәселелерін өзге де еңбектерінде
сөз етеді. Т.Қордабаев «XІХ ғ. қазақ жазбалары тілінің син-
таксисі» деген еңбегінде сол жазбалардың бірі ретінде Абай-
дың прозалық шығармаларының да синтаксисін талдайды.
Мұнда жай, құрмалас сөйлемдер синтаксисіне қатысты кате-
гориялар мен шылаулардың қызметі сөз болады. Зерттеуші
кейбір грамматикалық категориялардың Абай тіліндегі актив-
пассивтігін көрсетеді
29
.
Абай тілінің грамматикалық ерекшеліктерін танып-білуге
50-жылдардың соңғы кезінен бастап біз де кіріскен болатын-
быз. «Абайдың прозалық шығармаларындағы негізгі морфо-
логиялық ерекшеліктер» деген тақырыпқа кандидаттық дис-
сертация қорғап, грамматикалық жеке тұлғалар мен олардың
25
Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің тіліндегі стилдік кейбір
ортақ өрнектер // Вестник АН КазССР. - 1962. - № 11.
26
Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. - Алматы, 1968. - 52-54-б.
27
Балжанов Ш. Абай поэзиясындағы етістіктерді қолданудың стильдік
ерекшеліктері //Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. - 1962. - № 3. - 74-78-
б;
Нұрпейісов Р. Абай шығармаларының лексикасы туралы // Халық мұғалімі. - 1954.
- № 6. - 70-73-б.;
Сүлейменова Б. О русских словах в произвединиях Абая //Известия
АН КазССР. - Серия общественных наук. 1964. - № 4. - С.57-66.
28
Өмірәлиев Қ. Абай шығармаларындағы кейбір тілдік ерекшеліктер //Ученые
записи Гурьевского пединститута. - Серия историко-филологическая. - Вып. II. -
Уральск, 1962. - С. 185-205.
29
Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. - Алматы, 1966.
399
қолданылу реті жайында бірнеше мақала жарияладық
30
. Бұ-
ларда, негізінен, Абай прозасында өнімді қолданылған
-