411
кейбір сүрелеріне көне өзбек (және тәжік) тілінде жазылған
түсіндірулер бар. Бұл «Тефсир» XIII ғасырда жазылған болар
деп жорамалданып жүр. Тіліне қарағанда, табылған «Тефсир»
XI-XIV ғасырлардың нұсқаларына жататын тәрізді.
47
Осы «Тефсирден» мысал келтірейік: «Дакjанус анларні
ускунда укіді, аjді:–Сізлар кімка табінурсізлар, каjу дін тутар-
сізлар,–
теб
»; «...Қоjчі анлар қа аjді: «Сізлар кімлар сізлар,
кайғару барур сізлар», –
теб
».
Бұл сөйлемдер құрылысы жағынан қазақ тілінің
деп
-ке
аяқталатын сөйлемдерінен өзгеше емес, соларға ұқсас. Де-
мек, бұл конструкция, кейбір зерттеушілер айтқанындай, Абай
енгізген жаңалық емес екендігі байқалады. Осы құбылыстың
өзі бұл мәселені өте әріден басталатын басқа түркі тілдері та-
рихына да, қазақтың өзінің ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет
нұсқаларына да үңіле отырып зерттеуді қажет етеді.
Қазақ әдеби тілінде (прозада) төл сөз категориясының
қазіргі дәрежеге жеткенге дейінгі қалыптасу процесін байқау-
да Абайдың я Ыбырайдың шығармаларының тілін немесе
басқа жазба нұсқалардың тілін зерттеудің ерекше мәні бар.
Абай шығармасынан төмендегіше құрылған сөйлемдерді
кездестіреміз:
Достарыңызбен бөлісу: