Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет162/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Жұмалиев Қ. 
Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының 
тілі. - Алматы. 1960. - 144-193-б.


393
тілі мен Ғ.Мүсрепов бір-ақ түйіп айтады: «Абай түрді түр 
үшін емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды 
етіп айту үшін іздеген... Ол мазмұнға сай түр керектігін терең 
сезінген»
13
. Абайдың тілі жайында да әркез пікір білдіріп келген 
Б.Кенжебаев та ақынның өлең құрылысын да сөз етеді
14
. Абай 
поэтикасының ерекшеліктерін арнайы сөз еткен Е.Ысмайылов 
ақын тіліндегі жаңа, көне сөздерді, кейбір сөздердің тура және 
ауыспалы мағынада қолданылуын, поэтикалық синтаксис 
мәселелерін қозғап, бірқатар мысалдар келтіреді
15
.
Абайдың тілі туралы жалпы тұжырымнан гөрі нақтылы 
талдау айту әрекеті Т.Нұртазиннің
 
мақалаларында көрінеді. 
Ақынның шеберлігіне арнаған еңбектерінде зерттеуші: әдебиет 
– көрікті мазмұн, мазмұн болғанмен, оның көркі болмаса, ол 
шығарма көкейге қонбайды деп бастап, «Абай бұрын қазақ 
поэзиясының уысына сыйып көрмеген 
өтірікті жүндей сабау, 
киер киімін ып-ықшам қылу, иығы тиісу 
тәрізді жаңа образ-
дарды, соны сөздерді, тіпті синтаксистік жаңа тәсілдерді (бір 
сөздің бірыңғаймен келіп қайталануы, жалпылауыш сөз бен 
біркелкі сөздерді жинақтау) жасады» деген түйіндерін мысал 
келтіріп дәлелдеуге ұмтылады
16
.
Сөйтіп, әдебиеттанушылар тарапынан Абай тілінің зерт-
телуі негізінен екі тұрғыда болып келгенін көреміз: бірі және 
бастысы – Абайдың қазақ әдеби тілі дамуындағы алатын орны 
мен атқарған қызметі жайында жалпы байлам айту, екіншісі 
– суреткердің сөзқолданысындағы өз қаламына тән жеке 
сәттерін көрсету мен өлең құрылысына қатысты кейбір тілдік 
элементтерді ішінара әңгімелеу.
Абай тілі жайында арнайы сөз қозғау – тіл мамандарының 
міндеті екені аян. Лингвистердің айтары – жалпы тұжырымнан 
гөрі, нақтылы талдау болмағы және хақ.
13
Мүсірепов Ғ. 
Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи рөлі //
Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 34-35-б.
14
Кенжебаев Б. 
Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен 
творчествосы. - Алматы, 1954. - 94-98-б.
15
Исмаилов Е. 
Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия 
языка и литературы. - 1945. - Вып. II.
16
Нұртазин Т. 
Абайдың ақындық шеберлігі туралы // Абайдың өмірі мен 
творчествосы. - Алматы, 1954. - 162-172-б.; Абай – көркем сөз шебері // Халық 
мұғалімі. - 1954. - № 8. - 11-16-б.


394
Қазақ тілі білімпаздарының ішінде Абайдың тілі жайында 
бірінші болып терең әрі дәлелді пікір айтып, талдау жасаған 
– Құдайберген Жұбанов. 1934 жылы жазылған «Абай – қазақ 
әдебиетінің классигі» деген кітабында
17
айтылған пікірлер 
мен талданған материалдар тек Абайдың тілін емес, жал-
пы әдебиеттегі орнын дұрыс бағалап, тану үшін зор үлес 
қосқанын, күні бүгінге дейін құнын жоймаған еңбек екенін 
атап өтуге тиіспіз.
Сөйтіп

Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30-жылдардың 
ортасынан – Қ.Жұбановтың зерттеуінен басталады да, 50-жыл-
дардың ішінде бұл мәселеге С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, 
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов тәрізді тіл мамандарының 
қатысуына байланысты едәуір жанданады.
С.Аманжолов көпшілікке арнап 1949 жылы жариялаған 
«Қазақтың әдеби тілі» лекциясынан бастап, 50-жылдар ішінде 
жарық көрген мақалалары мен «Қазақ тілі тарихы мен диалек-
тологиясы мәселелері» атты монографиясында Абайдың қазақ 
әдеби тіліндегі алатын орны мен істеген қызметін кең түрде 
сөз етеді. Зерттеуші: «Абайдан бұрынғы және тұңғыш баспа-
сөзге дейінгі (1880 жылдарға дейінгі) баспа бетін көрген 
бұйымдар, олардың ішінде алуан қиссалар да, Шортанбай, 
Дулат тәрізді ақындардың шығармалары да жалпы әдеби 
тіліміздің нағыз үлгісі бола алмайды, жазба әдебиетіміз 
«Ақмола хабары» (1880), «Дала уалаяты» атты (1894) газеттер-
ден басталады», – деген пікір айтады
18
.
С.Аманжолов Абай тілін сөз еткенде, оны диалектоло-
гия мәселесімен байланысты қарастырады. Зерттеуші «XIX 
ғасырдың II жартысында, яғни қазақтың ұлттық тілі қалыптаса 
бастаған дәуірінде оның тірек (опорный) диалектісі – солтүс-
тік-шығыс облыстардың тілі болды, Абай, Ыбырай шығарма-
лары осы өлкелердің диалектісінде жазылған» дегенді прин-
ципті түрде айтады.
19
Ғалым бұл пікірін барлық еңбектерінде 
қайталайды және өзінің ғылыми кредосы етіп ұстайды. Бұл 
тұжырым айналасында едәуір пікір талқысы болғанын білеміз. 
Ең алдымен, бұл ойды М.Әуезов қостамайды: «Абайдың сөздігі 
17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет