Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет172/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Қазақ ойлайды: «Бірлік ат ортақ, ас ортақ, 
киім, дәулет ортақ болса екен», 
– 
дейді 
(ІІ, 163).
48
Қайрат 
айтыпты: «Ей, ғылым, өзің білсең, дүниеде ешнәрсе менсіз 
кәмалатқа жетпейді...», 
– 
депті 
(II, 172). Дәл осы сияқты 
үлгідегі сөйлемдерді Ы.Алтынсарин әңгімелерінен де таба ала-
мыз: 
Әлім айтты: «Шыққан күнмен айдан, көк пен жерден, 
су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен», 
– деді 
(И.Алтынсарин Киргизская хрестоматия. - Оренбург, 
1879. - С.31). Төл сөз категориясының құрылысындағы ұқсас-
тықты ауыз әдебиеті шығармаларынан да кездестіреміз: 
Тарғын айтты: «Нахақтан өз жұртымды жылатуға шари- 
ғат қоспады», 
– 
деді 
(«Ер Тарғын», 1898).
49
Қанай айтты 
47
Боровков А.К.
Из материалов
для истории узбокского языка //Тюркологический 
сборник. М., 1951. - С.73).
48
Бұл үзінді А.К. Боровков жариялаған текстен алынды (Тюркологический 
сборник. - Ч.І. - 1951. - С.74-75).
49
Ертеректе шыққан кітаптардан алынған текстердің тыныс белгісін қойған – біз. 
– Р.С.
Бұл жерде және кейінгі орындарда Абайдан келтірілгсен мысалдар Абайдың 1957 
жылы шыққан екі томдық шығармалар жинағынан алынды. Біз томы мен бетін ғана 
көрсетіп отырдық. – Р. С.


412
Жанайға: «Сен ат»,
– 
деді 
(Турецкая хрестоматия, состав-
ленная Березиным. - 1876. - С.19). Осы бірер мысалдардың 
өзі қазақ прозасындағы төл сөз конструкциясының (дәлірек 
айтсақ, төл сөзді автор сөзімен дәнекерлеп тұратын элемент-
тің орналасуы, тұлғасы жайының) қалыптасу процесінде бір 
кезде қазіргі уақыттағыдан біраз өзгеше үлгінің (онша жатық 
болмаса да) болғандығын аңғартады.
Абай прозасындағы құрмалас сөйлемдердің жасалуы де-
ген тақырып – өз алдына кеңінен талдауды қажет ететін аса
бір қызғылықты мәселе. Тіліміздің ауызекі нормасында, сон-
дай-ақ ертегілерде, мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде 
және халықтың тағы басқа сөйлеу мәдениетінің мұраларында 
(жазба әдеби тілі қалыптасып өркендей бастағанға дейін) 
құрмаласудың паратаксис тәсілі (ешбір дәнекер, жалғау, шы-
лауларсыз құрмаласу) басым болып келген қазақ прозасында 
құрмалас сөйлем категориясының жасалу жолдарының бірте-
бірте түрлене, күрделене түскен процесін Абайдың, Ыбырай-
дың т.б. ірі қалам иелерінің шығармаларыныц тілінен бақы-
лаудың қажеттілігі мен маңызын дәлелдеп жату артығырақ 
сияқты.
Абай тілінде синтаксис саласынан тағы бір көңіл аударатын 
құбылыс – есімдердің арасындағы меңгеру тәсілі. Абай проза-
сында да, өлеңдерінде де бұл тәсілді жиі пайдаланады: 
Шын 
ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы 
бойға теріс іс есепті болады 
(II, 192).
Үйленуге тоймаған
Жасқа жас, ойға кәрі едің (І, 81)
Бұл тәсіл әсіресе мақал-мәтелдерге тән тәрізді.
50
Біз келтіріп өткен осы бір мысалдардан, екінші жағынан
асқан шебер қалам қайраткері – Абайдың халық тілінде бар 
тәсілдерді сарқа, кеңінен пайдаланғандығы көрінеді.
Осымен қатар Абай шығармаларындағы жеке сөздердің 
фонетикалық тұлғалануы және орфограммасы (жазылуы) де-
гендер де тіліміздің тарихын, түрлі мекендерге байланысты 
ерекшелігін тануда елеулі рөл атқарады.
50
Проф. 
М.Б.Балақаевтың
«Основные типы словосочетаний в казахском языке» 
(1957 ж.) деген еңбегінін 41-бетін қараңыз.


413
Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құ-
нанбаев сияқты жазушының тілін талдағанда, оны Абайға де-
йінгі, онымен тұстас басқа да жазу нұсқалармен салыстырмай, 
байланыстырмай дара алып қарауға болмайтындығы түсінікті. 
Әңгіме бұл арада – қазақтың жалпыхалықтық тіліне ең жуық 
келетін, яғни қазақ тілінің өзіне тән лексикалық, фонетикалық 
және грамматикалық ерекшеліктерін сипаттай алатын нұс-
қалар жайында. Олардың басты-бастылары, біздіңше, мына-
лар: XIX ғасырдың орта тұсынан бастап орыстың бірсыпыра 
ғалымдары, ағартушылары, миссионерлері қазақ халқының 
ауыз әдебиеті шығармаларының үлгілерін жинап, бастыра бас-
тады. Бұл тұста бірінші кезекте В.В.Радлов жинап бастырған 
«Халық әдебиеті нұсқаларындағы...
51
М.Терентьев құрастырған 
хрестоматиядағы
52
, И.Березин құрастырған хрестоматиядағы
53

Я.Лютштің «Қырғыз хрестоматиясындағы»
54
материалдар-
ды атауға болады. Бұларда келтірілген текстер, әсіресе қара 
сөзбен берілгендері, бұрынырақтағы және сол кездегі қазақ 
тілінің грамматикалық сипатын зерттеуге бағалы нұсқалар 
болып табылады. Бұл текстердің құндылығының бірі – жи-
нап бастырушылардың оларға (текстерге) «әдеби» редакция 
жүргізбей, сол тұстағы көптеген түркі тілдеріне (оның ішінде 
казақ тіліне де) ортақ деп есептелінген «кітаби тіл» дегеннің 
нормаларына келтірмей, мүмкіндігінше қазақтың халық тілінің 
үлгісін бергендігі. Бұл текстердегі сөйлемдер құрылысы 
жағынан бәлендей жатық болмаса да, морфологиялық тұлға-
ларының берілуі мен синтаксистік амалдары жағынан таза 
халық тілінің үлгісінде екендігі байқалды.
В.В.Радлов, И.Березин, М.Терентьев, Я.Лютштер қазақ мате-
риалдарын жинап бастырушылардын алғашқы тобын құраса, 
өткен ғасырдың соңғы кезінде хрестоматия құрастырып, 
қазақ материалдарын жариялаушылардың келесі тобы шықты.
Олар А.Е.Алекторов
55
, А.В.Васильевтер
56
болды. А.Е.Алексан-
51
«Образцы народной литературы тюркскпх племен, живущих в южной Сибирии 
Джунгарской степи». - СПб., 1870. - Ч. III. Киргизское наречие.
52
Хрестоматия турецкая персидская, киргизская и узбекская. Составитель 
М.Терентьев. - СПб., 1876. - Кн. 2.
53
Турецкая хрестоматия», составленная И. Березиным. - Том III. - Казань, 1876.
54
Лютш Я
. Киргизская хрестоматия. -Ташкент, 1883.
55
 Алекторов А.Е.
Киргизская. хрестоматия. - Часть I. - Оренбург, 1898.
56
Васильев А.В.
Образцы киргизской народной словесности. - Вып. I. Киргизские 
сказки. - Оренбург, 1898.


414
дровтың хрестоматиясындағы материалдар – орыс тіліне ау-
даруға және оқуға арналған қазақша құрастырма текстер. 
Ал А.В.Васильевтің материалдары – «Торғай облысы қазақ-
тарынан жазылып алынған» текстер. Бұл екеуінің ұтымды бір 
қасиеті – тілдерінің тазалығы (қазақшалығы) және сөйлемдер 
құрылысының біршама дұрыс берілуі (мысалы, төмендегі 
сөйлемдерге назар аударыңыз: 
Бұрынғы уақытта бір бай бар 
екен, оның тоғыз ұлы болыпты. Бір күндер(і) бай(дың) өзі
өліпті, балалары жетім, қатыны жесір қалыпты 
(А.В.Ва-
сильев Образцы киргизской народной словесности. - Вып. I. 
Киргизские сказки. - Оренбург, 1898).
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанда патша үкі-
метінің жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары 
ретінде газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомостылармен» 
қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай газеті», 
Омбыда «Дала уалаятының газеті» «Ауыл шаруашылығы-
ның листогы» сияқты газеттер шығып отырды.
57
Бұл газеттердің ұстанған бағытын, жүргізген саясатын, 
мазмұнын сөз етпей, олардың қазақ әдеби тілінің даму про-
цесіндегі мәні қандай болды деген мәселе тұрғысынан алып 
қарағанда, бұлардың тілінен қызғылықты көп материал таба 
аламыз. Бұлар, негізінен, аударма органдар болды, яғни га-
зет орыс тілінде шығып, оның қазақшаға аударылғаны қабат 
беріліп отырды. Аудармамен қатар қазақ авторлары жазған 
төл мақалалар да басылды. Газеттің (мысалы, «Дала уалаяты 
газетінің») «Анекдот» деген рубрикасында көркем әдебиет 
үлгілері (өлең, әңгімелер) жарияланып отырды. Оның үстіне 
«Дала уалаяты газетінің» «Әдеби қосымшасы» («Литератур-
ное приложение») болды. Мұнда басылған материалдың да 
дені төл шығармалар (яғни оригиналы қазақша жазылған) бо-
лып келді.
XIX ғасырда баспа бетін көрген қазақша жазу нұсқалары-
ның үшінші тобына қазақтың ертеден келе жатқан ауыз 
әдебиетіндегі үлкен-үлкен эпостық шығармалар жатады. «Кис-
са Алпамыш», «Қисса Қамбар», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» және басқа жырлардың өткен ғасырда (көбінесе 
оның екінші жартысында) басылған варианттарында, негізінен, 
57
Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - I
том. - 464- 465-беттер.


415
халық тілінде жырланатын түрлері берілді.
58
Бұлардың тілін 
лексикасы жағынап да, грамматикасы жағынан да шығыс 
халықтары тілдерінен аударылып, түркі, араб, иран тілдерінің
қоспасында жазылған «Сал-сал», «Зарқұм», «Сейітбаттал», 
«Жұмжұма» сияқты хикая, дастандардың тілін қазақ тілімен 
қатар қоюға ешбір болмайды. Жалғыз-ақ бұларды ұқсас етіп 
көрсететін бір нәрсе – олардағы кейбір сөздердің орфография-
сы (жазылуы). Сөз басындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет