Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет152/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-ар
 
немесе 
-ады
 
қосымшалы түрлері-
мен қызметтес. Өткен шақ көсемшені тиянақты мүше етіп 
беру Абайдың едәуір өлеңдерінде кездеседі. Ол өлшемі жаңа 
6 буынды өлеңдерінде де, «көне көзді» 11 буындыларында да, 
аралас буындыларында да қолданылған. Мысалы, «Қызарып, 
сұрланып» өлеңінің барлық шумағы осы тәсілмен берілген:
Қызарып, сұрланып, 
Лүпілдеп 
жүрегі. 
Өзгеден 
ұрланып
Өзді-өзі керегі (I, 135).
Бұл – бір шумақ, бір күрделі синтаксистік единица. Мұнда 
көсемшеден өзге етістік тұлғасы жоқ. Келесі шумақтар да 
осындай:
Екі асық құмарлы
Бір жолдан 
қайта алмай. 
Жолықса ол зарлы
Сөз жөндеп 
айта алмай.
Аяңдап ақырын 
Жүрекпен 
алысып, 
Сыбдырын, тықырын
Көңілмен 
танысып...
тағысын тағы әрі қарай кете береді.
Абай көсемшені тиянақты қызметте бұлайша әрдайым тұтас 
өлеңде емес, көбінесе жеке шумақтарда қолданады. «Жел-
сіз түнде жарық ай» өлеңінің үш шумағының баяндауыштары
өткен шақ көсемшемен берілген де, олар ұйқасқа қатыс-
тырылған. Мұнда да көсемше – әрдайым үздіксіз болып жата-
тын қимыл-әрекетті білдіретін 
-
ар 
немесе 
-
ады
 
тұлғасына ба-
рабар.
Желсіз түнде жарық ай 
Сәулесі суда 
дірілдеп.
Ауылдың жаны – терең сай 
Тасыған өзен 
күрілдеп 
(I, 77).


370
Мұндағы етістіктер шақ категориясына бейтарап. Желсіз 
түнде жарық ай сәулесінің суда дірілдеуі, ауылдың жанындағы 
терең сайдағы өзеннің күрілдеп жататындығы – әрдайым бо-
лып тұратын табиғат құбылысы, сондықтан 
дірілдер, күрілдер 
(дірілдейді, күрілдейді) 
деп берсе де әбден болар еді.
Бұралып 
тұрып,
Буыны 
құрып,
Қисайта 
тартып 
мұрнын.
Әсемсіп, сәнсіп, 
Білгенсіп, бәлсіп
Әр нәрсенің орнын (I, 76), –
дегенде де – көсемшелер – сөйлемнің тиянақты мүшелері, 
мұнда да суреттелген адамға әрдайым тән қимыл-әрекеті 
берілген.
Үйде отырса 
салбырап,
Түзге шықса 
албырап, 
Кісіні көрсе 
қылжаңдап, 
Қалжыңшылсып 
ыржаңдап,
Өз үйінде 
қипаңдап,
Кісі үйінде 
күй таңдап 
(I, 59).
Бұл да – портрет. Сабырсыз, арсыз, еріншектің портреті. 
Етістіктер арқылы оның қимыл-әрекеті емес, қасиеті (дәлірек 
айтсақ, «қасиетсіздігі») білдірілген, ол қасиеттері – әрдайым 
соның өз бойына тән белгілер.
Абайдың 11 буынды өлеңдерінде де тиянақсыз көсемшені 
«тиянақтандыратын» сәттері бар:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр 
қағып, 
жүрсе ақырын (I, 107).
Аласы аз қара көзі айнадайын
Жүрекке ыстық 
тиіп 
салған сайын (I, 107).
Көл жағалай 
мамырлап 
қу менен қаз, 
Жұмыртқа 
іздеп, жүгіріп 
балалар мәз (І.122).
Бұларда да көсемше тұлғасы үздіксіз болып тұратын іс-
әрекетті білдіріп
-
ар, -ады
 
қосымшалы тұлғалардың дублеті 
ретінде қолданылған. Белгілі бір затқа немесе құбылысқа 
тән, үздіксіз, әрдайым болып жататын қимыл-әрекетті біл-


371
діруде Абайдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет