360
Жалпы етістік ұйқасқа зерттеушілер назары көбірек ау-
дарылып келеді. Орыс филологиясында етістік ұйқас өлеңге
динамикалық, экспрессивтік реңк беретіндігі көрсетіледі.
А.Пушкиннің «Евгений Онегиніндегі» етістік ұйқасты болып
келген кейбір шумақтарын талдай келіп, Н.С.Поспелов: «Оби-
лие глагольных рифм в строфе... придает характер яркого и
живого изображения разнообразных действий»,
128
– деген пікір
айтады. Бірақ, біздіңше, бұл қорытындыны қазақ өлеңіне тұп-
тура көшіре салуға болмайды. Қазақ (жалпы түркі) тілінің өз
табиғатына, яғни сөйлем мүшелерінің орналасуы мен оның әр
алуан тұлғаларының қызметі орыс тілінен өзгеше екендігіне
байланысты, етістік ұйқастардың күллісі өлеңге динамикалық
реңк бере бермейді.
Қазақ тіліндегі етістік ұйқастарды олардың атқаратын
стильдік қызметіне қарай біз екі топқа бөлер едік. Бірі – ашық
рай тұлғасында қолданылғандар, екіншісі – өткен шақ (-
ып
жұрнақты) көсемшенің жіктік жалғаусыз қолданылған түрлері
мен өзге райлардағы етістік тұлғалары.
Сірә, түркі поэзиясында етістік ұйқас басым болып келгені
мәлім, қазақ поэзиясына да аффиксті ұйқастар (оның ішінде,
әрине, ашық райдағы етістіктерінде) ең жиі қолданылған ұйқас
түрлері болып келген
129
. Біздің байқауымызша, ашық райдағы
етістік ұйқастар эпостық жырларда жиі қолданылады. Бұларда
белгілі бір оқиға, іс-әрекет баяндалады, демек, баяндау стилі
басым болады. Ал баяндау стилі үшін ең қолайлы және инто-
нациясы мен синтаксисі жағынан баяндау мәнеріне сай келетін
құрылыс баяндауыштың сөйлем соңында (демек, тармақ
соңында) тұруы болады. Мысалы, «Қобыланды батыр» жы-
рында белгілі бір оқиғаны (ұрысты немесе Тайбурылдың ша-
бысын, геройлардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін т.т.) баяндаған
жерлері ашық райдағы етістік ұйқастарға құрылған: «Сөзге
сынық қылдың деп» басын кесіп алмақ болған Қобыландыдан
қорқып, алдынан шыққан Құртқаның қимыл-әрекетін
баяндаған жер былайша берілген:
128
Достарыңызбен бөлісу: